- Қатты басылған газонды
екінші рет бірінші жолға тік
бұрышпен қопсытыңыз.
Қопсытудан кейін:
- Газонды мұқият
қопсытыңыз.
- Газонға тыңайтқыш
себіңіз, сонда онда бос
орындар пайда болмайды.
- Газонды жақсылап
суарыңыз.
08.01 Еңісті жерлерде
қопсыту
Қауіпсіздік мақсаттарында
вертикуттерді тек 25° еңіске
дейін ғана пайдалануға
болады.
25° (46,6 %) Еңіс жер 100 см
көлденең жолда 46,6 см тік
көтерілуге сәйкес келеді.
Әрқашан еңіс жерлерге
көлденең қопсытыңыз,
ешқашан жоғары немесе
төмен қопсытпаңыз.
Қозғалтқышты дұрыс
майлауды қамтамасыз ету
үшін құрылғыны еңіс
жерлерде пайдаланғанда
қозғалқышты пайдалану
нұсқаулығында берілген
ақпаратқа назар аударыңыз.
08.02 Вертикуттер
бұғатталған болса
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Жарақат алу қаупі
бар!
Тек қолғап киіп
жұмыс істеңіз.
Бірден қозғалтқышты өшіріп,
от алдыру білтесінің
ұштығын шығарыңыз.
Вертикуттерде зақымдар
бар-жоғын тексеріңіз және
7
зақымдарды жойыңыз.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Бөлшектері (пышақ,
жүздер, гайкалар,
шайбалар, аралық
қабаттар) ақаулы,
майысқан немесе
басқалай зақымдалған
вертикуттерді жұмыс үшін
пайдалануға болмайды.
Құрылғыны қайтадан іске
қосу және оның қайтадан
жұмыс істеуі алдында
маман қажет жөндеу
жұмыстарын өткізуі керек.
09. Құрылғыны
пайдалануды бастау
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
- Құрылғы пайдаланылатын
жерді мұқият қарап шығып,
бүкіл тастарды, таяқтарды,
сымдарды, сүйектерді
және басқа бөгде
заттарды алып тастаңыз.
- Шөп қабатында
жасырылған нысандарды
(газондарды суғару
құрылғылары, сутартқыш
шүмектер, бағандар,
іргетастар, электр
сымдары) белгілеңіз.
- Қозғалтқышты тек
нұсқауларға сай іске
қосыңыз.
- Бұрылғанда және
вертикуттерді өзіңізге
қарай тартқанда әсіресе
сақ болыңыз.
- Жарақат алу қаупі бар!
Айналатын бөліктердің
үстіне немесе астына
қолдарды немесе
аяқтарды салмаңыз.
- Вер тикуттер мен жұмыс
істегенде әрқашан
шуға қарсы
құлаққапты және
қорғағыш көзілдірікті киіңіз.
- Қопсыту кезінде әрқашан
берік аяқ-киімді және ұзын
шалбарды киіңіз. Жалаң
аяқ және сандал киіп
жұмыс істемеңіз.
- Адамдардың, әсіресе
балалардың немесе
жануарлардың жанында
ешқашан қопсытпаңыз.
09.01 Қозғалтқышты
іске қосу
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Жарақат алу қаупі бар!
Қозғалтқышты тек
вертикуттер тасымалдау
күйінде болғанда іске
қосыңыз.
Қозғалтқыш еңкейтілген
күйде вертикуттерді
ешқашан қоспаңыз.
Қадам
:
• Қозғалтқышты тоқтату
иінтірегін (J) рульге басып,
ұстап тұрыңыз.
Қадам
:
• Іске қосу бауын (B)
тірелгенше суырып, содан
кейін қол созылым
қашықтыққа дейін жылдам
жоғары тартыңыз.
Стартер дұрыс орауы үшін
бауды жайлап артқа
қайтарыңыз.
Қажет болса, қозғалтқыш
іске қосылғанша іске қосу
процедурасын қайталаңыз.
8
A KK