Компостта пайдаланылмайтын
материалдар бақша ұсақтағышында
өңделмеуі тиіс.
Қауіпсіздік мақсатында VIKING
компаниясымен рұқсат етілген,
қосымша құрылғыны монтаждаудан
басқа – құралдың құрылымына кез
келген өзгерістер енгізуге тыйым
салынады, сонымен қатар мұндай
əрекеттер кепілдіктің жойылуына
əкеледі. Рұқсат етілген қосымша
жабдықтау туралы ақпаратты VIKING
компаниясының делдалынан білуге
болады.
Сонымен қатар, іштен жанатын
қозғалтқыш пен электр мотордың
айналу жиілігіне немесе қуаттылығына
əсер ететін құрылғыны қолмен
қозғалтуға тыйым салынған.
Құрылғыны зат, жануарлар мен
адамдарды, əсіресе балаларды
тасымалдау үшін пайдалануға тыйым
салынады.
Қоғамдық орындар, парктер, спорт
алаңшаларында, жолда, ауыл жəне
орман шаруашылығында пайдаланған
кезде өте сақ болу қажет.
252
4.2 Ескерту! Электр тогына соғылу
қаупі!
Назар аударыңыз!
Электр тогына соғылу қаупі!
Қауіпсіздік мақсатында
желі сымының, желілік
штекерге
ажыратқыштар мен
қосатын сымға ерекше назар
аударыңыз. Ток соғу қаупінің
алдын алу үшін, зақымданған
шоғырсымдарды, ұяларды,
айырлар мен нұсқалған қосу
сымдарын пайдалануға тыйым
салынады.
Сол себепті зақым белгілеріне
(сынғыштық) қосу сымдарын
тұрақты тексеріп тұру қажет.
Электр тогына соғылу қаупі!
Зақымданған сымды желілік қорек
көзіне қосуға тыйым салынады, оны тек
электр желісінен ажыратылғаннан кейін
ғана ұстауға болады.
Зақымданған ұзартқыш шоғырсымды
пайдалануға тыйым салынған.
Зақымданған ұзартқыш шоғырсымды
жаңасына айырбастау керек, ұзартқыш
шоғырсымды жөндеуге тыйым
салынған.
Егер желілік сым немесе ұзартқыш
кабель жұмыс барысында зақымдалса,
желілік сымды немесе ұзартқыш
кабельді бірден ток көзінен
ажыратыңыз. Ешқашан зақымдалған
желілік сымға не ұзартқыш кабельге
тимеңіз.
Электр сымдарында (ұзартқыш кабель)
техқызмет көрсету жəне жөндеу
жөніндегі жұмыстар тек арнайы
оқытылған қызметкерлер тарапынан
орындалуы керек.
Электр желісі сəйкес
сақтандырғыштармен қорғалуын үнемі
қадағалап отырыңыз.
Жаңбыр жауып тұрғанда
немесе ылғалды ортада
жұмыс істеуге тыйым
салынады.
Ашық аспан астында жұмыс істеген
кезде тек құрылғыға келетін (
өткізбейтін ұзартқыш шоғырсымды
қолданыңыз.
Электр қуатының сымын ашаны
розеткадан алып тастау арқылы
сөндіріңіз. Электр сымын тартуға
тыйым салынады.
Егер құрылғы генератор агрегатына
қосылса, токтың ауытқуына орай оның
зақымданбауын қарап отырыңыз.
Құрылғыны жаңбырдың астында
қалдырмаңыз.
Құрылғыны максималды ажырату тогы
30 мА балқымалы сақтандырғышпен
қорғалған электр қуатының көзіне
жалғап қосуға болады. Қосымша
мəліметтерді электрмонтаждаушыдан
алуға болады.
4.3 Киім жəне əбзел
Құрылғымен жұмыс істеу үшін
табаны сырғанамайтын
жабық аяқ киім киіңіз. Жалаң
аяқ немесе сандалдармен жұмыс
істеуге тыйым салынған.
0478 201 9811 B - KK
10.1), су