Descargar Imprimir esta página

Bosch GAS 18V-10 L Professional Manual Original página 140

Ocultar thumbs Ver también para GAS 18V-10 L Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 29
140 | Қазақ
Шаңсорғышты ешқашан жарылу қаупі бар бөлмелерде
пайдаланбаңыз.
Оңтайлы сору қуатын қамтамасыз ету үшін сорғыш
шлангіні (13) әрдайым сорғыш шланг ұстағышынан (27)
толығымен жазыңыз.
Қосу/өшіру
Сорғышты қосу үшін қосу/өшіру түймесін (3) басыңыз.
Сорғышты өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (3) қайтадан
басыңыз.
Қауіпсіздік тұрғысынан сорғыш қосу/өшіру түймесі (3)
5 секундтан ұзақ басылғанда қосылмайды.
Құрғақ сору
Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан
шаңды сору (G суретін қараңыз)
Ауа бөлмеге қайтып оралса, бөлмеде жеткілікті ауа
u
алмасу дәрежесі болуы керек. Тиісті заңдарға
назар аударыңыз.
– Сору адаптерін (14) немесе қисайған қондырманы
(15) орнатыңыз (қараңыз „Сору адаптерін немесе
қисайған қондырманы орнату (D суретін қараңыз)",
Бет 139).
– Сору адаптерін (14) немесе қисайған қондырманы
(15) электр құралының аспирациялық келте құбырына
енгізіңіз.
Тек (14) сору адаптері пайдаланылғанда:
Нұсқау: сорғыш шлангіге ауа кірісі аз болған электр
құралдарымен жұмыс істегенде (мысалы, жұқа ара,
ажарлағыш және т.б.), сору адаптеріндегі (14) қосымша
ауа саңылауы (32) ашық болуы тиіс. Осылай сорғыштың
және электр құралының жалпы қуаты жақсарады. Ол үшін
сақинаны қосымша ауа саңылауы (32) арқылы саңылау
барынша ашылғанша бұраңыз.
Ылғал шаңсору
Шаңсорғышпен бензин, май, спирт, еріткіштер
u
сияқты жанғыш немесе жарылғыш
сұйықтықтарды соруға болмайды. Ыстық, жанып
тұрған немесе жарылғыш шаңды соруға
болмайды. Шаңсорғышты жарылу қаупі бар
жайларда пайдалануға болмайды. Шаң, бу немесе
сұйықтықтар тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
Ылғал шаңсору алдында
– Контейнерді (1) босатыңыз.
– Сүзгіні (33) тазалап, сорғышқа қайтадан салыңыз
(қараңыз „Сүзгіні тазалау/алмастыру
(I1−I2 суреттерін қараңыз)", Бет 141).
Сорғыш қалтқымен (34) жабдықталған. Максималды
толтыру биіктігіне жеткен кезде, сору тоқтатылады.
Әр ылғалды шаңсору алдында
– Контейнерді (1) босатыңыз.
– Суды сүзгіден (33) төгіңіз.
Ылғал шаңсорудан соң зең басудың алдын алу үшін
– Сорғыш жоғарғы бөлігін (5) шешіп жақсы құрғатыңыз.
1 609 92A 98S | (10.01.2024)
– Сүзгіні (33) шешіп оны да әбден кептіріңіз (қараңыз
„Сүзгіні тазалау/алмастыру
(I1−I2 суреттерін қараңыз)", Бет 141).
Техникалық күтім және қызмет
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
Шаңсорғышқа қызмет көрсету немесе оны
u
тазалаудан, құрылғыны ретегеннен, жабдықтарды
алмастырудан немесе шаңсорғышты сақтауға
қоюдан алдын аккумуляторды шығарып қойыңыз.
Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз
қосылуына жол бермейді.
Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
u
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш
u
маскасын киіңіз.
Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуі үшін,
сорғышты бөлшектеу, тазалау және оған мүмкіндігінше
қызмет көрсету керек, тек осы жағдайда қызмет
көрсетуші мамандар мен басқа тұлғаларға қауіп төнбейді.
Ықтимал тәуекелдерге жол бермеу үшін сорғышты
бөлшектеу алдында тазалау керек. Сорғышты бөлшектеу
жұмысы өткізілетін бөлме жақсы желдетілуі керек.
Техникалық қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс
жабдығын киіңіз. Техникалық қызмет көрсеткеннен кейін
техникалық қызмет көрсету аймағын тазалау керек.
Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс
алған тұлға сүзгінің зақымдалуы, сорғыштың
саңылаусыздығы және бақылау құрылғысының жұмысы
сияқты шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы
қажет.
Кір айналада тұрған L класындағы сорғыштардың сырты
және барлық агрегат бөліктерін тазалау және
герметикпен өңдеу қажет. Техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде
тазаланбайтын бөліктерді алып тастау керек. Бұл
бөліктерді өткізбейтін қаптарда қалдықтарды жою
бойынша қолданылатын заңдарға сай тастау керек.
– Сорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дымқыл
шүберекпен тазалап тұрыңыз.
– Ластанған зарядтау контактілерін құрғақ шүберекпен
тазалаңыз.
Ыдысты тазалау (H1−H2 суреттерін қараңыз)
(1) контейнерін әр пайдаланудан соң тазалап оптималды
шаңсорғыштың оптималды қуатына жетіңіз.
– Құлыптарды (2) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(5) ашыңыз.
– (1) контейнерін сай қоқы контейнерінің жоғарысында
қағыңыз.
– Керек болса, контейнерді дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Керек болса, сүзгіні тазалаңыз (қараңыз „Сүзгіні
тазалау/алмастыру (I1−I2 суреттерін қараңыз)",
Бет 141).
Bosch Power Tools

Publicidad

loading