ЕСКЕРТУ
Тұтанудан жарақат алу қаупі бар! Аспаптағы ұнтақ қалдықтар тұтанып, бақылаусыз оталып қалуы
немесе тозаңға айналуы мүмкін.
▶ Аспапты жүйелі түрде тазалаңыз. Осы құжаттамадағы барлық техникалық қызмет көрсету және
тазалау нұсқауларын орындаңыз.
▶ Төмен сапалы картридждерді пайдалану арқылы аспапты тазалау піспектің қайтару механизмінің
ішіндегі ұнтақ қалдықтар тұтанып, бақыланбайтын оталу не тозаңға айналып қалу мүмкіндігінің
алдын алмайды. Бұл жағдайды Hilti қызмет көрсету орталығында техникалық қызмет көрсету
арқылы болдырмауға болады.
▶ Аспаптың сыртқы жағын сәл суланған шүберекпен жиі тазалаңыз.
6.2
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Зиянды заттектер DX аспаптарындағы кірдің құрамында денсаулыққа зиянды заттар болуы мүмкін.
▶ Тазалау барысында шаң немесе кірді жұтуға болмайды.
▶ Шаң мен кірді ас өнімдерінен алшақ ұстаңыз.
▶ Аспапты тазалағаннан кейін қол жуыңыз.
▶ Аспаптың құрамдас бөлшектерін тазалау немесе майлау үшін ешқашан жағармай қолданбаңыз. Бұл
аспап жұмысындағы ақаулықтарға әкелуі мүмкін. Жарамайтын тазалағыш заттардың қолданылуына
жол бермеу үшін, Hilti спрейін қолданыңыз.
1. Аспаптың барлық сыртқы бөлшектерінде зақымдардың бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп отырыңыз.
2. Барлық басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын жүйелі түрде тексеріп отырыңыз.
3. Аспапты тек ұсынылған картридждер мен ұсынылған қуат реттеуімен қолданыңыз.
◁ Қате картридждер немесе тым жоғары қуат реттеулері аспаптың мерзімнен бұрын бұзылуына
апарып соғуы мүмкін.
6.3
Аспапқа сервистік қызмет көрсетіңіз
▶ Төмендегі жағдайлар орын алғанда аспапқа қызмет көрсету керек:
◁ Қуат тербелістері орын алады.
◁ Картридждің қате оталуы орын алады.
◁ Басқару қолайлылығына әсер етіледі.
◁ Қажетті басу қысымы айтарлықтай төмендейді.
◁ Пистолет тартпасының қарсылығы өседі.
◁ Қуатты реттеу әрекетін орындау қиынға соғады.
◁ Картридж таспасын алып тастау ауырға соғады.
◁ Техникалық қызмет көрсету индикаторы аспапқа қызмет көрсету қажеттілігін көрсетеді.
6.4
Жеке қондыру құралын бөлшектеу
1. Аспапта картридж таспасы немесе бекіту элементінің жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Егер аспапта
картридж таспасы немесе бекіту элементі болса, картридж таспасын қолмен жоғарыға аспаптан
шығарып, бекіту элементін болт бағыттауышынан шығарып алыңыз.
2. Болт бағыттауышын бұрап шығару үшін, болт бағыттауышының бүйірінде орналасқан босату түймесін
басыңыз.
3. Піспектің қайтару механизмін бұрап шығарыңыз.
4. Амортизаторды болт бағыттауышынан бүгіп алу арқылы шығарыңыз. Амортизаторды алыңыз.
5. Піспекті алыңыз.
6.5
Қорапты қондыру құралын бөлшектеу
1. Аспапта картридж таспасы немесе бекіту элементінің жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Егер аспапта
картридж таспасы немесе бекіту элементі болса, картридж таспасын қолмен жоғарыға аспаптан
шығарып, бекіту элементін болт бағыттауышынан шығарып алыңыз.
2. Қорапты бұрап шығару үшін, болт бағыттауышының бүйірінде орналасқан босату түймесін басыңыз.
3. Піспектің қайтару механизмін бұрап шығарыңыз.
4. Қорапты бүгіп алу арқылы амортизаторды тартып шығарыңыз. Амортизаторды алыңыз.
2211871
*2211871*
Printed: 30.05.2018 | Doc-Nr: PUB / 5433084 / 000 / 00
9
10
Қазақ
103