3.0 ОРНАТУ
3.1
ЖҰМЫСТЫ ЖОСПАРЛАУ: Жұмысқа кірісуден бұрын құлаудан қорғау жүйесін пайдалануға қатысты жоспар
құрыңыз. Құлаудан бұрын, құлаған жағдайда және одан кейін қауіпсіздігіңізге әсерін тигізуі мүмкін барлық
факторларды ескеріңіз. 1-бөлімде берілген барлық талаптар мен шектеулерді ескеріңіз.
3.2
ДЕНЕ САЛМАҒЫН ІЛУ БЕКІТПЕСІ: Шектегіш/жұмыс күйін бекітетін ілгіш бауды денені толығымен ілетін белдік
немесе дене бауымен бірге пайдаланыңыз. Шектегіш ілмекті пайдаланар кезде ілгіш бауды сақтандырғыш
белдік немесе баудағы тиісті тіркеме элементіне (D тәрізді сақина) жалғаңыз (8-суретті қараңыз). Ілмекті өзге
жағдайларда пайдалану мен ұсынылған бекіту нүктелері туралы білу үшін сақтандырғыш белдік немесе баумен
бірге берілген қараңыз.
4.0 ПАЙДАЛАНУ
;
ілгіш бауларды (ілгіш бауларды) алғашқы рет немесе сирек пайдаланатын қолданушылар ілгіш бауды
пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықтың басындағы «Қауіпсіздік мәліметімен» танысуы керек.
4.1
ЖҰМЫСШЫ ТАРАПЫНАН ӨТКІЗІЛЕТІН ТЕКСЕРІС: Әр пайдаланудан бұрын ілгіш бауды тексеру және күтім
жасау кітапшасы (2-кесте) бөліміндегі тексеру тізіміне сай тексеріңіз. Егер тексеріс қауіпсіз жағдайдың бар
екенін немесе ілгіш баудың зақымданғанын немесе құлау кезінде пайдаланылғанын анықтаса, ілгіш бауды
пайдалануды доғарып, жойып жіберіңіз.
4.2
ҚҰЛАҒАННАН КЕЙІН: Құлау кезінде ұстап қалу күштері әсер еткен немесе орнату және күтім жасау кітапшасы
(2-кесте) сипатталғандай құлаудан қорғау күштерінің әсіріне сай келетін зақымдану белгілері бар кез келген
ілгіш бауды пайдалануды дереу доғарып, жойып жіберу қажет.
5.0 ТЕКСЕРУ
5.1 ТЕКСЕРІС ЖИІЛІГІ: ілгіш бауды 2-бөлімде берілген аралықтарда тексеріп тұру қажет. Тексеру процедурасы
«Тексеру және күтім жасау кітапшасында» (2-кесте) сипатталған.
;
Жұмыс жасауға қолайсыз жағдайлар (ауа-райы қолайсыз жерлер, ұзақ уақыт пайдалану және т. б.)
тексеріс жиілігін арттыруды талап етуі мүмкін.
5.2
ҚАУІПТІ НЕМЕСЕ ЖАРАМСЫЗ КҮЙІ: Егер тексеріс барысында қауіпті екені немесе зақымданғаны анықталса,
ілгіш бауды пайдалануды дереу доғарып, байқаусызда пайдаланылуына жол бермеу үшін жойып жіберіңіз. Ілгіш
бауларды жөндеу мүмкін емес.
5.3
ӨНІМНІҢ ЖАРАМДЫ МЕРЗІМІ: 3M ілгіш баулардың жарамдылық мерзімі жұмыс шарттарына және күтіміне
тәуелді келеді. Максималды жарамдылық мерзімі экстремалды жағдайларда көп қолданылған баулар үшін 1
жылдан орташа деңгейлі жағдайларда аракідік қолданылған баулар үшін 10 жылға дейін баруы мүмкін. Өнім
тексеріс талаптарына сай болып шықса, оны ең көбі 10 жыл бойы пайдалана беруге болады.
6.0 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ САҚТАУ
;
ілгіш бауларды
Бұл
зарарсыздандырмаңыз. Өзге әдістер
6.1
ТАЗАЛАУ: ілгіш бауларға арналған тазалау процедуралары келесідей:
•
Ілгіш баудың сыртын су және әлсіз сабын ерітіндісімен аракідік тазалап тұрыңыз. Су температурасы 40
°C (104 °F) аспауы тиіс. Ілгіш бауды артық суы ағып кететіндей орналастырыңыз. Химиялық тазалауға
жүгінбеңіз. Үтіктемеңіз. Жапсырмаларды қажетінше тазалаңыз.
•
Сумен шайып, сыртқа іліп, толық кептіріңіз. Ыстық көзімен күштеп кептірмеңіз.
;
Ілгіш бауларды тазалау барысында ағартқыш қосылмаған жуғыш құралды пайдаланыңыз. Бұл
ілгіш бауларды тазалау және құрғату барысында мата жұмсартқышты немесе құрғатқыш сулықтарды
ПАЙДАЛАНБАУ қажет.
6.2
ЖӨНДЕУ: Ілгіш бауларды жөндеу мүмкін емес. Егер ілгіш бау зақымданса немесе құлау кезінде пайдаланылса
немесе тексеріс барысында қауіпті немесе жарамсыз екені анықталса, ілгіш бауды пайдалануды доғарып,
лақтырып тастаңыз.
6.3
САҚТАУ/ТАСЫМАЛДАУ: Ілгіш бауларды салқын, әрі құрғақ және күннің тік сәулесі түспейтін таза ортада
сақтап, тасымалдаңыз. Химиялық булар бар болуы мүмкін жерлерден алшақ ұстаңыз. Қандай да бір ұзақ уақыт
сақтағаннан кейін ілгіш бауды мұқият тексеріңіз.
келесі «тазалау нұсқауларында» сипатталған әдістен басқа әдіспен тазаламаңыз және
ілгіш бауларға
немесе қолданушыға кері әсерін тигізуі мүмкін.
122