Теледидарға немесе СКД
Мониторға сүйенбеңіз
немесе асылып
тұрмаңыз.
Теледидарға немесе СКД Мониторға
сүйенсеңіз не асылып тұрсаңыз, ол сізге
құлап, ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Осы алдын алу шаралары сақталмаса,
жарақат алуыңыз немесе мүлік
зақымдануы мүмкін.
Пайдаланылмаған бөліктерді болашақта
пайдалану үшін қауіпсіз жерге сақтап
қойыңыз.
Оларды балалардан аулақ ұстаңыз.
Құрылғыны тазалау не
оған күтім жасау кезінде
қатты күш салмаңыз.
Теледидардың немесе СКД Монитордың
жоғарғы бөлігіне қатты күш салмаңыз. Егер
солай істейтін болсаңыз, теледидар немесе
СКД Монитор құлауы немесе мүліктің
зақымдануы мүмкін.
Алдын алу
шаралары
Қабырғаға бекіту кронштейніне
орнатылған теледидарды немесе СКД
мониторды ұзақ уақыт бойы
пайдалансаңыз, қабырғаның
материалына байланысты теледидар
немесе СКД монитор артындағы не
үстіндегі түс өзгеруі немесе тұсқағаздың
түсі кетуі мүмкін.
Қабырғаға бекіту кронштейнін
орнатқаннан кейін қайта алсаңыз,
қабырғада бұранда саңылаулары қалады.
Қабырғаға бекіту кронштейнін
механикалық тербеліс əсер ететін орында
пайдаланбаңыз.
Қабырғаға бекіту
кронштейнін орнату
Sony дилерлері үшін
ЕСКЕРТУ
Келесі нұсқаулар тек Sony дилерлеріне
арналған. Жоғарыда берілген алдын
алу шараларын оқып шығыңыз жəне
осы құрылғыны орнату, оған күтім
жасау, оны тексеру кезінде аса назар
аударыңыз.
Қабырғаға бекіту
кронштейнін
теледидардың немесе
СКД Монитордың
бұрыштары не қапталы
қабырға бетінен шығып
тұратын орындарға
орнатпаңыз.
Қабырғаға бекіту кронштейнін
теледидардың немесе СКД Монитордың
бұрыштары не қапталы қабырға бетінен
шығып тұратын баған секілді орындарға
орнатпаңыз. Адам немесе басқа зат
теледидардың немесе СКД Монитордың
шығып тұған бұрышына не қапталына
соқса, ол жарақат алуы немесе мүлік
зақымдануы мүмкін.
Теледидарды немесе
СКД Мониторды
салқындатқыштың
үстіне не астына
орнатпаңыз.
Теледидарға немесе СКД Мониторға
салқындатқыштан ұзақ уақыт бойы су
тамшылары ақса не салқын ауа соқса, ол
өртке, ток соғуға немесе теледидардың
немесе СКД Монитордың дұрыс жұмыс
істемеуіне əкелуі мүмкін.
Қабырғаға бекіту
кронштейнін осы
пайдалану
нұсқаулығына сүйене
отырып мықтап
бекітіңіз.
Бұрандалардың бірі жоғалып не түсіп қалған
болса, қабырғаға бекіту кронштейні құлап,
жарақатқа немесе мүліктің зақымдануына
əкелуі мүмкін. Қабырғаның материалына
сай бұрандаларды пайдаланыңыз жəне
диаметрі 8 мм (немесе ұқсас) болатын төрт
не одан да көп бұрандаларды пайдалана
отырып құралды мықтап бекітіңіз.
− 4 (KZ) −
Берілген бұрандалар
мен бекіту
бөлшектерін осы
нұсқаулықтағы
нұсқауларға сүйене
отырып дұрыс
пайдаланыңыз.
Қосалқы элементтерді
пайдалансаңыз,
теледидар немесе
СКД Монитор құлап,
біреуге дене
жарақатын салуы
немесе теледидарды
немесе СКД
Мониторды
зақымдауы мүмкін.
Нұсқаулықта берілген
процедураларға сүйене
отырып кронштейнді
дұрыстап
құрастырыңыз.
Бұрандалардың бірі жоғалса немесе түсіп
қалған болса, теледидар немесе СКД
Монитор құлап, біреуге дене жарақатын
салуы немесе теледидарды немесе СКД
Мониторды зақымдауы мүмкін.
Бұрандалар көрсетілген
орында мықтап бекітілуі
керек.
Осылай орындалмаса, теледидар немесе
СКД Монитор құлап, біреуге дене
жарақатын салуы немесе теледидарды
немесе СКД Мониторды зақымдауы мүмкін.
Орнату кезінде
теледидарды немесе
СКД Мониторды соғып
алмаңыз.
Теледидарды немесе СКД Мониторды
соғып алсаңыз, ол құлауы немесе сынуы
мүмкін. Бұдан жарақат алуыңыз мүмкін.
Теледидарды немесе
СКД Мониторды
қабырға мен еденге
перпендикуляр
болатындай етіп орнату
керек.
Егер солай болмаса, теледидар немесе
СКД Монитор құлауы немесе жарақат
алуыңыз мүмкін.