kk
ҚАЗАҚША
барысында бөгде адамдарға құрылғыны
желілік кабельді ұстауға рұқсат етпеңіз.
· Ара тістерінің қатты қызуына жол бермеңіз.
· Пластик бұйымдарды аралау кезінде
пластиктің балқуын болдырмаңыз.
Жылжымалы бөліктерден жарақат
алу және қысылу қаупі бар!
· Қорғаныш жабдығы монтаждалмаған
құрылғыны қолданысқа енгізбеңіз.
· Әрдайым ара төсемінен жеткілікті
арақашықтықты сақтаңыз. Қажет болса,
арнайы жеткізу көмекші құралдарын
пайдаланыңыз. Жұмыс барысында
жетектелетін құрамдас бөліктерден жеткілікті
арақашықтық сақтаңыз.
· Жұмыс аймағынан шағын дайындама
кесіктерін, сүрек қалдықтарын және т.б.
шығармас бұрын ара төсемі тоқтағанша
күтіңіз.
· Аралау кезінде берік ұстауға мүмкіндік
беретін өлшемдегі дайындамаларды ғана
аралауға болады.
· Дайындаманы нық ұстап тұру үшін қысқыш
құрылғыларды немесе білдек қысқышын
пайдаланыңыз. Бұлар қолмен ұстағаннан
берік болады.
· Айналып тұрған ара төсемін бүйірінен қысым
қолдану арқылы тоқтатпаңыз.
· Әр реттеу, күтім көрсету немесе жөндеу
әрекетінен бұрын желілік ашаны суырып
алыңыз немесе алмалы-салмалы
аккумуляторды шығарыңыз.
· Құрылғы пайдаланылмайтын кезде, желілік
ашаны суырып алыңыз немесе алмалы-
салмалы аккумуляторды шығарыңыз.
Кескіш құрал тоқтап тұрған кезде де
кесілу қаупі бар!
· Кескіш құралдарды алмастырған кезде
қолғап киіп жүріңіз.
· Ара төсемдерін ешкім жарақат алмайтындай
сақтаңыз.
Ара бастиегінің кері соққысынан
қауіпті жағдай (ара бастиегі дайындамаға
әсер етіп, ара бастиегі кенет секіріп
қалады)!
· Кесілетін дайындама үшін жарамды ара
төсемін таңдаңыз.
· Тұтқаны мықтап ұстаңыз. Ара төсемі
дайындамаға түскен мезетте кері соққы қаупі
аса жоғары болады.
· Жұқа немесе жұқа қабырғалы
дайындамаларды аралау үшін тек ықшам
тісті ара төсемдерін пайдаланыңыз.
· Әрдайым өткір ара төсемдерін
пайдаланыңыз. Дөкір ара төсемдерін дереу
алмастырыңыз. Дөкір ара тісі
дайындаманың бетіне кірген кезде, кері
соққы қаупі аса жоғары болады.
· Дайындамаларды қисайтпаңыз.
· Күдіктенген жағдайда дайындамаларда
бөгде заттарды (мысалы, шегелер не
бұрандаларды) іздеңіз.
· Бірнеше дайындаманы ешқашан бір уақытта
араламаңыз – сонымен қатар бірнеше жеке
бұйымдардан тұратын орамдарды. Бөлек
бұйымдар ара төсемімен бақылаусыз
ұсталуы мүмкін.
· Ойықтар жасаған кезде ара төсеміне
бүйіріне қысым қолданбаңыз – қысқыш
құрылғыны пайдаланыңыз.
Тартылу қаупі бар!
· Жұмыс барысында дене мүшелері немесе
киім айналып тұрған құрамдас бөліктеріне
түсіп қалмауын және тартылмауын
қадағалаңыз (ешқандай галстуктарды,
ешқандай қолғаптарды, ешқандай ұзын
жеңді киімді кимеңіз; шаш ұзын болса,
міндетті түрде шашқа арналған торды
пайдалану керек).
116
· Арқандары, баулары, таспалары, кабельдері
немесе сымдары бар немесе мұндай
материалдарды қамтитын дайындамаларды
ешқашан араламаңыз.
Жеке қорғаныс жабдығының
жеткіліксіз болуынан қауіпті жағдай
туындайды!
· Құлақ қорғанысын киіп жүріңіз.
· Көзілдірік киіп жүріңіз.
· Шаңнан қорғайтын масканы киіп жүріңіз.
· Жарамды жұмыс киімін киіп жүріңіз.
· Сырғымайтын аяқ киім киіп жүріңіз.
· Ара төсемдерімен және өңделмеген
құралдармен жұмыс істеген кезде қолғап
киіп жүріңіз. Ара төсемдерін арнайы
контейнерде тасымалдаңыз.
Сүрек шаңынан қауіпті жағдай
туындайды!
· Тек сорғыш құрылғымен жұмыс істеңіз.
Сорғыш құрылғы 16. бөлімінде келтірілген
мәндерге сәйкес келуі тиіс.
Шаң жүктемесін азайту:
· Осы аспаппен жұмыс істеу барысында пайда
болатын бөліктер обыр, аллергиялық
реакциялар, тыныс жолдарының
сырқаттануын, туа біткен ауру немесе басқа
да жыныстық мүшелердің зақымдарын
тудыра алатын материалдарды қамтуы
мүмкін. Мұндай материалдардың
мысалдары: қорғасын (қорғасын қамтитын
бояуларда), ағашты өңдеуге арналған
қоспалар (хромат, сүректі қорғайтын
құралдар), белгілі бір ағаш түрлері (мысалы,
емен немесе шамшат шаңы).
· Тәуекел пайдаланушыға немесе айналадағы
тұлғаларға тиетін жүктеме әсерінің
ұзақтығына тәуелді болып келеді.
· Бөліктердің денеге енуін болдырмаңыз.
· Мұндай материалдардың жүктемесін азайту
үшін: жұмыс орнында жеткілікті желдетуді
қамтамасыз етіңіз және өте ұсақ бөліктерді
сүзуге қабілетті респираторлар сияқты
арнайы қорғаныс жабдығын тағыңыз.
· Материалыңыз, қызметкерлер, жұмыс
жағдайы мен жұмыс орны бойынша
қолданылатын директиваларды сақтаңыз
(мысалы, еңбекті қорғау ережелері, кәдеге
жарату).
· Пайда болатын бөліктерді дәл сол жерде
жинаңыз, қоршаған ортаға түсуіне жол
бермеңіз.
· Жеткізілім жиынтығындағы шаң жинағыш
құрылғыны және арнайы шаңсорғышты
пайдаланыңыз. Осылайша қоршаған ортаға
бақылаусыз түсетін бөліктердің мөлшері
азайтылады.
· Шаң жүктемесін азайту үшін:
– пайда болатын бөліктерді және аспаптың
ауа ағынын өзіңізге, айналаңыздағы
адамдарға немесе жатқан шаңға
бағыттамаңыз,
– сорғыш қондырғыны және/немесе ауа
тазалағышты қолданыңыз,
– жұмыс орнын жақсылап желдетіңіз немесе
сору арқылы таза күйде ұстаңыз. Қалықтап
жатқан шаңды сыпырыңыз немесе үрлеп
шығарыңыз.
– Қорғаныш киімді жуыңыз немесе шаңын
сорыңыз. Үрлеуге, қағуға немесе
қылшақпен тазалауға болмайды.
Техникалық модификациялар
жасаудан немесе өндіруші тексермеген
және рұқсат етпеген бөліктерді
пайдаланудан қауіпті жағдай туындайды
· Бұл құрылғыны тура осы нұсқаулыққа сәйкес
монтаждаңыз.
· Тек өндіруші мақұлдаған бөліктерді
қолданыңыз. Бұларға мыналар жатады:
– Ара төсемдері (тапсырыс нөмірлерін 12.
«Керек-жарақтар» бөлімінен қараңыз).
– Сақтандырғыш құрылғылар.
– Кескіш лазер.
– Кесу аймағындағы жарықтандыру.
· Бөліктерге ешқандай өзгерістер енгізбеңіз.
· Ара төсемінде көрсетілген айналу жиілігі кем
дегенде арада көрсетілген айналу жиілігіне
сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыдағы кемшіліктерден қауіпті
жағдай туындайды!
· Құрылғыны әр пайдаланбас бұрын
зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз:
құрылғыны ары қарай пайдаланбас бұрын
сақтандырғыш құрылғылар, қорғаныс
құрылғылары немесе сәл зақымдалған
бөліктердің ақаусыз және тиісінше жұмыс
істеп тұрғанын зерттеп шығу керек.
Жылжымалы бөліктер ақаусыз жұмыс істеп
тұрғанын және қысылмайтынын тексеріңіз.
Құрылғыны ақаусыз жұмысына кепіл беру
үшін, бүкіл бөліктер тиісінше монтаждалуы
және барлық талаптарды орындауы тиіс.
· Зақымдалған немесе деформацияға
ұшыраған ара төсемдерін пайдаланбаңыз.
Шуылдан қауіпті жағдай туындайды!
· Құлақ қорғанысын киіп жүріңіз.
Дайындамалардың немесе
дайындама бөліктерінің бұғатталуынан
қауіп бар!
Бұғатталу орын алған жағдайда:
1. Құрылғыны өшіріңіз,
2. Желілік ашаны суырып алыңыз немесе
алмалы-салмалы аккумуляторды
шығарыңыз,
3. Қолғап киіңіз,
4. Бұғатталған жерді арнайы құралмен
босатыңыз.
4.2 Аккумуляторлық аспаптарға
арналған қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқаулар:
Қандай да бір реттеу, қайта жабдықтау,
техникалық қызмет көрсету немесе тазалау
әрекетін орындамас бұрын аккумуляторды
аспаптан шығарып алыңыз.
Аккумуляторларды ылғалдан қорғаңыз!
Аккумуляторларды өртке тастамаңыз!
Ақаулы немесе деформацияланған
аккумуляторларды пайдаланбаңыз!
Аккумуляторларды ашпаңыз!
Аккумуляторлардың контактілеріне қол
тигізбеңіз немесе оларды қысқа тұйықтамаңыз!
Ақаулы литий-иондық
аккумуляторлардан сәл қышқылды,
жанғыш сұйықтық шығуы мүмкін!
Аккумулятор сұйықтығы шығып, теріге
тиген жағдайда, оны дереу судың
жеткілікті мөлшерімен шайып шығыңыз.
Аккумулятор сұйықтығы көзге тиген жағдайда,
оны таза сумен жуып шығыңыз да, дереу
медициналық жәрдемге жүгініңіз!
4.3 Құрылғыдағы белгілер (үлгіге
байланысты)
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
Ара төсеміне қол сұқпаңыз.
Қорғаныш көзілдірік пен құлақ
қорғанысын тағыңыз.
Құрылғыны ылғалды немесе сулы
ортада пайдалануға болмайды.