Пайдалы Кеңестер - Metabo STEB 65 Quick Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para STEB 65 Quick:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 25
kk
ҚАЗАҚША
6.4
Шаңсорғышсыз аралау
- Жоғары жылжытылған қорғаныш қалпақпен
(10) жұмыс істеңіз.
6.5
Қисық сызықты кесіктер
Қорғаныш қалпақты (10) жоғары жылжытыңыз.
Жарықшақтан қорғайтын ішпекті (7) және
сорғыш шлангіні алып тастаңыз. Аталмыш
бөліктерді қисық сызықты кесіктер жасаған
кезде пайдалану мүмкін болмайды.
- Бұранданы (4) босатыңыз.
- Бағыттауыш панельді (5) айналдырыңыз.
- Реттелген бұрышты бағыттауыш панельдің
іргесінде (18) көруге болады. Басқа бұрышты
бұрыш өлшегішінің көмегімен реттеп
шығыңыз.
- Бұранданы (4) қайтадан тартыңыз.
6.6
Қабырғалардың жанында аралау
Қорғаныш қалпақты (10), жарықшақтан
қорғайтын ішпекті (7) және айналма мен
параллель бағыттауышты алып тастаңыз.
Аталмыш бөліктерді қабырғалардың жанында
аралаған кезде пайдалану мүмкін болмайды.
- Бұранданы (4) бағыттауыш панель (5) сәл
көтерілетіндей етіп босатыңыз.
- Бағыттауыш панельді (5) сәл көтеріп,
тірелгенше артқа жылжытыңыз.
- Бұранданы (4) қайтадан тартыңыз.
7. Пайдалану
7.1
Маятниктік жүрісті реттеу
Реттегіш иінтіректің (6) көмегімен қажетті
маятниктік жүрісті реттеп шығыңыз.
«0» күйі = маятниктік жүріс өшірулі
. . .
«III» = максималды маятниктік жүріс
Ұсынылатын реттеу мәндерін 3-беттен
қараңыз.
Оңтайлы мәндерді тәжірибе әдісімен анықтаған
жөн.
7.2
Максималды жүрістер санын реттеу
Максималды жүрістер саны реттегіш
дөңгелектің (11) көмегімен реттеледі. Бұл
әрекетті жұмыс барысында да орындауға
болады.
Ұсынылатын реттеу мәндерін 3-беттен
қараңыз.
Оңтайлы мәндерді тәжірибе әдісімен анықтаған
жөн.
7.3
Қосу/өшіру, үздіксіз жұмыс режимі
Қосу:батырма ауыстырып-қосқышты (12)
басыңыз.
Өшіру:батырма ауыстырып-қосқышты (12)
жіберіңіз.
Үздіксіз жұмыс режимі:үздіксіз жұмыс режимі
үшін басылған батырма ауыстырып-қосқышты
(12) бекіткіш түймемен (13) бұғаттауға
68
болады.Өшіру үшін батырма ауыстырып-
қосқышты (12) қайтадан басыңыз.
Үздіксіз жұмыс режимінде аспап қолдан
түсірілген жағдайда да ары қарай жұмыс
істейді. Сондықтан әрдайым аспапты екі қолмен
арнайы тұтқышынан ұстаңыз, тұрақты қалыпта
тұрыңыз және бар назарыңызды орындалатын
жұмысқа аударыңыз.
8. Тазалау, техникалық қызмет
көрсету
Аспапты жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Бұл
ретте қозғалтқыштағы желдету саңылауларын
шаңсорғышпен тазалап шығыңыз.
Ара төсемінің қысқыш құрылғысын сығылған
ауамен жүйелі түрде әрі мұқият үрлеп
тазартыңыз.
Қажет болса, ара төсемі тіреуіш ролигінің (2)
артындағы саңылауларды тазалаңыз.
Ара төсемінің тіреуіш ролигін (2) бір тамшы
маймен мезгіл-мезгіл майлаңыз.
9. Пайдалы кеңестер
Кірекесу
Жұқа, жұмсақ дайындамалар жағдайында жұқа
қол ара төсемімен алдын ала саңылауды
бұрғылаусыз дайындамада кірекесуге болады.
Тек қысқа ара төсемдерін пайдаланыңыз. Тек 0°
бұрыш реттеуінде.
2-беттегі суретті қараңыз. Реттегіш иінтіректі (6)
«0» күйіне орнатыңыз (маятниктік жүріс
өшірулі). Жұқа қол араны бағыттауыш
панельдің (5) алдыңғы жиегімен дайындамаға
орналастырыңыз. Жұмыс істеп тұрған жұқа қол
араны жақсылап ұстап, баяу төмен бағыттаңыз.
Ара төсемі кесіп алғаннан кейін, маятниктік
жүрісті қосуға болады.
Қалыңдау дайындамалар жағдайында алдымен
ара төсемін енгізуге болатын саңылауды
бұрғылау керек.
10. Керек-жарақтар
Тек қана түпнұсқа Metabo керек-жарақтарын
қолданыңыз.
Тек қана осы пайдалану бойынша нұсқаулықта
келтірілген талаптар мен сипаттарға сай келетін
керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
Керек-жарақтарды берік бекітіңіз. Аспап
ұстағыш ішінде пайдаланылған жағдайда:
аспапты берік бекітіңіз. Бақылау мүмкіндігінен
айырылсаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін.
4-бетті қараңыз.
A Айналма мен параллель бағыттауыш
B Қорғаныш панель (сезімтал дайындама
беттерінің сызаттануына жол бермейді)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido