Descargar Imprimir esta página

Asco XM5-C25-M6-II-MXX-II Instrucciones De Puesta En Marcha Y Mantenimiento página 9

Publicidad

ОРНАТУ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
Шарғы жəне коннектор өлшемі 22/30, "SG" префиксі, шаңды орталарда
пайдалануға арналған ATEX 2014/34/EU (XM5 - C25 - M6-II - MXX-II) директивасы
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Коннекторлармен жабдықталған XM5 - C25 - M6-II - MXX-II
шарғыларын орнату жəне оған техникалық қызмет көрсету
нұсқаулықтары соленоидты клапан (SG) мен шаң жинаушы
жүйелерге (DCS/SG) арналған арнайы орнату жəне техникалық
қызмет көрсету картасына жалпы қосымша болып табылады.
Соленоидты клапан немесе DCS/SG жүйесін орнату жəне оған
техникалық қызмет көрсету үшін үнемі орнату жəне техникалық
қызмет көрсету картасының екеуін де пайдаланыңыз.
СИПАТТАМАСЫ
Маңызды денсаулық сақтау жəне қауіпсіздік талаптары:
Шарғылар 2014/34/EU Еуропа директивасының II қосымшасы
мен EN 60079-0 жəне EN 60079-31 стандарттарына сəйкес
жасалған.
II 3 D, Ex tc IIIC T 115°C Dc IP65X соленоидтарының классифи-
кациясы
II 3 D, Ex tc IIIC T 110°C Dc IP65X DCS жүйелерінің классификациясы
ОРНАТУ
Қауіпсіз пайдалану бойынша арнайы шарттар:
q
ASCO құрамдас бөлшектері шарғыда көрсетілген техникалық
сипаттардың шеңберінде ғана пайдалануға арналған. Шарғылар
мен коннекторлар 3 D санатының II тобындағы жарылыс қаупі
бар шаңды орталарда орнату үшін жасалған.
макс. АТ қуаты (Вт)
макс. ТТ қуаты (Вт)
SG
17,1
11,6
DCS/SG
10,1
22,6
беткі
мин. қоршаған
макс. қоршаған
температура
орта температурасы
орта температурасы
SG
115°C
-10°C
+50°C
DCS/SG
110°C
-10°C
+60°C
ШАРҒЫНЫ МЕХАНИКАЛЫҚ ƏСЕР ЖƏНЕ УЛЬТРАКҮЛГІН
СƏУЛЕЛЕРДЕН ҚОРҒАУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚОРҒАНЫС
ҚАЖЕТ.
Пайдаланбас бұрын, бұранданың (1) тиісті бекіту моментіне
бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Коннекторды шарғыдан бөлшектеп алу немесе шарғыға қайта
жинау əрекеттерін тек қуат көзінен ажыратып орындауға болады.
Қорғаныс режиміне сəйкес барлық тығыздауыштар тиісті орын-
дарында екенін тексеріңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ: 100% E.D. (соленоид)/ 10% E.D. (DCS/SG)
Шарғыда көрсетілген кернеу номиналды мəнінің ±10%
аралығында сақталуы тиіс.
Қуаттың таңдалған өніммен үйлесімділігін тексеріңіз
Қоршаған орта температурасына/номиналды қуатқа байла-
нысты, шарғыда көрсетілген температураға жарамды қызуға
төзімді кабельді пайдалану керек.
Орнатушы жұмысты EN 60079-14 стандартының талаптарына
сəйкес орындауы тиіс.
ЭЛЕКТРЛІК ОРНАТУ
Сымды жүргізу жұмыстары шаңды орталарда пайдаланылатын
жабдыққа қатысты жергілікті жəне мемлекеттік ережелерге
сəйкес орындалуы тиіс. XM5 - C25 - M6-II - MXX-II шарғыларымен
жабдықталған коннекторлар Ø 4,5-7 мм (22 өлшемді), Ø 4,5-10
мм (30 өлшемді) кабель енгізілетін орынға арналған кабельдік
төлкемен беріледі. (19-20 беттерді қараңыз).
Шарғыны электрлік қосылым алдында орналастырыңыз.
Шарғы клеммаларын жалғау үшін, коннектор корпусын (2)
алыңыз. Кабельдің сыртқы оқшаулауын алып, сымдарды шешіп
алыңыз. Сымдарды кабельдік төлке арқылы енгізіп, коннектор
клеммаларына жалғаңыз. Жерге тұйықтау кабелінің сымын
жерге тұйықтау клеммасына жалғаңыз. Сымдардың шамадан
тыс керілуін болдырмау үшін, кабель енгізілетін орын мен
клеммалық блок арасындағы кабельді жеткілікті түрде салбы-
райтындай етіп қалдырыңыз. Кабель тығыздауышын жинап,
эластомерлік компрессиялық тығыздауышты кабельді тығыз
орап алатындай етіп тартыңыз.
Клеммалық блоктағы корпус (2) пен тығыздауыш (3) құралының
орнын ауыстырып, бұранданы (1) арнайы айналу моментінің
жүктемесіне (А) бекітіңіз.
ЕСКЕРТУ
Шарғының номиналды электрлік ауқымы шегінен асып кетсе,
шарғы зақымдалуы немесе мерзімінен бұрын істен шығуы
мүмкін. Бұл, сондай-ақ, оны шаңды орталарда пайдалануға
берілген сертификат күшін жояды.
ЕСКЕРТУ: Өкілеттігі жоқ қызметкерге шарғы не коннектор
жинағын бөлшектеуге немесе алуға рұқсат берілмейді.
Қақпақ, клеммалық блок, тығыздауыш жəне шарғыдан тұратын
коннектор/шарғы жинағын бөлшектеу немесе қайта жинау
кезінде жанасатын беттерді зақымдамау үшін сақ болыңыз.
Дұрыс емес жинақтау сертификат күшін жояды.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Дене жарақатын алу немесе мүліктің зақымдалу қаупін бол-
дырмау үшін, шарғы мен коннектор жинағын ұстауға болмайды.
Шарғы қалыпты жұмыс жағдайларында қызуы мүмкін. Соле-
ноидты клапанға қол жеткізу оңай болса, орнатушы кездейсоқ
E.D.
тиіп кетуге қарсы қорғаныспен қамтамасыз етуі қажет.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
100%
Қызмет көрсету үшін, соленоидты клапанды орнату жəне оған
10%
техникалық қызмет көрсету нұсқаулықтарын қараңыз.
Техникалық қызмет көрсету кезінде, əрдайым EN 60079-14
стандартының талаптарын орындаңыз.
Үстіңгі бұранда мен кабельдік төлкенің айналу моменттерін
үнемі тексеріп, соңында оларды тиісті мəнге келтіріңіз.
Осы өнімдердің жинақтарына арналған ATEX таңбасы
бар түпнұсқа ASCO қосалқы бөлшек жинақтарын ғана
пайдаланыңыз (стандартты коннекторы бар шарғының ATEX
таңбасы: C1406xx. Басқаша жинау/орнату сертификатты
жарамсыз етеді. Берілген жапсырма шарғының бос жағына
жапсырылуы тиіс.
АБАЙЛАҢЫЗ: Қызмет көрсетпес бұрын, қуат көзін өшіріңіз.
СОЛЕНОИДТЫ КЛАПАН ШАРҒЫСЫ МЕН КОННЕКТОР
.
ЖИНАҒЫН БӨЛШЕКТЕУ ЖƏНЕ ҚАЙТА ЖИНАУ:
Бұл əрекетті тиісті білікті қызметкер орындауы тиіс.
Қысқышты (6) босатып, шарғы мен коннектор жинағын алыңыз.
Қайта жинау əрекетін кері ретпен орындаңыз.
Тығыздауыш (4) жəне коннектордан (2-3) тұратын шарғы (5)
мен жинақ сертификатталу мақсатында, IP65 қорғанысы үшін
толығымен қайта жиналуы тиіс.
ATEX директивасымен сертификатталған қосалқы бөлшектер
жинағын ауыстырған жағдайда, берілген жапсырма шарғының
оңай бақылануы үшін бос жағына жапсырылуы тиіс. Оператор
шарғы/коннектор жинағының клапан корпусымен үйлесімділігін
тексеруі тиіс.
Дұрыс емес жинақтау сертификат күшін жояды.
Пайдаланушы бөлшектерді ауыстырған жағдайда соңғы
өнімді бақылауға ASCO компаниясы кепілдік бермейді жəне
пайдаланушы арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.
18
KZ
Rep.
525372-001
DRAWINGS
GB
DESSINS
DIBUJO
ES
DISEGNO
TEGNINGER
NO
RITNINGAR
TEGNINGER
DK
DESENHOS
OBRÁZKY
CZ
RYSUNKI
ПОДКЛЮЧЕНИЕ
RU
СУРЕТТЕР
XM5
3 x ≤ 1,5 mm
2
C
Connector size
22
30
19
FR
ZEICHNUNGEN
DE
IT
TEKENING
NL
SE
PIIRUSTUKSET
FI
PT
GR
Ó×ÅÄÉÁ
PL
RAJZOK
HU
KZ
-
-
C25
3 x ≤ 1,5 mm
2
B
A
2
1
C
F
items
N.m
Inch.pounds
A
0,6
5,3
±0,1
±0,9
B
2,1
±0,2
18,6
±1,8
C
0,25
2,2
±
±
0,2
1,8
525372-001

Publicidad

loading