ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Электрлік құрамдастарға кез келген техникалық қызмет көрсету арнайы дағдыларды қажет
етеді және қауіпті болып табылады. Электрлік құрамдастарды өз бетіңізбен алып тастауға
болмайды.
!
Барлық тазалау жұмыстарын велосипед өшірілген, зарядтағыш құрылғыға жалғанбаған
және зарядтағыш құрылғы қақпағы дұрыс жабылған күйде орындау керек.
Тыйым салынған: жоғары қысымды ағынды пайдаланып тазалау.
Ұсынылмайды: ағып тұрған су астында тазалау.
Ұсынылады: дымқыл шүберекпен тазалау.
Велосипед құлаған болса, электр құрамдастарын тексеріңіз.
Кабель, түйме немесе рама физикалық зақымдалған болса, оны электрлік тексеріс үшін
DECATHLON шеберханасына апарыңыз.
Шынжыры үзіліп кетсе, кез келген жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын, қуатты өшіріңіз.
Артқы дөңгелекті алу үшін қозғалқыш кабелін ажырату керек. Коннекторды қосу әдісін
(көрсеткі белгісі бойынша) сақтаңыз және қозғалтқыш кабелін майыстырмаңыз.
Электрлік қозғалтқышы бар велосипедті 6 айлық қызмет көрсету үшін DECATHLON
дүкеніне қайтаруға кеңес береміз.
Пайдалану, техникалық қызмет көрсету, сатудан кейінгі қызмет көрсету бойынша қосымша
ақпарат алу үшін немесе басқа да сұрақтар туындағанда, DECATHLON қолдау көрсету веб-
сайтына кіріңіз: www.supportdecathlon.com немесе DECATHLON дүкеніне кіріңіз.
www.supportdecathlon.com
17