Егер техникалық қызмет көрсету кезінде
қандай да бір бөліктер немесе
қорғаныш құрылғылары алынып
тасталса, нұсқаулықтың талабына
сəйкес оларды орнына орнату қажет.
Көгалшапқышты əр пайдаланудан кейін
мұқият тазалаңыз. Көгалшапқышты
қысым астында тазалауға немесе
ағынды сумен жууға тыйым салынады
(мысалы , бақшалық шлангінің
көмегімен). Агрессивті жуғыш заттарды
пайдаланбаңыз. Мұндай тазалағыштар
құрылғының қаптамасын жəне металын
зақымдап, VIKING құрылғысының
жұмысына əсер етуі мүмкін.
Құрылғыда тозған немесе зақымды
жерлерінің бар-жоғын əсіресе ұзақ
жұмыс үзілістерінде қоймаға қабылдар
алдында үнемі тексеріп отырыңыз
(қысқы үзіліс кезінде). Құрылғы əрқашан
жұмыс істейтін күйде болуы үшін тозған
немесе зақымдалған бөлшектерді
ауыстырыңыз.
Салқындаған көгалшапқышты құрғақ,
желдетілетін, жабық, балалар
жетпейтін орында сақтаңыз.
4.6 Ескерту – электр тоғына соғылу
қаупі бар
Назар аударыңыз! Ток соғу
қаупі бар! Қауіпсіздік үшін аса
маңызды болып желілік
кабель, қуат сымы,
қосқыш/ажыратқыш, жалғастырушы
шоғырсым табылады. Ток соғу қаупін
төмендету үшін зақымдалған
кабельдерді, муфталарды жəне
штекерді немесе ережелерге сай емес
жалғастырушы шоғырсымды
пайдаланбау керек. Сондықтан
0478 121 9917 E - KK
жалғастырушы шоғырсымда зақымдар
немесе тозу (сынғыштық) бар-жоғын
үнемі тексеріп отыру керек.
Зақымданған ұзартқыш шоғырсымды
пайдалануға тыйым салынған.
Зақымданған ұзартқыш шоғырсымды
жаңасына айырбастау керек, ұзартқыш
шоғырсымды жөндеуге тыйым
салынған.
Құрылғыны сымдары зақымданған
немесе тозған болса пайдалануға
болмайды.
Ток соғу қаупі бар!
Зақымданған сымды қуат көзіне қосуға
тыйым салынады, оны тек электр
желісінен ажыратылғаннан кейін ғана
ұстауға болады.
Ток соғу қаупі бар!
Зақым келген кабельдерді, ағытпалар
мен штекерлерді, сонымен қатар
стандартты емес қосатын кабельдерді
пайдалануға тыйым салынады.
Шапқан кезде кабельді пышақтан
неғұрлым алыс ұстаңыз.
Ашық аспан астында жұмыс істеген
кезде тек құрылғыға келетін су
өткізбейтін ұзартқыш шоғырсымды
қолданыңыз (
11.1).
Жетек қозғалтқыш
шашырандыдан қорғалғанына
қарамастан көгалшапқышты
жаңбырда жəне ылғалды
ортада пайдалануға болмайды.
Құрылғыны жаңбырда қорғалмаған
түрде қалдырмаңыз.
Жалғастырушы шоғырсымды
ажыратыңыз, ашаны розеткадан
суырыңыз жəне жалғастырушы
шоғырсымдарды тартпаңыз.
Құрылғыны максималды ажырату тогы
30 мА балқымалы сақтандырғышпен
қорғалған электр қуатының көзіне
жалғап қосуға болады. Қосымша
ақпарат алу үшін электрикке
хабарласыңыз.
Егер құрылғы ток генераторына
қосылса, токтың ауытқуына орай
көгалшапқыштың зақымданбауын қарап
отырыңыз.
Электр желісі сəйкес
сақтандырғыштармен қорғалуын үнемі
қадағалап отырыңыз.
Электр қауіпсіздігін сақтау үшін электр
кабелі үнемі бас тұтқаға дұрыс
орнатылуы тиіс (
7.2).
4.7 Кəдеге жарату
Ауыстырылған құрылғы нұсқаулыққа
сəйкес кəдеге жаратылатынына көз
жеткізіңіз. Кəдеге жарату алдында,
құрылғыны қолданысқа жарамсыз
етіңіз. Сонымен қатар, жазатайым
жағдайлардан сақтану үшін желілік
кабелін немесе электр кабелін
қозғалтқыштан ағыту ұсынылады.
Шапқыш пышағынан жарақат алу
қаупі бар!
Қолданыстан шығарылған
көгалшапқышты ешқашан қараусыз
қалдырмаңыз. Құрылғы мен шапқыш
пышағы балалардан алшақ жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
437