ПАЙДАЛАНУ
Шаң тұту жүйесіндегі саптама күйін
реттеу
Бағыттауышты реттеу түймесін басып тұрып,
саптама бағыттауышын ішке және сыртқа
қарай сырғытыңыз, содан кейін ұштықтың ұшы
саптаманың алдыңғы бетінің дәл артында орныққан
күйде түймені босатыңыз.
► Сурет5: 1. Бағыттауыш 2. Бағыттауышты
реттеу түймесі 3. Ұштықтың ұшы
4. Саптаманың алдынғы беті
ЕСКЕРТПЕ: Саптама орналасуын реттеудің
алдында бағыттауышты реттеу түймесін басып,
саптама бағыттауышының керілісін босатыңыз
және оны толық кеңейтілген күйде босатып
қойыңыз.
Бұрғылау тереңдігін реттеу
Тереңдікті реттеу түймесі мен саптама
бағыттауышының артқы шеті арасындағы
ұзындықты өзгерту арқылы бұрғылау тереңдігін
реттеуге болады. Тереңдікті реттеу түймесін басып
тұрып, оны қажетті күйге сырғытыңыз.
► Сурет6: 1. Тереңдікті реттеу түймесі 2. Саптама
бағыттауышы 3. Бұрғылау тереңдігі
Сүзгідегі шаңды қағу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
шаң тұту жүйесінен алынған кезде, ондағы
дөңгелекті бұрамаңыз. Бұл әрекет шаң жұту
қаупіне алып келуі мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
корпусындағы дөңгелекті бұру кезінде
құралды әрдайым өшіріңіз. Құрал қосулы кезде
дөңгелекті бұру құралды басқару мүмкіндігінің
жоғалуына алып келуі мүмкін.
► Сурет7: 1. Шаңжинағыш корпусы 2. Дөңгелек
реттегіш
Шаңды кетіру
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
маска киюді естен шығармаңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
толмас бұрын, оны жүйелі түрде босатып
түрыңыз. Әйтпесе шаң жинау өнімділігі төмендеп,
шаң жұту қаупі орын алуы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
корпусындағы сүзгі бітелсе, шаң жинау
өнімділігі төмендейді. Шамамен 200 рет
шаң өткізгеннен кейін сүзгіні жаңасына
ауыстырыңыз. Мұны орындамау шаң жұту
қаупіне алып келуі мүмкін.
Шаңжинағыш корпусы
Шаңжинағыш
Шаңды кетіру кезінде
Шаңжинағыш корпусы
Шаңжинағыш
1.
Шаңжинағыш корпусының ысырма тетігін төмен
басып тұрып, шаңжинағыш корпусын алып тастаңыз.
► Сурет8: 1. Ысырма тетігі
2.
Құлып ілмегін сыртқа қарай сәл көтеріп,
шаңнан қорғайтын қақпақты ашыңыз.
► Сурет9: 1. Корпустың шаңнан қорғайтын қақпағы
2. Құлып ілмегі
3.
Шаңды кетіріп, содан соң сүзгіні тазалаңыз.
► Сурет10
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
шаңды кетіру үшін сүзгі корпусын қолмен
ақырын қағыңыз. Сүзгіні тікелей қақпай,
қылшақпен немесе соған ұқсас затпен түртіңіз
немесе сүзгіні сығылған ауамен үрлеңіз. Кері
жағдайда сүзгіге зақым келуі мүмкін.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
Шаңжинағыш корпусының сүзгісін
ауыстыру
1.
Шаңжинағыш корпусының ысырма тетігін төмен
басып тұрып, шаңжинағыш корпусын алып тастаңыз.
► Сурет11: 1. Ысырма тетігі
2.
Құлып ілмегін сыртқа қарай сәл көтеріп,
шаңнан қорғайтын қақпақты ашыңыз.
► Сурет12: 1. Корпустың шаңнан қорғайтын
қақпағы 2. Құлып ілмегі
3.
Жүзі тегіс бұрама шеге бұрағышын сүзгі
корпусы мен шаңнан қорғайтын қақпақтың арасына
суретте көрсетілгендей кіргізіңіз. Сүзгі корпусының
бүйірлік қабырғаларын ішке қарай басып, жүзі тегіс
бұрама шеге бұрағышының көмегімен сүзгі корпусын
көтеріңіз.
► Сурет13: 1. Жүзі тегіс бұрама шегені бұрағыш
2. Сүзгі корпусы 3. Корпустың шаңнан
қорғайтын қақпағы
4.
Сүзгіні суретте көрсетілгендей итеріп, сүзгі
корпусынан шығарыңыз.
► Сурет14: 1. Сүзгі 2. Сүзгі корпусы
5.
Сүзгі корпусына жаңа сүзгі салыңыз. Сүзгі
корпусын шаңжинағыш корпусына орнатып,
сүзгі корпусындағы бағыттауыш дөңес бөлікті
шаңжинағыш корпусындағы ойықпен туралаңыз.
► Сурет15: 1. Бағыттауыш дөңес бөлік 2. Ойық
6.
Шаңжинағыш корпусының қақпағын жауып,
шаңжинағыш корпусын шаң тұту жүйесіне қайта
орнатыңыз.
83 ҚАЗАҚША
Сүзгіні тазалау кезінде