Ақаулық себебін іздеу жəне түзету
Ақаулық себебін іздеу жəне түзету
Принтер дұрыс істемейді деп ойласаңыз, алдымен төмендегі
мысалдарды қарап, принтерді тексеріңіз. Тиісті элементтер
тексерілгеннен кейін де, принтер күйі жақсармаса, клиенттік қолдау
орталығына хабарласыңыз.
Қуат
Қуат қосылмайды.
Батарея деңгейін тексеріңіз.
•
Батарея қуат алмаса, жіңішке істікпен мəжбүрлеп жабу қосқышы
•
(= 4) басып, батареяны қайтадан қуаттап көріңіз.
Қуаттау
Батареяны қуаттау мүмкін емес.
Басып шығару барысында батареяны қуаттау мүмкін емес.
•
Батареяны «Басып шығаруды күту» күйінде немесе «Қуат өшірулі»
күйінде қуаттаңыз.
Көрсетілген батарея қуаттау құралын пайдаланыңыз.
•
Батарея қуат алмаса, жіңішке істікпен мəжбүрлеп жабу қосқышы
•
(= 4) басып, батареяны қайтадан қуаттап көріңіз.
Батарея қуаты тез таусылады.
Батарея тиімділігі төмен температурада төмендейді.
•
Батарея қуатының шығыны басып шығару параметрлеріне қарай
•
артуы мүмкін.
Батарея қуаты «Басып шығаруды күту» күйінде жұмсалады. Бір рет
•
қуаттау процесімен басып шығаруға болатын парақ санын арттыру
үшін басып шығару аяқталған сайын қуатты өшірген жөн.
Қолданбада батарея қуатының шамаланған деңгейі көрсетіледі жəне
•
батарея қуаты басып шығару жағдайларына қарай тез таусылуы
мүмкін. Пайдаланғаннан кейін, батареяны тезірек қуаттаған жөн.
12