нысандардың қателікпен температуралармен
байланысқа түсуіне жол бермейді (мысалы, қатты
қызған құрылыс элементтерін іздеген кездегі
үлестіргіш шкафтағы қызыл түсті кабель). Шкаланы
жоғары қаратылған (5) және төмен қаратылған (10)
көрсеткі түймелерінің көмегімен бейімдеңіз.
Көрсетілген температуралар диапазоны термограмма
ретінде кеңейтіледі немесе азайтылады. Өлшеу
құралы минималды мен максималды
температураларды ары қарай өлшейді және оларды
шкаланың (g) соңында көрсетеді.
– <Салқын іздеуіш>
Осы өлшеу функциясында өлшемдер диапазонындағы
суығырақ температуралар ғана термограмма ретінде
көрсетіледі. Осы суығырақ температуралардан тыс
диапазон, түрлі-түсті нысандар қателікпен
температуралармен байланысқа түспеуі үшін
(мысалы, ақаулы оқшаулағышты іздеген кездегі көк
түсті терезе жақтауы), сұр реңктердегі шынайы кескін
ретінде көрсетіледі. Шкаланы жоғары қаратылған (5)
және төмен қаратылған (10) көрсеткі түймелерінің
көмегімен бейімдеңіз. Көрсетілген температуралар
диапазоны термограмма ретінде кеңейтіледі немесе
азайтылады. Өлшеу құралы минималды мен
максималды температураларды ары қарай өлшейді
және оларды шкаланың (g) соңында көрсетеді.
– <Қолмен>
Егер қатты өзгешеленетін температуралар
термограммада өлшенген болса (мысалы, жылылық
көпірлерін іздеген кездегі ыстық нысан ретіндегі
радиатор), қолжетімді түстер максималды мен
минималды температуралардың арасындағы
диапазондағы температура мәндерінің үлкен санына
үлестіріледі. Бұл дәл температура
айырмашылықтарының бұдан былай егжей-тегжейлі
көрсетілмеуіне әкелуі мүмкін. Ізделетін
температуралар диапазонының егжей-тегжейлі
көрсетіліміне қол жеткізу үшін келесідей әрекет етіңіз:
<Қолмен> режиміне ауысқаннан кейін максималды
немесе минималды температураны реттеуге болады.
Осылайша өзіңізге релевантты және
айырмашылықтарды дәлдеп анықтағыңыз келетін
температуралар диапазонын белгілеп қоюыңызға
болады. Реттеу <Шкаланы қайтару> шкаланы
автоматты түрде инфрақызыл датчиктің көру өрісіндегі
өлшенетін мәндерге қайтадан бейімдейді.
Бас мәзір
Бас мәзірге кіру үшін алдымен өлшеу функцияларын
шақыруға арналған Func түймесін (6) басыңыз. Енді оң
жақ функциялық түймені (7) басыңыз.
– <Өлшеу>
▪ <Эмиссия дәрежесі> (c)
Ең жиі өлшенетін материалдар үшін жадта бірнеше
эмиссия дәрежесі қолжетімді. <Материал> мәзір
тармағынан сәйкес материал таңдаңыз. Тиісті
эмиссия дәрежесі төмендегі жолақта көрсетіледі.
Егер өлшеу нысанынын дәл эмиссия дәрежесін
Bosch Power Tools
білсеңіз, оны <Эмиссия дәрежесі> мәзір
тармағында сандық мән ретінде де реттеуге болады.
▪ <Шағылысатын темп.> (b)
Осы параметрдің реттелуі өлшеу нәтижесін әсіресе
эмиссия дәрежесі төмен болатын материалдарда
(= жоғарырақ шағылысу) жақсарта алады. Кейбір
жағдайларда (әсіресе іште) шағылысқан
температура қоршаған орта температурасына
сәйкес келеді. Егер температурасы қатты ығысып
тұрған нысандар қатты шағылысатын нысандардың
жанында тұрып, өлшеуге әсер ете алса, осы мәнді
бейімдеу қажет болады.
– <Көрсету>
▪ <Орталық> (k)
Нүкте термограмманың ортасында көрсетіледі және
пайдаланушыға осы жердегі өлшенген температура
мәнін көрсетеді.
▪ <Ыстық нүкте> (j): <ҚОСУ>/<ӨШІРУ>
Ең ыстық нүкте (= өлшеу пикселі) термограммадағы
қызыл түсті қиылысу арқылы белгіленеді. Бұл
критикалық жерлерді (мысалы, үлестіру
шкафындағы босаған түйіспелі қысқыштарды) іздеу
әрекетін жеңілдетеді.
▪ <Салқын нүкте> (l): <ҚОСУ>/<ӨШІРУ>
Ең суық нүкте (= өлшеу пикселі) термограммадағы
көк түсті қиылысу арқылы белгіленеді. Бұл
критикалық жерлерді (мысалы, терезедегі тығыз
емес жерлерді) іздеу әрекетін жеңілдетеді.
▪ <Түс шкаласы> (g): <ҚОСУ>/<ӨШІРУ>
– <WiFi> (d): <ҚОСУ>/<ӨШІРУ>
(қараңыз „Деректерді тасымалдау", Бет 194)
– <Өлшеу құралы>
▪ <Тіл>
Осы мәзір тармағында индикаторда
пайдаланылатын тілді таңдауға болады.
▪ <Уақыт пен күн> (a)
Өлшеу құралында уақыт пен күнді өзгерту
үшін <Уақыт пен күн> ішкі мәзірін шақырыңыз.
Осы ішкі мәзірде уақыт пен күнді реттеу әрекетіне
қоса тиісті пішімдерді де өзгертуге болады.
<Уақыты> және <Күні> ішкі мәзірлерінен шығу
үшін оң жақ функциялық түймені (7) басу арқылы
реттеулерді сақтаңыз немесе сол жақ функциялық
түймені (13) басу арқылы өзгерістерден бас
тартыңыз.
▪ <Дауыс сигналдары>: <ҚОСУ>/<ӨШІРУ>
Бұл мәзір тармағында дыбыстық сигналдарды
қосуға/өшіруге болады.
▪ <Өшіру уақыты>
Осы мәзір тармағында, ешбір түйме басылмаған
жағдайда, өлшеу құралы автоматты түрде өшуі тиіс
уақыт аралығын таңдауға болады. Автоматты түрде
өшіруді <Ешқашан> реттеуін таңдау арқылы
ажыратуға да болады.
▪ <Суреттерді өшіру>
мәзір тармағында ішкі жадта сақталған барлық
файлдарды бір уақытта жоюға болады. Ішкі мәзірге
кіру үшін <Қосымша> параметріне арналған оң
Қазақ | 193
1 609 92A 6KU | (06.10.2021)