Жұмыс Уақытында - Viking ME 545 Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para ME 545:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 111
– шөп жинағыштың зақымданған
жерлерінің жоқтығы жəне дұрыс
орнатылғандығы; зақымданған шөп
жинағышты қолдануға болмайды.
– электр қозғалтқыштың кері шегіну
тежегішінің дұрыс жұмыс істеуі.
Қажет болғанда барлық қажетті
жұмыстарды жасаңыз немесе делдалға
жүгініңіз. VIKING компаниясы VIKING
делдалдарын ұсынады.
«Электр тогына соғылу қаупі»
бөліміндегі ақпаратты есте сақтаңыз
(
4.2).
Ешқашан пышағы дұрыс орнатылмаған
жағдайда электр қозғалтқышты
қоспаңыз. Электр қозғалтқышының
қызып кету қаупі!
4.6 Жұмыс уақытында
Жануарлар немесе құстар,
əсіресе балалар қауіпті
аумақта болғанда, ешбір
жағдайда жұмыс істемеңіз.
Құралдағы орнатылған алмастырып-
қосқыштар мен сақтандырғыш
құрылғыларды алуға немесе қайта
қосуға болмайды. Атап айтқанда,
қозғалтқышты тоқтату тұтқасын
меңгерікке ешқашан бекітпеңіз
(мысалы, байлау арқылы).
Тұтқасы тиісті тұрпатта монтаждалуға
тиіс, құрылымына еш өзгеріс енгізуге
болмайды. Тұтқасы жиналып қойылған
көгалшапқышты ешқашан
қолданбаңыз.
Ешбір жағдайда заттарды меңгерікке
қыстырмаңыз (мысалы, жұмыс киімін).
Ұзартқыш кабель меңгерікке оратылып
қалмауын қадағалаңыз.
454
Жұмысты күндіз немесе жеткілікті
дəрежедегі жасанды жарық болған
жағдайда ғана орындаған жөн.
Қоршаған орта температурасы +5°C-
ден төмен болғанда көгал шаппаңыз.
Құрылғымен жаңбыр, күн күркірегенде
жəне əсіресе найзағай жарқылдағанда
жұмыс істеуге болмайды.
Су жерлерде орнықты
тұрмайтындықтан жазатайым оқиға
қаупі артады.
Жұмыс барысында сырғанап кетпеу
үшін ерекше абай болған жөн.
Мүмкіндігінше құрылғыны дымқыл
жерлерде қолданудың алдын алу керек.
Бұйымды жаңбырдың астына
қалдырмаңыз.
Құрылғыны қосу:
«Қолданысқа енгізу» бөлімінің
нұсқауларын сақтай отырып, шапқышты
абайлап қосыңыз. (
11.)
Аяқтарыңыз кескіш құрал-сайманнан
едəуір қашықтықта болғанын байқап
тұрыңыз.
Қосқан кезде құрылғы тегіс жерде тұруы
тиіс.
Сөндірер алдында жəне қосу
процессінде құрылғы аударулы күйде
болмауы тиіс.
Түсіріп тастауға арналған арналар
қақпақпен немесе шөп жинағышпен
жабылмаған болса, электр
қозғалтқышты қоспаңыз.
Қысқа уақыт аралығында, жиі қосуды,
атап айтсақ қосу түймешігін қайта-қайта
басып «ойнамаған» жөн. Электр
қозғалтқышының қызып кету қаупі!
Еңістерде жұмыс істеу:
Еңіс жерде тек көлденең бағытта
қозғалуға болады, бірақ бойлай
қозғалмаңыз.
Егер пайдаланушы, еңістің бойымен
көгалшапқышпен қозғалған кезде, оны
басқара алмай қалған болса, шапқыш
оны аяқтан жығуы мүмкін.
Егер Сіз қозғалыс бағытын жүріп жатқан
кезде өзгертетін болсаңыз, өте сақ
болыңыз.
Еңіс жерде жұмыс істеген кезде
шапқыштың орнықтылығын байқап
тұрыңыз, өте еңіс жердегі шөпті
шаппаңыз.
Қауіпсіздік түсінігіне орай, құрылғыны
25° (46,6 %) жоғары болатын еңіс жерде
асып қойып жұмыс істеуге болмайды.
Жарақат алу қаупі бар!
25° ылди тіктігі - 46,6 см тік өріне жəне
100 см көлденең ұзындығына сай
келеді.
Жұмыстың басталуы:
Назар аударыңыз – жарақат
алу қаупі!
Ешқашан қолыңызды немесе
аяғыңызды айналатын
бөлшектер аумағына апармаңыз.
Айналмалы пышақты ұстамаңыз.
Лақтырманың тесігінен əрқашан алшақ
тұрыңыз. Жұмыс істеп тұрған
шапқыштан əркез қауіпсіз қашықтықта
тұрыңыз.
0478 121 9909 H - KK

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Me 545 cMe 545 v

Tabla de contenido