138 | Қазақ
Аккумулятор
Bosch аккумуляторы жоқ сымсыз сорғышты да сатады.
Сорғыштың жеткізілім жиынтығына аккумулятордың
кіретінін қаптамадан анықтауға болады.
Аккумуляторды зарядтау
Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
u
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің сорғышыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық
тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған
күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын
пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық
зарядтаңыз.
Аккумуляторды орнату және шығару
(A1−A2 суреттерін қараңыз)
Аккумуляторды енгізу барысында күш салмай
u
әрекеттеніңіз. Аккумулятор электр құралға тек дұрыс
күйде енгізіле алынатындай қылып құрастырылған.
Жақсы және сенімді істеу үшін аккумулятор бөлімшесі
u
мен шахтасын әрдайым таза және құрғақ ұстаңыз.
– Босату түймесін (11) басып, аккумулятор бөлімінің
қақпағын (12) ашыңыз.
– Аккумуляторды (20) аккумулятор науасына (19)
шерту дыбысымен тірелгенше кіргізіңіз.
– Аккумуляторды (20) шығарып алу үшін
аккумулятордағы босату түймесін (21) басып,
аккумуляторды науасынан (19) тартып шығарыңыз.
– Аккумулятор бөлімінің қақпағын (12) жауып қойыңыз.
Аккумулятор бөлімінің қақпағын алмастыру
(A3−A5 суреттерін қараңыз)
ProCORE18V 12Аh аккумуляторын пайдалану қажет
болса, аккумулятор бөлімінің қақпағын (12) жабу қажет
болмайды. Бұл жағдайда аккумулятор бөлімінің қақпағын
(12) арнайы жобаланған қалқаға (23) ауыстыруға
болады.
Ылғалды немесе сулы ортада сорғышты тек жабық
аккумулятор бөлімінің қақпағымен пайдалануға болады.
Аккумулятор бөлімінің қақпағын бөлшектеу
(A3 суретін қараңыз)
Аккумуляторды (20) аккумулятор науасынан (19)
шығарыңыз.
Екі бекіткіш бұранданы (22) (ST4×12) PH1 крест ойықты
бұрауышымен шығарып, аккумулятор бөлімінің
қақпағын (12) алып тастаңыз.
Қалқаны енгізу (A4 суретін қараңыз)
Аккумулятор бөлімі қақпағының ұстағышын (24) төмен
итеріп, қалқаны (23) жылжытыңыз.
Қалқаны шығару (A5 суретін қараңыз)
Крест ойықты бұрауышты орнатыңыз, қалқаны (23) сәл
артқа қарай жылжытып, қалқаны тартып алыңыз.
1 609 92A 98S | (10.01.2024)
Аккумулятор бөлімі қақпағының ұстағышын (24) төмен
қарай итеріңіз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор енгізілген кезде, аккумулятор зарядын
сорғыштың аккумулятор заряды деңгейінің
индикаторында (4), ал аккумулятор шығарылған кезде,
аккумулятордың өзінен анықтауға болады.
Сорғыштағы аккумулятор заряды деңгейінің
индикаторы
Сорғышты қосқаннан кейін, аккумулятор зарядының
деңгейі индикаторының (4) 5 жасыл түсті жарық диоды
жеке-жеке жанып сөнеді. Содан кейін жарық диодтары
аккумулятордың (20) заряд деңгейін көрсетеді.
Аккумулятордағы аккумулятор заряды деңгейінің
индикаторы
Аккумулятор сорғыштан шығарылса, заряд деңгейін
аккумулятордағы заряд деңгейі индикаторының жасыл
түсті жарық диодтары арқылы қарап шығуға болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің
индикаторына арналған
немесе
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені
басқаннан кейін, ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл
аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек
екендігін білдіреді.
Нұсқау: әр аккумулятор түрінде заряд деңгейінің
индикаторы болмайды.
Аккумулятор түрі GBA 18V...
Жарық диодтары
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтау 1× жасыл
Аккумулятор түрі ProCORE18V...
Жарық диодтары
Үздіксіз жарық 5× жасыл
Үздіксіз жарық 4× жасыл
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтау 1× жасыл
түймесін басыңыз.
Қуаты
60−100 %
30−60 %
5−30 %
0−5 %
Қуаты
80−100 %
60−80 %
40−60 %
20−40 %
5−20 %
0−5 %
Bosch Power Tools