Шлем тіркемесі
G:7
G:8
G:10
G:11
G:7 Шлем тіркемесін каска ұясына салып,
орнына (G:8) сырғытыңыз.
G:9 Жұмыс режимі. Құрылғыны желдету
режимінен жұмыс режиміне ауыстырып қосу
үшін, баулауыш сымдарды екі жақта да «сырт»
еткен дыбыс естілгенше басыңыз. Қақпақтар
мен байлауыш сымдары жұмыс режимінде
шлем шетін баспайтынын тексеріңіз, себебі бұл
шу кемуіне себеп болуы мүмкін.
G:10 Желдету режимі. Қақпақтарды шлемге
(G:11) қарсы қоймаңыз, себебі бұл желдетуге
кедергі келтіреді.
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
Гарнитураны бағдарламалау
Гарнитура белгілі бір конфигурациямен алдын
ала бағдарламаланған күйде келеді. Гарнитура
конфигурациясына қатысты кез келген
сұрағыңыз болса, куәландырылған рацияның
дилерімен немесе 3M техникалық қолдау
көрсету қызметімен хабарласыңыз:
• Радиотолқын жиіліктері/арналары
• Дауысты нұсқаулық тілі
• Мәзір конфигурациясы
• Қуатты басқару параметрлері
• Рация параметрлері
Батареяларды зарядтау/ауыстыру
ЕСКЕРТУ: Ұшқынға қауіпсіз үлгілер үшін тек
3M™ PELTOR™ ACK082 батареясын, 3M™
PELTOR™ AL2AH зарядтау кабелін және 3M™
PELTOR™ FR08 қуат көзін ғана пайдаланыңыз.
Ұшқынға қауіпсіз емес үлгілер үшін тек 3M™
PELTOR™ FR08 қуат көзіне қосылған 3M™
PELTOR™ AL2AI кабелімен зарядталатын 3M™
G:9
PELTOR™ ACK081 батареясын ғана
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Егер орта температурасы +45°C
немесе +113°F көрсеткішінен асса, батарея
зарядталмауы мүмкін.
ACK082 батареясын жарылғыш ортада ешқашан
ауыстырмаңыз немесе зарядтамаңыз.
ACK081 батареясы гарнитура өшірілгенде
немесе ажыратылғанда да зарядталады.
Зарядтау аяқталған кезде, жасыл диодты шам
жанады.
Батарея бөліміне қайта зарядталатын
батареяны салыңыз. Ілгішті төмен басыңыз.
ACK082 батареясын зарядтау уақыты –
шамамен 12 сағ.
ACK081 батареясын зарядтау уақыты –
шамамен 3 сағ.
Батарея зарядының төмендігін ескерту
Батарея зарядының деңгейі төмен болған кезде,
гарнитурадан дыбысты ескерту шығады. Бұл
хабар батарея зарядталғанша немесе
батареяның кернеуі өте төмен деңгейге
жеткенше және гарнитура өшкенше
қайталанады.
Автоматты қуатты өшіру
Егер 2 сағат (әдепкі мән) ішінде ешқандай
әрекет болмаса (түйме басу немесе VOX
функциясын іске қосу сияқты), гарнитура
автоматты түрде өшеді.
Құлаққап өшпес бұрын дауысты хабар мен
ескерту сигналы естіледі. Қуатты автоматты
түрде өшіру функциясын тоқтату үшін, кез келген
түймені басыңыз.
Қуатты қосу/өшіру
Гарнитураны қосу немесе өшіру үшін Қосу/
Өшіру/Режим түймесін шамамен 4 секунд бойы
дауыс хабары естілгенше басып тұрыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Дыбыс деңгейін реттеу үшін [+] және [–]
түймелерін қолданыңыз. Әдепкі бойынша, [+]
138
KZ