Descargar Imprimir esta página

Bosch Professional GAS 400 A Manual Original página 190

Ocultar thumbs Ver también para Professional GAS 400 A:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 37
190 | Қазақ
Сорғышты өшіру үшін басты
ажыратқышты (2) 0 позициясына бұраңыз.
Ылғал шаңсору
Шаңсорғышпен бензин, май, спирт, еріткіштер
u
сияқты жанғыш немесе жарылғыш
сұйықтықтарды соруға болмайды. Ыстық, жанып
тұрған немесе жарылғыш шаңды соруға
болмайды. Шаңсорғышты жарылу қаупі бар
жайларда пайдалануға болмайды. Шаң, бу немесе
сұйықтықтар тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
Шаңсорғышты сорғы ретінде пайдалануға
u
болмайды. Шаңсорғыш ауа және су қоспасын соруға
арналған.
Нұсқау: Өткізу деңгейіне қойылатын талаптар (тазалау
класы L) құрғақ сору функциясы үшін ғана расталды.
Ылғал шаңсору алдында
Контейнерді (1) босатыңыз және пластик қапты (29)
немесе тоқыма сүзгі қабын (37) шығарыңыз.
Толтыру деңгейінің датчигінде (42) ластанған жерлердің
бар-жоғын тексеріңіз. Тек таза толтыру деңгейінің датчигі
контейнердің толық толтыру деңгейіне жеткен кезде
сорғышты автоматты түрде өшіруге мүмкіндік береді
(қараңыз „Толтыру деңгейінің датчигін тазалау
(Q−R суреттерін қараңыз)", Бет 191).
Ылғалды сору кезінде сүзгіні автоматты түрде
u
тазалау функциясы ажыратылған болуы керек.
Сүзгіні қолмен тазалау (қараңыз „Сүзгіні қолмен тазалау",
Бет 190) функциясын іске қосу үшін сүзгіні автоматты
түрде тазалау түймесін (8) басыңыз. Осылайша сүзгіні
автоматты түрде тазалау функциясы ажыратылып, A
жарық диодты индикаторы (5) сөнеді.
Сұйықтықтарды сорып алу
Көбік немесе су шықса
ЕСКЕРТУ
шаңсорғышты бірден өшіріп,
контейнерін тазалаңыз. Кері жағдайда шаңсорғыш
зақымдануы мүмкін.
Сорғышты қосу үшін басты ажыратқышты (2)
1 позициясына бұраңыз.
Сорғыш толтыру деңгейінің датчиктерімен (42)
жабдықталған. Максималды толтыру биіктігіне жеткен
жағдайда, сорғыш автоматты түрде өшіп, A (5) және M
(6) деген жарық диодтарының екеуі де секундына 1 рет
бір уақытта жыпылықтайды. Қайта іске қосылудан
қорғаныс іске қосылып, оны сорғышты 1 рет қосу/өшіру
арқылы ажыратуға болады.
Нұсқау: толтыру деңгейін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз
және контейнерді дер кезінде босатыңыз.
Сорғышты өшіру үшін басты ажыратқышты (2)
0 позициясына бұраңыз.
Контейнерді (1) артқы ұстау аймағынан (21) ұстап алып,
сұйықтықты ағызу үшін алға қайырыңыз.
1 609 92A 91K | (24.01.2024)
Ылғалды сорғаннан кейін
Әр ылғалды сорғаннан кейін толтыру деңгейінің датчигін
(42) тазалаңыз (қараңыз „Толтыру деңгейінің датчигін
тазалау (Q−R суреттерін қараңыз)", Бет 191).
Ылғалды шаң сорғаннан кейін зең басудың алдын алу
үшін:
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні (31) шығарып, оны жақсылап
кептіріңіз.
– Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (12) алып, сүзгі
қаптамасын (40) ашыңыз және екеуін де жақсылап
кептіріңіз.
Сүзгіні автоматты түрде/қолмен тазалау
(M суретін қараңыз)
Сүзгіні автоматты түрде тазалау
Нұсқау: сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы
сорғышты қосқан кезде әдепкі бойынша орнатылып
тұрады.
A жарық диодты индикаторы (5) үздіксіз жанып тұрады.
Сүзгіні автоматты түрде тазалау кезінде жалпақ қатпарлы
сүзгі (31) 15 секунд сайын 2 ауа ағыны арқылы
тазаланады (соғып тұратын шу).
Сүзгіні тазалау функциясын жүйелі түрде пайдалану
арқасында сүзгінің пайдалану мерзімі ұзарады.
Сүзгінің оңтайлы пайдалану мерзіміне қол жеткізу үшін
сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын тек ерекше
жағдайда өшіріңіз, мысалы, ылғалды сору кезінде.
Сүзгіні қолмен тазалау
Сүзгіні қолмен тазалау функциясын іске қосу үшін сүзгіні
автоматты түрде тазалау түймесін (8) басыңыз.
Осылайша сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы
ажыратылып, A жарық диодты индикаторы (5) сөнеді.
Сүзгіні қолмен тазалау әрекетін орындау үшін сүзгіні
қолмен тазалау түймесін (7) басыңыз. Жалпақ қатпарлы
сүзгі (31) 2 ауа ағыны арқылы тазаланады. M жарық
диодты индикаторы (6) 2 секунд ақ түспен жанып тұрады.
M жарық диодты индикаторы (6) сөнгенде, келесі ауа
ағыны шығарылуы мүмкін. Ол үшін сүзгіні қолмен тазалау
түймесін (7) қайтадан басыңыз.
Нұсқау: сүзгіні қолмен тазалау кезінде түймені әр басу
арасындағы уақыт аралығының 2−3 секунд құрауы керек
екендігін ескеріңіз. Сүзгіні қолмен тазалау түймесі (7)
бірнеше рет қайта-қайта басылса, сорғыштың қатты
қызудан қорғанысы іске қосылады. Қатты қызудан
қорғаныс біраз уақыттан кейін автоматты түрде өшіріледі
(қараңыз „Ақаулықтарды жою", Бет 192).
Сүзгіні қолмен тазалау функциясын өшіру үшін сүзгіні
автоматты түрде тазалау түймесін (8) басыңыз.
Беті ластанған жалпақ қатпарлы сүзгі толықтай жұмысқа
қабілетті. Жалпақ қатпарлы сүзгіні қағып немесе үрлеп
тазарту керек емес және мұндай әрекет нәтижесінде
сүзгіге зақым тиюі мүмкін.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading