Descargar Imprimir esta página

Bosch GIC 12V-4-23 C Professional Manual Original página 271

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 49
– <Галерея>: осы жерде түсірілген фотосуреттерді шақыруға болады.
Төмен жылжыту (10) немесе жоғары жылжыту (7) түймесі арқылы күндеріңіз
бойынша қажетті файлдарды таңдаңыз.
Таңдалған фотосуреттердің алдын ала көрінісін шақыру үшін оңға жылжыту
түймесін (11) немесе ортаңғы түймені (9) басыңыз.
Таңдалған файлды ашу үшін ортаңғы түймені (9) басыңыз.
– <Экран жарықтығы>: дисплей үшін қажетті жарықтықты реттеп шығыңыз.
– <Түсі>: дисплей үшін түрлі-түсті индикаторды қосыңыз немесе өшіріңіз (өшірулі:
индикатор қара-ақ түсте).
– <Құрылғы реттеулері>
▪ <Күні және уақыты>: файлдарды сақтау үшін күн мен уақытты реттеңіз және
күн мен уақыт пішімін таңдаңыз.
Нұсқау: күн мен уақыт әрі қарай сақталмаса, бұл кіріктірілген түймелі элемент
зарядының таусылғанын білдіреді. Бұл жағдайда өкілетті Bosch қызмет
көрсету орталығына жолығыңыз.
▪ <Тіл>: индикаторда пайдаланылатын тілді таңдаңыз.
▪ <Мынадан кейін өшіру: ...>: ешбір түйме басылмаған кезде тексеру
камерасы автоматты түрде өшірілетін уақыт аралығын таңдаңыз.
– <Құрылғы туралы ақпарат>: осы жерде орнатылған бағдарламалық
жасақтаманың нұсқасы және құқықтық ақпарат сияқты құрылғы туралы ақпарат
орналасқан.
– <Әдепкі реттеулер>: барлық мәзір опцияларын әдепкі күйге қайтаруға болады.
Дәл сол уақытта сақталған барлық файлдар біржолата жойылады.
Жазбаларды сақтау/тасымалдау
Суретке түсіру
Ағымдағы дисплей индикаторын суретке түсіру үшін суретке түсіру түймесін (12)
басыңыз. Фотосуреттер тексеру камерасының ішкі жадында сақталады және
оларды USB Type‑C® арқылы тасымалдауға болады.
Деректерді USB Type-C® интерфейсі арқылы тасымалдау
Деректерді USB Type-C® арқылы тасымалдау үшін тексеру камерасын қосыңыз.
USB Type-C® ұясының (17) қақпағын ашыңыз. USB Type-C® ұясын USB Type-C®
кабелі (18) арқылы дербес компьютерге жалғаңыз.
Дербес компьютеріңізде файл браузерін ашып, диск жетегін Bosch_GIC таңдаңыз.
Сақталған файлдарды тексеру камерасының ішкі жадынан көшіруге, дербес
компьютеріңізге жылжытуға немесе жоюға болады.
Қажетті әрекетті аяқтағаннан кейін диск жетегін әдеттегідей ажыратыңыз.
Bosch Power Tools
Қазақ | 271
1 609 92A 8H6 | (07.03.2023)

Publicidad

loading