Descargar Imprimir esta página

Bosch 06019C3300 Manual Original página 183

Ocultar thumbs Ver también para 06019C3300:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 36
Пайдалану
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
u
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты
u
шаңсорғыштың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В деп белгіленген
зарядтау құралдарын 220 В шамасында да
пайдалануға болады.
Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар бойынша
u
қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет
алыңыз.
Шаңсорғышты төмендегі материалдарды сору үшін
пайдалануға болады:
3
– Шектік мәні ≥ 0,1 мг/м
болған шаң
Шаңсорғышты ешқашан жарылу қаупі бар аймақтарда
пайдаланбаңыз.
Оңтайлы сору қуатын қамтамасыз ету үшін сорғыш
шлангіні (27) шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінен (13)
толық алыңыз.
Құрғақ сору
Жиналған шаңды сору
– Ауа ағынын реттегішті (6) пайдаланылған шланг
диаметріне сай реттеңіз.
– Шаңсорғышты іске қосу үшін, жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (7)
"Cору" белгісіне жылжытыңыз.
– Шаңсорғышты өшіру үшін, жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (7)
"Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.
Шаңсорғыш ауа ағынын бақылау құралымен
жабдықталған. Ауа ағынын бақылау құралы "Сору" жұмыс
режимінде 20 м/с шамасына реттелген, бұл ауа ағынын
реттегіштің (6) күйіне байланысты болмайды.
Егер бұл мән төмендесе, мысалы, сорғыш шлангідегі
сорылған, толған шаң қабы немесе қосылған жалпақ
қатпарлы сүзгі себебінен, дыбыстық сигнал беріледі. Бұл
жағдайда шаңсорғышты өшіріп, "Ақаулықтарды жою"
тарауында сипатталғандай тексеріңіз.
Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан
шаңды сору (G суретін қараңыз)
Ауа бөлмеге шықса бөлмеде жетерлік ауа алмасу
u
көрсеткіші (L) болуы керек. Тиісті заңдарға назар
аударыңыз.
Шаңсорғышқа жерге қосылған розетка (5) кіріктірілген.
Осы жерге сыртқы электр құралын жалғауға болады.
Жалғанған электр құралының максималды рұқсат етілген
қосылым қуатына назар аударыңыз.
Bosch Power Tools
Сору орнында жеткілікті шаңның тасымалдануын
қамтамасыз ету үшін ауа ағыны қосылған электр құралы
үшін минималды ауа ағынынан кем болмауы керек.
Шланг диаметрі
Ауа ағынының реттелген
35 мм
22 мм
15 мм
– Ауа ағынын реттегішті (6) пайдаланылған шланг
диаметріне сай реттеңіз.
– Сору адаптерін (25) орнатыңыз (қараңыз „Сору
адаптерін орнату", Бет 182).
– Сору адаптерін (25) электр құралының сору штуцеріне
салыңыз.
Нұсқау: сорғыш шлангіге ауа кірісі аз болған электр
құралдарымен жұмыс істегенде (мысалы, жұқа ара,
ажарлағыш т.б.), қосымша ауа саңылауы (26) сору
адаптерінде (25) ашық болуы тиіс. Тек осылайша сүзгіні
автоматты түрде тазалау функциясы ақаусыз жұмыс істеуі
мүмкін.
Ол үшін қосымша ауа саңылауының (26) үстіндегі
сақинаны саңылау барынша ашылғанша бұраңыз.
– Шаңсорғыштың іске қосу/тоқтату
автоматикасын іске қосу үшін жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (7)
"Іске қосу/тоқтату автоматикасы"
белгісіне орнатыңыз.
Осы жұмыс режимінде ауа ағыны
реттегіштегі (6) параметрге сәйкес
электрондық түрде бақыланады. Дұрыс
таңдалған параметрде жеткілікті шаң
тасымалдануы қамтамасыз етіледі.
– Шаңсорғышты қолданысқа енгізу үшін розеткаға (5)
жалғанған электр құралын іске қосыңыз. Шаңсорғыш
автоматты түрде іске қосылады.
– Электр құралын өшіріп, соруды тоқтатыңыз.
Іске қосу/тоқтату автоматикасы сорғыш шлангіде
қалған шаңды сорып шығару үшін 15 секундқа дейін
қосымша жұмыс істейді.
– Шаңсорғышты өшіру үшін, жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (7)
"Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.
Егер дыбыстық сигнал берілсе, шаңсорғышты
"Ақаулықтарды жою" тарауында сипатталғандай тексеру
керек.
Ылғалды шаң сору (H суретін қараңыз)
Шаңсорғышпен бензин, май, алкоголь, еріткіштер
u
сияқты жанғыш немесе жарылатын
сұйықтықтарды сормаңыз. Ыстық немесе жанатын
шаңдарды сормаңыз. Жарылу қаупі бар
бөлмелерде шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Шаңдар, булар немесе сұйықтықтар жануы немесе
жарылуы мүмкін.
Қазақ | 183
мәні
3
57,9 м
/сағ
3
41,2 м
/сағ
3
12,7 м
/сағ
1 609 92A 6R5 | (02.09.2021)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gas 55 m afc professional