– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,
пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада)
пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Сорғыш үшін қауіпсіздік
нұсқаулары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары
мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Бұл шаңсорғыш балалардың,
u
дене немесе ой қабілеттері
шектелген, тәжірібесі және
білімі аз адамдардың
пайдалануына арналмаған. Кері
жағдайда дұрыс пайдаланбау және
жарақаттанулар қауіпі пайда
болады.
Bosch Power Tools
Балаларға абай болыңыз.
u
Балалардың шаңсорғышпен
ойнамауына көз жеткізіңіз.
Сорылатын заттек бойынша қауіпсіздік
u
техникасының барлық ережелерін сақтаңыз.
Шамшат/емен ағашының шаңын немесе асбесті
u
сормаңыз. Тас шаңын тек GAS 18V-10 L бірге
(Bosch ұсынған) пайдалануға мақұлданған сору
жүйелерімен бірге соруға болады. Бұл заттектер
канцерогенді болып табылады.
Шаңсорғышты пайдалану,
ЕСКЕРТУ
соратын заттектер мен оларды
дұрыс жою туралы қажетті ақпаратты алғаннан соң
ғана шаңсорғышты пайдаланыңыз. Нұсқаулықтарды
дәл орындау орынсыз пайдалану мен жарақаттануларды
азайтады.
Шаңсорғыш құрғақ заттектерді
ЕСКЕРТУ
және тиісті шаралар арқылы
сұйықтықтарды да соруға арналған. Сұйықтықтар тиюі
тоқ соғу қаупін арттырады.
Шаңсорғышпен бензин, май, спирт, еріткіштер
u
сияқты жанғыш немесе жарылғыш
сұйықтықтарды соруға болмайды. Ыстық, жанып
тұрған немесе жарылғыш шаңды соруға
болмайды. Шаңсорғышты жарылу қаупі бар
жайларда пайдалануға болмайды. Шаң, бу немесе
сұйықтықтар тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
Көбік немесе су шықса
ЕСКЕРТУ
шаңсорғышты бірден өшіріп,
контейнерін тазалаңыз. Кері жағдайда шаңсорғыш
зақымдануы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шаңсорғышты тек ішкі
u
бөлмелерде сақтау қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қалтқыны жүйелі түрде
u
тазалап, оның зақымдалмағанын тексеріңіз. Кері
жағдайда шаңсорғыш дұрыс істемеуі мүмкін.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз
u
жеткізіңіз.
Шаңсорғышты тек білікті маманға және арнаулы
u
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы шаңсорғыш
қауіпсіздігін сақтайсыз.
Сорғыш денсаулыққа зиян
ЕСКЕРТУ
келтіретін шаңды жұтады.
Босату және техникалық қызмет көрсету әрекеттерін,
соның ішінде шаң жинағыш контейнерді тазалау
бойынша жұмыстарды мамандандырылған
кәсіпорындарға орындауға тапсырыңыз. Тиісті
қорғаныс жабдығы қажет болады. Сорғышты толық
және мұқият енгізілген сүзгі жүйесінсіз
пайдаланбаңыз. Кері жағдайда денсаулығыңызға зиян
келуі мүмкін.
Пайдалану алдында сорғыш шлангтың ақаусыз
u
болуына көз жеткізіңіз. Шаң таралмауы үшін
Қазақ | 135
1 609 92A 98S | (10.01.2024)