Жеке Қауіпсіздік - Dexter 20VID3-60BLA.1 Instrucciones Legales Y De Seguridad

Taladro percutor sin escobillas y sin cable
Ocultar thumbs Ver también para 20VID3-60BLA.1:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 21
2. ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ
ЕСКЕРТУЛЕР
f) Ылғал жерде электр құралын пайдалануға тура келсе, қорғанысты өшіру
құрылғысымен (ҚӨҚ) қорғалған жабдықты пайдаланыңыз. ҚӨҚ құрылғысын
пайдаланғанда, электр тогының соғу қаупі азаяды.
3) ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК
a) Электр құралын пайдаланған кезде абай болыңыз, іс-әрекетіңізге
байыптылықпен қарап, зейін қойыңыз. Шаршап тұрсаңыз немесе
есірткі, ішімдік не дәрі-дәрмек қабылдаған болсаңыз, электр құралын
пайдаланбаңыз. Электр құралдарын пайдаланған кезде, зейін қоймау салдарынан
ауыр дене жарақатын алуыңыз мүмкін.
b) Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Қорғаныс көзілдірігін үнемі
тағып жүріңіз. Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын арнайы аяқ-киім, берік
каска немесе есту мүшесін қорғайтын құрал сияқты қорғаныс жабдығын сәйкес
жағдайларда пайдаланғанда жеке жарақат алу қаупі азаяды.
c) Электр құралының абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз. Қуат көзіне
және/немесе батареяға қоспас бұрын, құралды жинамай не тасымалдамай
тұрып, ауыстырып-қосқыштың өшірулі күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр
құралдарын ауыстырып-қосқышынан ұстап тасымалдау немесе ауыстырып-
қосқыш қосулы күйде қуаттандыру салдарынан оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін.
d) Электр құралын іске қоспас бұрын, реттегіш кілттер мен сомынды бұрайтын
кілттерді алып тастаңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде бекітулі күйде
қалған реттегіш кілт немесе сомынды бұрайтын кілт дене жарақатына әкелуі
мүмкін.
e) Құралға қарай қатты ұмтылмаңыз. Үнемі тұрақты қалыпта тұрыңыз және
тепе-теңдік сақтаңыз. Бұл кездейсоқ жағдайларда электр құралын дұрыс
басқаруға мүмкіндік береді.
f) Тиісті түрде киініңіз. Кең киім кимеңіз немесе әшекей тақпаңыз. Шашыңызды,
киіміңізді және қолғабыңызды жылжымалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз.
Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
g) Құралдармен бірге шаң сору және шаң жинау жүйесі қамтамасыз
етілсе, олардың дұрыс жалғанып, пайдаланылатынына көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыштарды пайдалану шаңға қатысты қауіптерді азайтады.
h) Құралды жиі пайдалану нәтижесінде босаңсып, қауіпсіздік қағидаларын
елеусіз қалдырмаңыз. Салғырттық таныту бір мезетте ауыр жарақатқа әкеп
соқтыруы мүмкін.
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
EN
135

Publicidad

Tabla de contenido

Solución de problemas

loading

Tabla de contenido