ҚАЗАҚША (Түпнұсқа нұсқаулар)
КІРІСПЕ
Бұл бөлшекті Makita компаниясының келесі үш
тәртіпті перфораторы пайдаланады және олар
бұрғылау кезінде цемент шаңын шығаруға арналған.
HR007G
GRH07
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
Бұл шаң тұту жүйесін электр құралымен бірге
пайдаланар алдында, электр құралымен
берілген барлық қауіпсіздік ескертулерін,
нұсқауларды, суреттерді және техникалық
сипаттамаларды оқып шығыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
•
Шаң тұту жүйесі тек бетонды бұрғылауға
арналған. Шаң тұту жүйесін металл немесе
ағашты бұрғылау үшін пайдаланбаңыз.
•
Құралмен кез келген жұмыс істемес бұрын,
әрдайым құралдың өшірулі екендігіне және
аккумулятор картриджінің алынғанына көз
жеткізіңіз.
•
Құралды шаң тұту жүйесімен пайдалану
кезінде шаң жұту қаупін болдырмау үшін
шаң тұту жүйесіне сүзгі орнатыңыз.
•
Шаң тұту жүйесін пайдаланар алдында
сүзгінің зақымдалмағанын тексеріңіз. Мұны
орындамау шаң жұту қаупіне алып келуі мүмкін.
Шаң тұту жүйесін ылғалды бетон үшін
•
пайдаланбаңыз немесе бұл жүйені ылғалды
ортада пайдаланыңыз. Мұны орындамау
ақауға алып келуі мүмкін.
•
Саптаманы бағыттауышты реттеу түймесін
басу арқылы босатқан кезде, оны өзіңізге
немесе басқа адамдарға қаратпаңыз.
•
Денсаулыққа қауіп төндіретін
материалдармен жұмыс істеуге қатысты
мемлекеттік заңдар, ережелер мен
нормалардың талаптарын әрдайым
орындауыңыз қажет.
Шаңжинағыш корпусын босатқан
•
кезде тыныс алу жолдарын қорғайтын
құралдарды қолданыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Шаң тұту жүйесін бағаналы бұрғылау
•
немесе қашау үшін пайдаланбаңыз.
•
Шаң тұту жүйесін орнатар алдында, бекіту
нүктелері мен электр құралының өзінде
шаң мен бөгде заттардың жоқ болғанын
тексеріңіз. Шаң тұту жүйесін орнатқаннан
кейін, әрдайым оның берік орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
•
Тазалау кезінде сүзгі бөліміне қолыңызды
тигізбеңіз.
Сүзгі бөлімін щеткамен немесе ауадағы
•
шаңды кетіргішпен тазалауға болмайды.
Щетка немесе сығылған ауа сүзгіні зақымдауы
мүмкін.
•
Жанармайды, бензинді, сұйылтқышты,
спиртті немесе соған ұқсас заттарды
ешқашан пайдаланбаңыз. Нәтижесінде
түссіздену, бүліну немесе жарықтар пайда
болуына әкелуі мүмкін.
ҚҰРАСТЫРУ
Шаң тұту жүйесін орнату
1.
Құлып ілмегін құлпы ашылған күйге көтерген
кезде ауа құбырының қақпағын мотор корпусынан
сырғытып шығарыңыз.
► Сурет1: 1. Ауа құбырының қақпағы 2. Құлып
ілмегі
2.
Беріліс корпусының төменгі бетінде орналасқан
бағыттауыш ойықтарды орнында құлыпталғанша
шаң тұту жүйесінің жоғарғы бетінде орналасқан
бағыттаушы жылжымалардың үстінен сырғыту
арқылы құралды шаң тұту жүйесіне орнатыңыз.
► Сурет2: 1. Бағыттауыш ойықтар 2. Бағыттаушы
жылжымалар 3. Шаң тұту жүйесі
Шаң тұту жүйесін шешіп алу
1.
Құралды шаң тұту жүйесінен шешіп алу үшін
шаң тұту жүйесіндегі құлыпты ашу түймесін басып
тұрып, құралды сырғытып шығарыңыз.
► Сурет3: 1. Шаң тұту жүйесі 2. Құлыпты ашу
түймесі
2.
Ауа құбырының қақпағын орнында
құлыпталғанша беріліс корпусындағы бағыттауыш
ойықтардың бойымен сырғытыңыз.
► Сурет4: 1. Ауа құбырының қақпағы
2. Бағыттауыш ойықтар
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
құралдан ажыратқаннан кейін, ауа құбырының
қақпағын қайтадан ауа құбырына салып
қойыңыз. Ауа құбырының қақпағы орнына
салынбаса, бұл құралдың жұмысына кері әсерін
тигізуі мүмкін.
82 ҚАЗАҚША
Шаң тұту жүйесін