Descargar Imprimir esta página

Пайдалану Түрлері; Пайдалануға Ендіру; Пайдаланушы Интерфейсі - Bosch GST 18V-155 SC Professional Manual Original

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 37
202 | Қазақ
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын,
аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін
материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (22) тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
0 деңгейі
Тербеліс жоқ
I деңгей
Кіші тербеліс
II деңгей
Орташа тербеліс
III деңгей (MAX)
Үлкен тербеліс
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс деңгейін тәжірибе
әдісімен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды
ескеріңіз:
– Кесік жиек қаншалықты жұқа әрі таза болуы қажет
болса, тербеліс деңгейін соншалықты төмен таңдаңыз
немесе тербелісті толығымен өшіріңіз.
– Жұқа заттектерді (мысалы, металды) өңдегенде
тербелісті өшіріңіз.
– Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші
тербелісті реттеңіз.
– Жұмсақ материалдарда және ағашты аралаған кезде
максималды тербеліспен жұмыс істеуге болады.
Жоңқа үрлеу құрылғысы
Жоңқа үрлеу жабдығыдан ауа ағынымен кесік сызығын
жоңқалардан бос сақтауға болады.
Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын қосу: ағаш, пластик
және т.с.с. бойынша үлкен шаң көлемін тудыратын
жұмыстар үшін қосқышты (23) I позициясына итеріңіз.
Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын өшіру: металл
бойынша және өшірулі шаңсорғышпен жұмыс істеу үшін
қосқышты (23) 0 позициясына итеріңіз.
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру  (GST 18V‑155 SC)
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын қосу үшін оң немесе сол жақ
ажыратқышты (21) тірелгенше алға жылжытып, содан
кейін жіберіңіз.
1 609 92A 6Y3 | (27.07.2022)
Нұсқау: қосқан кезде кенет қосылудың алдын алу үшін
ажыратқышты (21) өшіргенге қарағанда сәл ұзақ алға
қарай итеру қажет.
Электр құралын өшіру үшін оң немесе сол жақ
ажыратқышты (21) қайтадан тірелгенше алға жылжытып,
содан кейін жіберіңіз.
Қосу/өшіру және жүріс санын басқару
(GST 18V‑155 BC)
Электр құралын қосу үшін алдымен 
жанындағы іске қосылудан қорғайтын құлыпты (25)
басыңыз және оны ажыратыңыз. Содан кейін
ажыратқышты (21) басып тұрыңыз.
Қосқышты/өшіргішті (21) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (21) жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Максималды жүріс саны пайдаланушы интерфейсінде
реттелетін жүріс санының деңгейіне байланысты.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (21) жіберіңіз.
Іске қосылудан қорғайтын құлыпты (25) іске қосу үшін 
белгісінің жанындағы іске қосылудан қорғайтын құлыпты
басыңыз.
Соғылу кезіндегі өшіру жүйесі
Кіріктірілген соғылу кезіндегі өшіру жүйесі жерге құлап
түскен электр құралын өшіреді.
Егер соғылу кезіндегі өшіру жүйесі іске қосылса, күй
индикаторы (5) қызыл түспен жыпылықтайды. Өшіру
себебі туралы ақпаратты Bosch Toolbox қолданбасынан
қараңыз.
Элект құралын қайта қосу:
– GST 18V‑155 SC: оң немесе сол жақ
ажыратқышты (21) екі рет тірелгенше алға
жылжытып, содан кейін жіберіңіз.
– GST 18V‑155 BC: ажыратқышты (21) басып тұрыңыз.
Соғылу кезіндегі өшіру жүйесін Bosch Toolbox
қолданбасы арқылы ажыратуға болады.
Пайдаланушы интерфейсі
Пайдаланушы интерфейсі мына мақсаттар үшін
пайдаланылады:
– электр құралының күйін көрсету
– жұмыс шамын қосу/өшіру
– жүріс санын алдын ала таңдау/басқару
– ASC жүйесін жүріс санының 6-деңгейінде басқару
үшін (GST 18V‑155 SC, әдепкі реттеу күйінде)
– қолданбадағы ескертулерді көрсету үшін
(температураға байланысты артық жүктемеден
қорғаныс, соғылу кезіндегі өшіру жүйесі)
белгісінің
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gst 18v-155 bc professional