Bosch DLE 70 Professional Manual Del Usuario página 151

Ocultar thumbs Ver también para DLE 70 Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 31
OBJ_DOKU-39859-001.fm Page 151 Thursday, August 14, 2014 9:32 AM
Минималдық өлшеу (F суретін қараңыз)
Минималды өлшеу тұрақты негізгі нүктеден ең қысқа
қашықты өлшеуге қызмет етеді. Ол тік және көлденең
қашықтықтарды өлшеуге көмектеседі.
Минималды өлшеулер үшін 4 пернесін дисплейде „MIN"
пайда болғанша баса беріңіз.
Өлшеуді бастау үшін өлшеу 10 түймесін басыңыз.
Дисплейде үздіксіз өлшеу
көрсеткіші пайда болады.
Лазерді керекті нысаннан әрі-бері өткізіп (мысалы, бөлме
енін анықтағанда қарсы тұрған қабырға), өлшеудің негізгі
нүктесі (мысалы, тіреуіш штифттің 15 ұшы) әрдайым бір
қалыпта қалуы керек.
Өлшеу кезінде ағымдық
ұзындық мәні дисплейдің
төменгі жағында көрсетіледі
(„Үздіксіз өлшеу (H суретін
қараңыз)" 151 қараңыз).
Минималдық мән дисплейдің
жоғарғы оң жағында пайда
болады. Ағымдық ұзындық мәні алдыңғы минималды
мәннен төмен болса, онда ол қайта жазылады.
Минималды өлшеуді аяқтау үшін өлшеу 10 түймесін
басыңыз. Өлшеу пернесін қайта басу өлшеуді қайта
бастайды.
Максималдық өлшеу (G суретін қараңыз)
Минималды өлшеу тұрақты негізгі нүктеден ең ұзақ
қашықты өлшеуге қызмет етеді. Ол диагоналды
қашықтықтарды өлшеуге көмектеседі.
Максималдық өлшеулер үшін 4 пернесін дисплейде
„MAX" пайда болғанша баса беріңіз.
Өлшеуді бастау үшін өлшеу 10 түймесін басыңыз.
Дисплейде үздіксіз өлшеу
көрсеткіші пайда болады.
Лазерді керекті нысаннан әрі-бері өткізіп (мысалы
диагоналдарды анықтағанда бөлме бұрышы), өлшеудің
негізгі нүктесі (мысалы, тіреуіш штифттің 15 ұшы)
әрдайым бір қалыпта қалуы керек.
Өлшеу кезінде ағымдық
ұзындық мәні дисплейдің
төменгі жағында көрсетіледі
(„Үздіксіз өлшеу (H суретін
қараңыз)" 151 қараңыз).
Максималды мән дисплейдің
жоғарғы оң жағында пайда
болады. Ағымдық ұзындық мәні алдынғы максималды
мәнден жоғары болса, қайта жазылады.
Максималды өлшеуді бастау үшін өлшеу 10 түймесін
басыңыз. Өлшеу пернесін қайта басу өлшеуді қайта
бастайды.
Үздіксіз өлшеу (H суретін қараңыз)
Үздіксіз өлшеу минималды және максималды өлшеу
функцияларының бөлігі болады.
Үздіксіз өлшеуде өлшеу құралын нысанға жылжытуға
болады, онда өлшеу көлемі шам. әр 0,5 секунд сайын
жаңарады. Мысалы, қабырғадан керекті қашықтыққа
өтуіңіз мүмкін, қашықтықты әрдайым көруге болады.
Bosch Power Tools
Үздіксіз өлшеу үшін 4 пернесін дисплейде „MIN" немесе
„MAX" пайда болатын етіп басыңыз.
Өлшеуді бастау үшін өлшеу 10 түймесін басыңыз.
Өлшеу құралын керекті
қашықтық дисплейдің төменгі
бөлігінде көрсетілгенше
жылжытыңыз.
Үздіксіз өлшеуді аяқтау үшін
өлшеу пернесін 10 басыңыз.
Ағымдық өлшеу мәні төменде
дисплейде көрсетіледі. Өлшеу 10 пернесін қайта басу
үздіксіз өлшеуді қайта бастайды.
Үздіксіз өлшеу 5 минуттан соң автоматты өшеді. Соңғы
өлшеу мәні төменде дисплейде көрсетілгенше қалады.
Жанама ұзындықты өлшеу (I суретін қараңыз)
Жанама ұзындықты өлшеу сәуле жолында кедергі тұруы
немесе нысандық аймақ қайтаратын жер ретінде
қолжетімді болмауы себебінен тікелей өлшенбейтін
қашықтықтарды өлшеуге қызмет етеді. Дұрыс нәтижелер
тек лазер сәулесі мен ізделген қашықтық дәл тік бұрышты
жасағанда ғана жетіледі (Пифагор теоремасы).
Суреттегі мысалда B ұзындығын анықтау керек. Ол үшін A
мен C өлшеу керек. A мен B тік бұрыш жасауы қажет.
Ұзындықты жанама өлшеу үшін 11 пернесін дисплейде
ұзындықты жанама өлшеу
көрсеткіші пайда болғанша
баса беріңіз.
Ұзақтық өлшегішпен A қашықтықты өлшеңіз. A
дистанциясы мен B қашықтығының тік бұрыш жасауына
көз жеткізіңіз. Сосын C қашықтықты өлшеңіз. Екі
өлшеулер арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады.
Өлшеудің негізгі нүктесі (мысалы өлшеу құралының артқы
шеті) екі өлшеуде бір жайда болуына көз жеткізіңіз.
Екінші өлшеу аяқталғанда B
қашықтығы автоматты
есептеледі. Соңғы бөлек өлшеу
мәні дисплейде төменде, B
соңғы нәтижесі жоғарысында
көрсетіледі.
Қабырға ауданын өлшеу (J суретін қараңыз)
Қабырға ауданын өлшеу бірнеше жалпы биіктікті бөлек
аудандардың қосындысын есептеуге қызмет етеді.
Суреттегі мысалда бірнеше биіктігі A бірдей бірақ түрлі
ұзындықты B қабырғаның жалпы ауданы есептеледі.
Қабырға ауданын өлшеу үшін 11 пернесін дисплейде
қабырға ауданын өлшеу
көрсеткіші пайда болғанша
баса беріңіз.
Бөлме биіктігін A ұзындықты өлшегендей өлшеңіз. Өлшеу
мәні жоғарыда және төменде дисплейде көрсетіледі.
Лазер қосулы қалады.
Қaзақша | 151
1 609 92A 0L8 | (14.8.14)

Hide quick links:

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido