Descargar Imprimir esta página

Stihl RME 339.0 C Manual De Instrucciones página 341

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 62
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
4.3
Пайдаланушыға қойылатын
талаптар
Сақтандыру
■ Біліксіз пайдаланушылар көгалшапқыш
тәуекелдерін анықтай алмауы және бағалай
алмауы мүмкін. Пайдаланушы немесе
басқа адамдар ауыр немесе қазалы
жарақат алуы мүмкін.
► Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
оқып шығыңыз, түсініп алыңыз
және сақтап қойыңыз.
► Көгалшапқышты басқа адамға
табыстаған жағдайда: пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты бірге беріңіз.
► Пайдаланушының мына талаптарға
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз:
– Пайдаланушы тыныққан күйде болуы
тиіс.
– Пайдаланушының дене, сезім және
ақыл-ой қалпы көгалшапқышты
басқаруға және жұмыс істеуге
жеткілікті. Егер пайдаланушы дене,
сезім немесе ақыл-ой тұрғысынан
шектеулі болса, оған тек жауапты
тұлғаның қарауында немесе оның
нұсқауы бойынша жұмыс істеуге
рұқсат етіледі.
– Пайдаланушы көгалшапқыш
тәуекелдерін анықтай алады және
бағалай алады.
– Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
мен залал үшін жауапты екендігін
біледі.
– Пайдаланушы кәмелетке толған
немесе ұлттық ережелерге сәйкес
арнайы орындарда кәсіби білім алған.
– Пайдаланушы көгалшапқышты алғаш
рет пайдаланбас бұрын STIHL
делдалынан немесе білікті тұлғадан
нұсқау алған.
– Пайдаланушы алкогольді
ішімдіктердің, дәрі-дәрмектердің
немесе есірткілердің әсеріне
ұшырамаған.
► Түсініксіз мәселелер туындаған
жағдайда: STIHL делдалына
хабарласыңыз.
4.4
Киім және жабдық
Сақтандыру
■ Жұмыс барысында әртүрлі заттар жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
0478-121-9926-A
► Төзімді материалдан жасалған ұзын
шалбар киіңіз.
■ Жұмыс барысында шаң көтерілуі мүмкін.
Жұтылған шаң денсаулыққа зиян келтіруі
және аллергиялық реакциялар тудыруы
мүмкін.
► Шаң көтерілген жағдайда: шаңнан
қорғайтын маска киіңіз.
■ Жұмысқа сай емес киім ағашқа, бұталарға
және көгалшапқышқа ілініп қалуы мүмкін.
Киімі жұмысқа сай емес пайдаланушылар
ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Денеге жанасатын киім киіңіз.
► Шәлі мен әшекейлерді шешіп қойыңыз.
■ Тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе тасымалдау кезінде пайдаланушыға
құрылғының пышағы тиіп кетуі мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
■ Жұмысқа жарамсыз аяқ киім киген болса,
пайдаланушы тайып құлауы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Табаны сырғанамайтын, берік, жабық аяқ
киім киіңіз.
■ Пышақты қайраған кезде материал
бөлшектері ұшып шығуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Жақсы жанасатын қорғаныш көзілдірік
тағыңыз. Жұмысқа сай келетін қорғаныш
көзілдірігі EN 166 стандартына немесе
ұлттық нормаларға сәйкес тексерілген
және тиісті таңбаламасымен еркін
саудада қолжетімді.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
4.5
Жұмыс кеңістігі және
қоршаған орта
4.5.1
Көгалшапқыш
Сақтандыру
■ Өкілетсіз тұлғалар, балалар мен жануарлар
көгалшапқыш пен лақтырылған заттардың
туындайтын қауіп-қатерді анықтай және
бағалай алмауы мүмкін. Өкілетсіз тұлғалар,
балалар мен жануарлар ауыр жарақат алуы
және материалдық зиян келтірілуі мүмкін.
► Өкілетсіз тұлғалар, балалар мен
жануарларды жұмыс аймағынан алшақ
ұстаңыз.
► Бөгде заттардан арақашықтықты
сақтаңыз.
► Көгалшапқышты қараусыз қалдырмаңыз.
► Балалардың көгалшапқышпен
ойнамауын қадағалаңыз.
қазақ
341

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

6320