Біздің ұсыныс:
– Бұлғауыш:
алдымен 1-қадамда араластырып,
содан кейін 4-қадамды таңдаңыз
– Қаққыш:
4-қадам, 1-қадамда араластырыңыз
– Илегіш:
алдымен 1-қадамда араластырып,
2-қадамда қағыңыз
Ингредиенттермен толтыру
■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш
арқылы өшіріңіз.
■ Ингредиенттерді қақпақтағы құйғыш
арқылы толтырыңыз.
немесе
■ Қақпақты алып тастаңыз.
■ Босату түймесін басып,
айналмалы тұтқаны 2 күйіне
жылжытыңыз.
■ Ингредиенттерді толтырыңыз.
Жұмыстан кейін
■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш
арқылы өшіріңіз.
■ Ашаны розеткадан шығарыңыз.
■ Қақпақты алып тастаңыз.
■ Босату түймесін басып,
айналмалы тұтқаны 2 күйіне
жылжытыңыз.
■ Құралды жетектен шығарыңыз.
■ Ыдысты алып тастаңыз.
■ Барлық бөлшектерді тазалаңыз,
«Тазалау және күту» тарауын оқыңыз.
Асүйлік майдалағыш
W Жарақаттану қаупі бар
Майдалағыш дискінің өткір пышақтары
мен жиектерін ұстамаңыз.
Майдалағыш дискілерге тек бүйірінен
қол тигізіңіз! Асүйлік майдалағышты тек
қана бұйым жетегі тоқтап тұрғанында
және кабелі электр розеткасынан
шығарылғанында енгізіңіз / шығарыңыз.
Құйғыш ішіне қолыңызды салмаңыз.
Назар аударыңыз!
Асүйлік майдалағышты тек толығымен
жинақталған күйінде қолданыңыз. Асүйлік
майдалағышты ешқашан негізгі бұйымға
құрастырмаңыз. Асүйлік майдалағышты
тек құрастырылған жұмыс күйінде
қолданыңыз.
Артық жүктемеден қорғау
F cуреті:
Асүйлік майдалағышқа артқы жүктеме
түсіруден бұйымның ауыр зақымдануын
болдырмау үшін, асүйлік майдалағыштың
жетекші білігінде кертік
(бағдарламаланған бұзылу орны) бар.
Артық жүктеме түскен жағдайда жетекші
білік осы жерден бұзылады. Жетекші білігі
бар жаңа диск ұстағышы қызмет көрсету
орталығында қолжетімді.
Айналмалы кескіш диск –
қалың / жіңішке
жеміс пен көкөністі турауға арналған.
3-қадамда өңдеу.
Айналмалы кескіш дискідегі белгі:
қалың кескіш жағы үшін «1»
жіңішке кескіш жағы үшін «3»
Назар аударыңыз!
Айналмалы кескіш диск қатты ірімшік, нан,
бөлке нан мен шоколадты турауға
арналмаған. Пісірілген, қатты пісірілген
картопты тек суық күйінде тураңыз.
Айналмалы үккіш диск –
үлкен / шағын
көкөніс, жиеміс пен ірімшікті үгуге
арналған, қатты ірімшіктен басқа
(мысалы, пармезан).
2-қадамда немесе 3-қадамда өңдеу.
Айналмалы үккіш дискідегі белгі:
үлкен үккіш жағы үшін «2»
шағын үккіш жағы үшін «4»
Назар аударыңыз!
Айналмалы үккіш диск жаңғақтарды үгуге
арналмаған. Жұмсақ ірімшікті үлкен
жағымен 4-қадамда үгіңіз.
Үйкелме диск – орташа
шикі картоп, қатты ірімшік
(мысалы, пармезан), суытылған шоколад
пен жаңғақтарды үгуге арналған.
4-қадамда өңдеу.
Назар аударыңыз!
Үйкелме диск жұмсақ және тілім ірімшікті
үгуге арналмаған.
kk
Қолдану
219