Descargar Imprimir esta página

Metabo W 750-125 Manual Original página 124

Ocultar thumbs Ver también para W 750-125:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 44
kk
ҚАЗАҚША
5. Шолу
2-бетті қараңыз.
1 M-Quick қыспа гайкасы *
2 Тіреуіш фланец *
3 Шпиндель
4 Шпиндель бекіткішінің түймесі
5 Қосу/өшіруге арналған ауыстырып-қосқыш *
6 Тұтқыш
7 Айналу жиілігін реттеуге арналған реттегіш
дөңгелек *
8 Батырма ауыстырып қосқыш *
9 Қосу құлпы *
10 Қосымша тұтқыш
11 Қорғаныш қалпақ
12 Екі саңылаулы гайка *
13 Екі саңылаулы кілт *
14 Қыспа гайка (кілтсіз) *
15 Қыспа гайканы (кілтсіз) қолмен бұрап
бекітуге/босатуға арналған тұтқа *
16 Қыспа бұранда *
17 Қыспа сақина *
18 Қорғаныш қалпақты бекітуге арналған
иінтірек *
* үлгіге байланысты / жеткізілім жиынтығына
кірмейді
6. Қолданысқа енгізу
Қолданысқа енгізу алдында фирмалық
тақтайшада көрсетілген номиналды кернеу
мен номиналды жиілік ток желіңіздің
деректеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Әрдайым макс. жылыстау тогы 30 мА
құрайтын FI автоматты ажыратқышын
(RCD) алдын ала қосыңыз.
6.1
Қосымша тұтқышты орнату
Орнатылған қосымша тұтқышпен (10) ғана
жұмыс істеңіз! Қосымша тұтқышты
аспаптың сол немесе оң жағына берік бұрап
бекітіңіз.
6.2
Қорғаныш қалпақты орнату
Қауіпсіздік тұрғысынан тек тиісті абразивті
құралға арналған қорғаныш қалпақты
пайдаланыңыз! Сондай-ақ «Керек-жарақтар»
атты 11.-бөлімді қараңыз!
Ажарлауға арналған қорғаныш қалпақ
Ажарлағыш дөңгелектермен, ламельді тіреуіш
ажарлағыш табақшалармен, алмасты кескіш
дөңгелектермен жұмыс істеуге арналған.
W 750-100, W 750-115, W 750-125, W 850-100, W
850-115, W 850-125, WP 850-115, WP 850-125,
WEV 850-115, WEV 850-125, W 900-115, W 1100-
115, W 1100-125:
2-беттегі C суретін қараңыз.
- Қыспа бұранданы (16) қорғаныш қалпақтың
қыспа сақинасы (17) жеткілікті кеңейтілетіндей
етіп босатыңыз.
124
- Қорғаныш қалпақты (11) көрсетілген күйде
орнатыңыз.
- Қорғаныш қалпақты оның жабық бөлігі
пайдаланушыға қарап тұратындай етіп
бұраңыз.
- Қыспа бұранданы (16) мықтап тартыңыз. Берік
орнатылғанын тексеріңіз - қорғаныш қалпақ
(11) айналмауы тиіс.
WP 1100-115, WQ 1100-125, WEQ 1400-125:
2-беттегі D суретін қараңыз.
- Иінтіректі (18) басып тұрыңыз. Қорғаныш
қалпақты (11) көрсетілген күйде орнатыңыз.
- Иінтіректі жіберіп, ол тірелгенше қорғаныш
қалпақты бұраңыз.
- Иінтіректі басып, қорғаныш қалпақты оның
жабық бөлігі пайдаланушыға қарап
тұратындай етіп бұраңыз.
- Берік орнатылғанын тексеріңіз: иінтірек
бекітіліп тұруы және қорғаныш қалпақ
айналмауы тиіс.
7. Ажарлағыш дөңгелекті
орнату
Қайта жабдықтау бойынша барлық
жұмыстардың алдында: желілік ашаны
розеткадан суырыңыз. Аспап қосылып тұруы
және шпиндель қозғалмай тұруы тиіс.
Кескіш дөңгелектермен жұмыс істеу үшін
қауіпсіздік тұрғысынан кескіш дөңгелекке
арналған қорғаныш қалпақты («Керек-
жарақтар» атты 11.-бөлімді қараңыз)
пайдаланыңыз.
7.1
Шпиндельді бекіту
- Шпиндель бекіткішінің түймесін (4) басыңыз
және
шпиндельді (3) бекіткіш түймесі шерту
дыбысымен тірелгенше қолмен бұраңыз.
7.2
Ажарлағыш дөңгелекті орналастыру
2-беттегі A суретін қараңыз.
- Тіреуіш фланецті (2) шпиндельге орнатыңыз.
Фланец шпиндельде айналмаған жағдайда
дұрыс орнатылған деп есептеледі.
Тек W ... -100: тіреуіш фланецті екі саңылаулы
кілттің көмегімен шағын буылтығы (диаметрі
16 мм) жоғары қарап тұратындай шпиндельге
бұрап орнатыңыз.
- Ажарлағыш дөңгелекті тіреуіш фланецке (2)
орналастырыңыз. Ажарлағыш дөңгелек
тіреуіш фланецпен біркелкі жанасуы тиіс.
7.3
M-Quick қыспа гайкасын бекіту/босату
(жабдықталуға байланысты)
M-Quick қыспа гайкасын (1) бекіту:
Қорғаныш қалпақтан кем
дегенде 3,4 мм шамасына
шығып тұратын алмалы-
салмалы құралдарды
пайдаланыңыз.

Publicidad

loading