Descargar Imprimir esta página

Canpol Babies EasyStart Instrucciones De Uso página 38

Sacaleches eléctrico

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 12
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
KZ
Электр жетегі бар сүтсауғыш
Сүтсауғыш емшек сүтін және оның қалдықтарын сүзіп алуға арналған; сүт жолдары бітелген кезде қолдануға ұсынылмайды. Емшек сүті —
бірінші жастағы балалардың ең таңдаулы тамағы. Ол баланың жеке қажеттіліктеріне сәйкес шығады және құрамында оған қажетті барлық
нәрлі заттектер бар. Педиатрлар баланы 4–6 айға дейін тек емшек сүтімен ғана тамақтандырып, кейін қосымша тамаққа қосуды ұсынады.
СҮТСАУҒЫШТЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ (1-сур.)
1–2.Сүзіп алуды теңестіретін қаптама (с. і. сүтсауғыштың
қақпағы (1) және жарғақша (2))
3. Силиконды қаптама
4. Құйғыштың қақпағы
5. Сүтсауғыштың құйғышы
6. Силиконды төсеме (клапан)
СҮТСАУҒЫШТЫ ҚҰРАСТЫРУ (2-сур.)
2.1. Олардың арасында саңылау болмау үшін силиконды қаптаманы сүтсауғыштың құйғышына салыңыз.
2.2. Сүзіп алуды теңестіретін қаптаманы құрастырыңыз, жарғақшаны сүтсауғышқа салыңыз және оны қақпақпен жабыңыз.
2.3. Силиконды төсемені (клапан) сүтсауғышқа тығыздап салыңыз.
2.4. Тамақтандыруға арналған бөтелкені сүтсауғышқа тығыздағыш сақина көмегімен қосыңыз.
2.5. Сүтсауғышты оның электрлік корпусымен силиконды түтікше көмегімен қосыңыз.
2.6. Батареялардан электрмен қуаттаған кезде: АА түріндегі 4 сілтілі элементті орнатыңыз (жиынтыққа кірмейді).
2.7. Электр желіден қуаттаған кезде: электр қуаттау бейімдегішін қосыңыз.
ЕМШЕК СҮТІН СҮЗІП АЛУ (3, 4, 5-сур.)
Қолыңызды және емшегіңізді жақсылап жуыңыз. Сүтті сәл сүзіп алып, сүт жолдары бітелмегеніне көз жеткізіңіз. Сүтсауғышты жуыңыз,
дезинфекциялаңыз және дұрыс құрастырып жинаңыз.
Сүтсауғышты желіге қосыңыз (электр желіден қуаттаған кезде) және/немесе қуаттау батырмасын басыңыз (3-сур.). Бұл арада оның үстінгі
жағында орналасқан индикатор жанады. Қуаттау батырмасын қайталап басқан кезде сүтсауғыш ажыратылады және индикатор сөнеді.
Сүтсауғышты емшекке тығыз салыңыз, тері мен силиконды қаптама арасында ауа өтпеу керек. Қаптаманың жеткіліксіз жабысуы сүзіп алу
қарқындылығын азайтуы мүмкін. Сүттің келуін қиындатпау үшін сүзіп алу кезінде бөтелкені тік ұстаңыз.
Жеке қажеттіліктеріне байланысты сүтсауғыш сүтті сүзіп алу ырғағы мен қарқындылығын реттеуге мүмкіндік береді.
Ырғақ жұмыс режимін таңдау батырмасымен (4-сур.) реттеледі. Осы батырманы басып, үш ықтимал режимдерінің біреуін таңдаңыз:
• express режимі — шапшаң ырғақ
Стимуляция фазасы үшін тән болатын жиі және жеңіл ему қимылдарын ұқсастырады, олар сүт келуін және жиналуын қамтамасыз етеді.
• natural режимі — табиғи ырғақ
Екінші фаза, әсіресе, табиғи емшек ему үшін тән болатын баяулау және терең ему қимылдарын ұқсастырады, бала оларды емшектен сүт
шыққанда бастайды.
• strong режимі — белсенді ырғақ
Одан да баяу да терең ему қимылдарын ұқсастырады. Баланы емізу барысында бала көбірек күш салуы керек. Сүт біртіндеп қою және
қаныққан, ему — жүйелі болып, ырғағы ақырындайды.
Сүзу алу қарқындылығы ауыстырып-қосқыш көмегімен реттеледі (5-сур.). Оны бұрып, қарқындылықтың үш ықтимал деңгейін таңдаңыз:
1. сүзіп алудың қарқындылығы аз
2. сүзіп алудың қарқындылығы орташа
3. сүзіп алудың қарқындылығы жоғары
Бір емшекті сүзіп алғаннан кейін (сүттің ағуы айтарлықтай ақырындаған кезде) рәсімді екіншісімен қайталаңыз. Болып аяқтағаннан кейін
бөтелкені алып тастаңыз және емізікті (жиынтыққа кірмейді) кигізіңіз. Тамақтандыруға арналған бөтелке дайын!
12_215reb_instrukcja_ms001.indd 74-75
12_215reb_instrukcja_ms001.indd 74-75
12/215 үлгісі
7. Тығыздағыш сақина
8. Тамақтандыруға арналған бөтелке
9. Силиконды түтікше
10. Сүтсауғыштың электрлік корпусы
11. Түтікшенің бекітпесі
12. Электр қуаттау бейімдегіші
74
СҮТСАУҒЫШҚА КҮТІМ ЖАСАУ
Қолдануға дайындау:
Сүтсауғышты алғашқы рет пайдаланар алдында нәзік жуғыш құрал қосып, келесі бөлшектерді ыстық сумен жуыңыз: жарғақшаны және
сүзіп алуды теңестіретін қаптама қақпағын (1–2), силиконды қаптаманы (3), қақпағы бар сүтсауғыштың құйғышын (4–5), силиконды төсемені
(клапан) (6), тығыздағыш сақинаны (7) және тамақтандыруға арналған бөтелкені (8). Жуғаннан кейін оларды жақсылап шайыңыз және
5 минуттан асырмай зарарсыздандырыңыз. Назар аударыңыз! Құрастыру алдында барлық бөлшектерді кептіріп және суытып күтіңіз:
ылғалды және ыстық бөлшектерді пайдалану сүтсауғыштың жарамсыздығына әкеп соқтыруы мүмкін. Құрастырғаннан кейін барлық
бөлшектердің дұрыс және сенімді бекітілгенін тексеріңіз.
Күтім жасау бойынша жалпы нұсқаулар:
Сүтсауғышты нәзік жуғыш құрал қосып, ыстық сумен жуыңыз. Жуғаннан кейін барлық бөлшектерді таза ыстық сумен жақсылап шайыңыз.
Силиконды түтікше және түтікшенің бекітпесі жууды талап етпейді, себебі олар сүтпен жанаспайды. Күйдіргіш және абразивті жуғыш
құралдарды пайдаланбаңыз. Сүтсауғышты ыдыс жуатын машинада жумаңыз. Сулауға тыйым салынған бөлшектерді жумаңыз.
Назар аударыңыз! Силиконды төсемені (клапан) өте абайлап және жақсылап жуу керек, кеуіп қалған сүттің жиналуын болдырмаңыз.
Бөлшекті кездейсоқ зақымдамау үшін клапанды шығарған кезде шүмегінен емес, түбінен ұстаңыз. Клапанды зақымдау сүзіп алу
қарқындылығын кемітуі мүмкін.
Назар аударыңыз! Силиконды түтікшені, түтікшенің бекітпесін және сүтсауғыштың электр компоненттерін суламаңыз. Қажет болған
жағдайда оларды құрғақ немесе сәл ылғалды матамен сүртіңіз.
ТАМАҚТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН БӨТЕЛКЕГЕ КҮТІМ ЖАСАУ
Бөтелкені және оның бөлшектерін әрбір тамақтандыру алдында және одан кейін жуыңыз. Жуғаннан кейін оларды жақсылап шайыңыз
және қайнату арқылы 5 минуттан асырмай зарарсыздандырыңыз (электр зарасыздандырғышта қайнатуға болады; кермек суда қайнату әк
өңезінің түзілуіне әкеп соқтыруы мүмкін). Дезинфекциялаушы жуғыш құралдарды пайдаланбаңыз. Бөтелкені ыдыс жуатын машинада (60 °C
жоғары емес температурада) жууға болады. Бөтелкеге ыстық сұйықтықтарды құймаңыз. Қақпағы бұрап жабылған бөтелкені, тұмшапеште
және газ/электр плитасында қыздырмаңыз. Бөтелке емшек сүтімен тамақтандыруға арналған. Сүт қоспаларын әзірлеу үшін пайдалану
ұсынылмайды.
Сақтық шаралары: әр қолданар алдында бөтелкенің барлық бөлшектерін тексеріңіз; зақымдалған бұйымдарды дереу пайдаланудан
шығарыңыз. Пайдаланған кезде гигиена ережелерін орындаңыз. Баланы тамақтандыру кезінде жалғыз қалдырмаңыз. Тамақтандыру
алдында тағамның температурасын тексеріңіз (тағамның температурасы 40 °C-тан жоғары болмауы керек). Микротолқынды пеште
жылытқан кезде оны жақсылап араластырыңыз: біркелкі емес жылыту қаупі! Емшек сүтін микротолқынды пеште жылытуға ұсынылмайды.
Емшек сүтін қайнатпаңыз. Жаңа сүзілген сүтті еріткен сүтпен және мұздатылған сүтпен араластырмаңыз. Сүтті қайтадан мұздатпаңыз. Назар
аударыңыз! Бұйым ойыншық болып табылмайды. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Назар аударыңыз!
Сүтсауғыш тек жеке пайдалануға ғана арналған. Оны бірнеше пайдаланушының қолдануы денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Пайдаланар
алдында сүтсауғышты мұқият оқыңыз және оны пайдалану ережелерін орындаңыз (пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бұйыммен
бірге сақтауға ұсынылады). Сүтсауғыштың кепілдік пайдалану мерзімі: 2 жыл (сатып алуды растайтын құжатты сақтауға ұсынылады).
Сүтсауғыштың жарамдылық мерзімі: 5 жыл. Силиконды бөлшектердің қолдану мерзімі: 2 жыл. Уақыт өте келе сүтсауғыштың силиконды
бөлшектері бастапқы түсін жоғалтуы мүмкін. Түсі өзгерген немесе олардың қолдану мерзімі аяқталған кезде оларды ауыстыру керек.
СҮТСАУҒЫШТЫ ҚОЛДАНҒАН КЕЗДЕ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫҢ ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ ТҮРДЕ ОРЫНДАҢЫЗ. ДАЙЫНДАУШЫ
БҰЙЫМДЫ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ САЛДАРЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КӨТЕРМЕЙДІ. ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУ НӘТИЖЕСІНДЕ
ТУЫНДАҒАН ЖАРАМСЫЗДЫҚТАР КЕПІЛДІК ЖАҒДАЙЫ НЕМЕСЕ САПАСЫ БОЙЫНША ТАЛАПТАРДЫ ҚОЮ ҮШІН НЕГІЗ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ.
Жөндеу немесе бұйым құрылымына уәкілетті емес тұлғалардың басқа да араласуы қауіп төндіреді және кепілдік міндеттемелерінің
тоқтатуын тартады.
75
28.11.2022 11:23:34
28.11.2022 11:23:34

Publicidad

loading

Productos relacionados para Canpol Babies EasyStart

Este manual también es adecuado para:

12/215