Descargar Imprimir esta página

Tupperware U 43 Easyplus Loops Guia De Inicio Rapido página 25

Moldes de silicona

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 7
Tupperware ұсынған пісіруге арналған силикон қалыптары сіздің
көзіңізге өзінің мүмкіндіктерімен және әрленімімен түсетін болады.
Бұл заманауи материалдардан жасалған, пісіруге арналған ең
қолайлы бұйым!
мин. -25°C
a s d f g J H M
макс. 220°C
Қуатты үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау үшін ыдыс-аяқ жуатын машинадағы төмен температуралы
бағдарламаны пайдаланыңыз.
Пісіруге арналған силиконды қалыптар -25° және 220°C аралығындағы
температураға төзімді және оларды тамақты даярлауға, тоңазытқышта тамақ
сақтауға, қысқа толқынды пеште, дәстүрлі тұмшапеште тағам пісіру үшін
қолдануға болады.
Тұмшапеште немесе қысқа толқынды пеште пайдалану
• Бос қалыпты тұмшапештің салқын қаңылтыр табасына немесе қысқа
толқынды пештің табағына қойыңыз.
• Қалыпты майлаудың қажеті жоқ.
• Қоспаны қалыпқа құйып, тегіс етіп жайыңыз және пісіріңіз.
• Пісіруге арналған силикон қалыптарды қысқа толқынды пештен немесе
тұмшапештен аларда аса сақ болыңыз және әрқашан тұтқыштарды
пайдаланыңыз. "Пісіруге арналған силикон қалыптарды" қысқа толқынды
пештен немесе тұмшапештен шығарарда сақтық сақтаңыз. "Пісіруге
арналған силикон қалыптарды" әрқашан пеш науасымен немесе торымен
бірге алыңыз. Қалыпты әрқашан қолғаппен ұстаңыз.
• Пісірілген нанды алмас бұрын оны төңкерген кезде оңай алынатын етіп,
силиконды қалыптардың шеттерін айналдыра сәл тартыңыз.
• Содан кейін сыртқы немесе астыңғы жағынан басып ішіндегісін сығып
алыңыз.
Тоңазытқышта пайдалану
• Әр түрлі пішімдердегі мұз текшелерін, балмұздақ жасау немесе тағамды
мұздату үшін пайдалануға болады.
• Қалыптың деңгейін дұрыс қою үшін оны қоспаны құймай тұрып жайпақ
табаққа қойыңыз.
Мұздатқышқа салыңыз.
Пайдалану және күтіп ұстау
• Ең алғаш рет пайдаланар алдында, қалыптың ішкі және сыртқы жағын
жылы, сабынды сумен жуып, әбден құрғатып сүртіңіз.
• Әрбір қолданар алдында, қалыптың күйікке қарсы қасиетін арттыру үшін
жуғыш затты пайдаланып, қалыпты қолмен жууды ұсынамыз.
• Ыдыс-аяқ жуатын машинада жууға болады.
• Сақтауға қояр алдында әбден құрғатып сүртіңіз.
• Пісіруге арналған силиконды қалыптарға жеміргіш жуу құралдарын,
жеміргіш жөкелерді, пышақтарды немесе басқа асүйлік өткір құралдарын
тигізбеңіз.
• Пеш үстіне немесе грильге жақын қоймаңыз.
• Силиконды қалыптарды тұмшапештің қабырғалары мен төбесінен кем
дегенде 5 см алысырақ қойыңыз.
• Силиконды қалыптарды әрқашан алдын ала толық қыздырылған
тұмшапешке қойыңыз (суық пешке қоймаңыз).
• Әрдайым тұмшапештің алдын ала бағдарламаланған параметрлері грильді
қолданбайтынына көзіңізді жеткізіңіз.
• Тұмшапештің температурасы пісіруге арналған силиконды қалыптардың
ең жоғарғы температурасынан (220°C) аспайтынын әрдайым қадағалап
отырыңыз. Ашық жалыны бар тұмшапештерді қолданған кезде сақ
болыңыз.
• Шоколад қосылған өнімді әзірлеген кезде 180°C-тан аспайтын
температураны пайдаланыңыз, бұл қалыпқа дақ түсуді азайтады.
• Негізінен дақ тағам күйіп кеткен кезде пайда болады. Алайда, бұл
силиконды материалдың жұмыс сипаттамаларына ешбір әсерін тигізбейді.
• Пісіруге арналған спрейлерді пайдаланбаңыз. Оларды пайдаланған кезде
май силиконды қалыптың бетіне жабысып қалуы мүмкін, және тазалау
қиынға соғады.
• "Пісіруге арналған силикон табақты" пайдаланған кезде өнім кеппей тұрып
оның бетіндегі ешқандай сұйықтыққа қол тигізбеңіз.
Кепілдік
Tupperware
силиконды пісіру формалары құралын қалыпты үй қолданысында
®
пайдаланғанда қандай да бір өндірістік немесе материалдық ақауы пайда
болса, ауыстырылуын қамтамасыз ететін барлық Tupperware өнімдеріне
берілетіндей сапа кепілдігі беріледі. Бұл кепілдік өнімді ұқыпсыз немесе дұрыс
пайдаланбау әсерінен болатын өнімнің зақымдануына қатысты ауыстыру
шараларын қамтымайды.
www.tupperwarebrands.com
Пісіруге арналған силикон қалыптары
KK

Publicidad

loading