Descargar Imprimir esta página

STERWINS 20VGSS2-2IN1.1 Instrucciones De Montaje página 148

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 24
2.3 ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
A) Электр құралының ашалары
розеткаға сәйкес келуі қажет. Ашаны
еш уақытта өзгертпеңіз. Ешқандай
адаптер штепсельдерін жерге
тұйықталған электр құралдарымен бірге
пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген ашалар
мен сәйкес келетін розеткалар электр
тогының соғу қаупін азайтады.
B) Құбырлар, радиаторлар, газ плиталары
және тоңазытқыштар сияқты жерге
тұйықталған заттарға денеңізді
тигізбеңіз. Денеңіз жерге тұйықталған
заттармен жанасса, электр тогының соғу
қаупі артады.
C) Электр құралдарын жаңбырдан және
ылғалдан сақтаңыз. Электр құралына су
кірсе, электр тогының соғу қаупі артады.
2.4 ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК
A) Электр құралын пайдаланған
кезде абай болыңыз, іс-әрекетіңізге
байыптылықпен қарап, зейін қойыңыз.
Шаршап тұрсаңыз немесе есірткі, ішімдік
не дәрі-дәрмек қабылдаған болсаңыз,
электр құралын пайдаланбаңыз. Электр
құралдарын пайдаланған кезде, зейін
қоймау салдарынан ауыр дене жарақатын
алуыңыз мүмкін.
B) Жеке қорғаныс жабдығын
пайдаланыңыз. Қорғаныс көзілдірігін
үнемі тағып жүріңіз. Шаңнан қорғайтын
маска, сырғанамайтын арнайы аяқ-
киім, берік каска немесе есту мүшесін
қорғайтын құрал сияқты қорғаныс
жабдығын сәйкес жағдайларда
пайдаланғанда жеке жарақат алу қаупі
азаяды.
D) Сымды тек орнымен пайдаланыңыз.
Электр құралының сымын оны
тасымалдау, тарту немесе қуат көзінен
ажырату үшін пайдаланбаңыз. Сымды
жоғары температурадан, майдан,
өткір шеттерден немесе жылжымалы
бөлшектерден алшақ ұстаңыз.
Зақымдалған немесе шатасқан сымдар
электр тогының соғу қаупін арттырады.
E) Электр құралын далада пайдаланған
кезде, далада пайдалануға жарамды
ұзартқыш сымды пайдаланыңыз.
Далада пайдалануға арналған сымды
пайдаланғанда, электр тогының соғу қаупі
азаяды.
F) Ылғал жерде электр құралын
пайдалануға тура келсе, қорғанысты
өшіру құрылғысымен (ҚӨҚ) қорғалған
жабдықты пайдаланыңыз. ҚӨҚ
құрылғысын пайдаланғанда, электр
тогының соғу қаупі азаяды.
C) Электр құралының абайсызда іске
қосылуына жол бермеңіз. Қуат көзіне
және/немесе батареяға қоспас бұрын,
құралды жинамай не тасымалдамай
тұрып, ауыстырып-қосқыштың өшірулі
күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр
құралдарын ауыстырып-қосқышынан
ұстап тасымалдау немесе ауыстырып-
қосқыш қосулы күйде қуаттандыру
салдарынан оқыс оқиғалар орын алуы
мүмкін.
D) Электр құралын іске қоспас бұрын,
реттегіш кілттер мен сомынды бұрайтын
кілттерді алып тастаңыз. Электр
құралының айналатын бөлігінде бекітулі
күйде қалған реттегіш кілт немесе
сомынды бұрайтын кілт дене жарақатына
әкелуі мүмкін.
E) Қатты күш жұмсамаңыз. Үнемі тұрақты
қалыпта тұрыңыз және тепе-теңдік
сақтаңыз. Бұл кездейсоқ жағдайларда
электр құралын дұрыс басқаруға
мүмкіндік береді.
147
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
EN

Publicidad

loading