3. Құрылғылардың сипаты
1 Бас тұтқаның жоғарғы бөлігі
2 Бас тұтқаның төменгі бөлігі
3 Корпус
4 Қозғалтқыш капоты
5 Артқы дөңгелек
6 Алдыңғы дөңгелек
7 Шөп жинағыш
8 Жоғарғы тасымалдау тұтқасы
9 Төменгі тасымалдау тұтқасы
10 Лақтырманың қақпағы
11 Айналмалы тұтқа
12 Тез əрекетті бекіту тетігі
13 Қозғалтқышты тоқтату тұтқасы
14 Биіктікті реттеуге арналған тұтқа
15 Шоғырсым ұзындығын шектегіш
16 Желілік қосылым
17 Іске қосу түймесі
18 Зауыттық тақтайша
4. Қауіпсіздік шаралары
4.1 Жалпы ережелер
Көгалшапқышпен жұмыс
істегенде осы сəтсіз
жағдайларды болдырмау
туралы ескертулерді міндетті
түрде ескеріңіз.
0478 121 9917 E - KK
Бірінші рет пайдалану алдында
жалпы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқып шығып,
болашақта қауіпсіздік
шараларын сақтау керек.
1
Құрылғыны басқару жəне пайдалану
əрекеттерімен танысыңыз.
Бірінші рет пайдалану алдында сатушы
немесе басқа маман пайдалану туралы
нұсқаулар беруі керек.
Көгалшапқышпен реакция көрсету
қабілетіне əсер ететін алкоголь, дəрі-
дəрмек немесе есірткіні қабылдағаннан
кейін жұмыс істемеңіз.
Жақын арада адамдар, əсіресе балалар
немесе жануарлар болғанда ешқашан
шаппаңыз.
Пайдаланушы басқа адамдардың
немесе оның меншігінің қатысуымен
болған сəтсіз жағдайларға жауапты
екенін ескеріңіз.
Құрылғыны тек пайдалану
нұсқаулығымен танысқан, осы үлгіні
пайдаланатын жəне оның жұмыс істеу
принципін білетін адамдарға ғана
пайдалануға (жалға) беріңіз. Əрқашан
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
беріңіз.
Назар аударыңыз – жазатайым
оқиғаның қаупі бар!
Көгалшапқыш тек жеке мақсаттарда
пайдаланылуға жəне көгалды күтуге
арналған, басқаша пайдалануға
болмайды, əрі бұл қауіпті болуы жəне
құрылғының зақымдалуына əкелуі
мүмкін.
Пайдаланушының денсаулығына қауіп
төнетіндігіне байланысты
көгалшапқышты келесі əрекеттер үшін
қолдануға болмайды (тізбесі толық
емес):
– бұталарды, тірі қоршамдарды, тал-
шілікті кесу үшін,
– шырмалағыш өсімдіктерді бұтау
үшін,
– үй төбесіндегі жəне балкон
жəшіктеріндегі гүлзарды күту үшін,
– жаяу жүргінші жолдарын тазарту
үшін (шаңсорғыш арқылы, үрлеу
əдісімен, қарды тазалау),
– ағаштар мен бұта кесуді ұсақтау
жəне бұтау үшін,
– топырақтың кедір-бұдыр жерлерін,
мысалы , ін көртышқанының қазған
жерлерін тегістеу,
– кесілген материалды, бұл үшін
қарастырылған шөп
жинағыштағыдай тасымалдау үшін.
Назар аударыңыз – жазатайым
оқиғаның қаупі бар!
Тек VIKING компаниясы жеткізген
немесе осы құрылғыға орнату үшін
жарамды қосалқы құралдарды
пайдалануға болады. Құрылғыны
өзгертуге тыйым салынады.
Қоғамдық орындарда, саябақтарда,
спорт құрылыстарында, көшелерде,
ауыл жəне орман шаруашылығында
пайдаланғанда əсіресе сақтықпен
жұмыс істеу керек.
Назар аударыңыз! Дірілдер
денсаулыққа қауіп төндіреді!
Дірілдерге байланысты түсетін
артық жүктеме, əсіресе қан
айналым жүйесінің бұзылымдары бар
адамдардың қан айналым жүйесі мен
жүйке жүйесіне зиян келтіруі мүмкін.
Тербелмелі жүк-салмағының түсуіне
орай пайда болуы мүмкін симптомдар
анықталған жағдайда дəрігерге
қаралыңыз. Ең бастысы, тіс, алақан
433