Descargar Imprimir esta página

Bosch Professional GAS 400 A Manual Original página 188

Ocultar thumbs Ver también para Professional GAS 400 A:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 37
188 | Қазақ
Құрама қылшақ қондырмасын (22) қылшақ ретінде
пайдалану үшін құлыптан босату түймесін (35) басып,
қылшақты алға жылжытыңыз.
Құрама қылшақ қондырмасын (22) қуыс қондырмасы
ретінде пайдалану үшін құлыптан босату түймесін (35)
басып, қылшақты артқа тартыңыз.
Сорғыш шлангіні монтаждау
(D суретін қараңыз)
Сорғыш шлангіні (27) шланг қысқышына (3) салып, оны
сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: Соруда сору шлангында және жабдықтарында
шаң үйкелісі арқылы электр заряд пайда болады, оны
пайдаланушы статикалық тоқ ажыралуы арқылы сезуі
мүмкін (қоршаған орта әсерлеріне және дене сезімдігіне
байланысты).
Жалпы ретте Bosch антистатикалық сору шлангін
(жабдық) майда шаң немесе құрғақ материалдарды
соруда пайдалануды ұсынады.
Сорғыш шлангіні сорғышқа бекіту
(E суретін қараңыз)
Монтаждалған сорғыш шлангіні (27) сорғыш шлангіге
арналған бөлімге ораңыз. Екі тартпалы таспаны (13)
жоғары қарай тартып, оларды бекіткіш
саңылауларға (14) іліп қойыңыз.
Пластик қапты енгізу/шығару (құрғақ сору)
(F суретін қараңыз)
Екі жапқышты (15) ашып, сорғыштың жоғарғы
бөлігін (12) алып тастаңыз.
Құрғақ сору үшін пластик қапты (29) контейнерге (1)
салыңыз.
Пластик қапты (29), толтыру саңылауын жоғары қаратып,
контейнерге (1) салыңыз.
Пластик қаптың (29) контейнердің (1) ішкі
қабырғаларына толықтай жайылғанына көз жеткізіңіз.
Пластик қаптың (29) қалған бөлігін контейнер (1)
жиегінен қағыңыз.Пластик қаптың шектік сызығы
контейнер жиегінде орналасқанына және ауа өткізу
саңылаулары (30) контейнерде қалғанына көз жеткізіңіз.
Сорғыштың жоғарғы бөлігін (12) қайта салып, сорғышты
жапқыштармен (15) жабыңыз.
Сорғыштың әрдайым дұрыс жабылғанына көз
u
жеткізіңіз.
Пластик қапты шығармас бұрын оны жабыңыз. Қаптың
жоғарғы жағын байланыстырып, қапты байлау үшін
таспаны пайдаланыңыз.
Тоқыма сүзгі қабын енгізу/шығару (құрғақ
сору) (G−H суреттерін қараңыз)
L шаң класына сәйкес келетін заттектерді құрғақ сору
үшін тоқыма сүзгі қабын (37) (керек-жарақ) пайдалануға
болады.
1 609 92A 91K | (24.01.2024)
3
Шектік мәні ≥ 1 мг/м
болатын немесе болмайтын
заттектер (L шаң класы бойынша) сорылса, контейнерге
тікелей соруға болады.
Нұсқау: тоқыма сүзгі қабын пайдалану кезінде сүзгіні
автоматты түрде тазалау функциясын өшіріңіз (қараңыз
„Сүзгіні автоматты түрде/қолмен тазалау
(M суретін қараңыз)", Бет 190).
Сорғыш денсаулыққа зиян
ЕСКЕРТУ
келтіретін шаңды жұтады.
Босату және техникалық қызмет көрсету әрекеттерін,
соның ішінде шаң жинағыш контейнерді тазалау
бойынша жұмыстарды мамандандырылған
кәсіпорындарға орындауға тапсырыңыз. Тиісті
қорғаныс жабдығы қажет болады. Сорғышты толық
және мұқият енгізілген сүзгі жүйесінсіз
пайдаланбаңыз. Кері жағдайда денсаулығыңызға зиян
келуі мүмкін.
Жапқыштарды (15) ашып, сорғыштың жоғарғы
бөлігін (12) алып тастаңыз.
Енгізу үшін тоқыма сүзгі қабын (37) тоқыма сүзгі
қабының ұстағышына (36) жалғап, тоқыма сүзгі
қабын (37) ұстағышымен (36) бірге контейнерге (1)
салыңыз.
Шығару үшін бүкіл тоқыма сүзгі қабының саңылауын
жапқышынан тарту арқылы жабыңыз. Жабылған тоқыма
сүзгі қабын (37) тоқыма сүзгі қабының ұстағышынан (36)
тартып алыңыз да, сорғыштан шығарыңыз.
Сорғыштың жоғарғы бөлігін (12) қайтадан орнатып,
жапқыштарды (15) жабу арқылы контейнерді (1)
сорғыштың жоғарғы бөлігімен (12) байланыстырыңыз.
L-BOXX шерту (I суретін қараңыз)
Шаңсорғышты тасымалдау және шаңсорғыш керек-
жарақтарын және/немесе электр құралын бос орынды
үнемдеп сақтау үшін шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінде
L‑BOXX шертуге болады.
Сорғыш шлангіні сорғышқа бекітіңіз (E суретін қараңыз).
L-BOXX қорабын бекіткіштерге (11) қондырыңыз.
L‑BOXX шертілгенде шаң соруға болмайды.
u
Шаңсорғыш салмағы жоғары жылжытылады.
Шаңсорғыш құлауы мүмкін. Жарақаттану мен
зақымдану қаупі бар.
Шаңсорғышты шертілген L‑BOXX тұтқасынан
u
көтермеңіз. Шаңсорғыш L‑BOXX тұтқасы үшін өте
ауыр болып табылады. Жарақаттану мен зақымдану
қаупі бар.
Алмалы-салмалы бағыттауыш қапсырманы
монтаждау (керек-жарақ)
(J−K суреттерін қараңыз)
Нұсқау: алмалы-салмалы бағыттауыш қапсырманы
бөлшектеу мүмкін емес. Монтаждау кезінде бағыттауыш
қапсырманың дұрыс тураланғанына көз жеткізіңіз.
Бағыттауыш қапсырманы (39) енгізу алдында R (оң жақ)
және L (сол жақ) белгілері бойынша туралаңыз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading