3 Шолу
► Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа
қоса төмендегі құжаттарды оқып шығыңыз,
түсініп алыңыз және сақтап қойыңыз:
– STIHL AK аккумуляторының қауіпсіздік
техникасының нұсқаулары
– STIHL AL 101, 300, 500 зарядтағыш
құрылғыларының пайдалану жөніндегі
нұсқаулығы
– STIHL аккумуляторлары және
аккумулятор кіріктірілген өнімдер
бойынша қауіпсіздік техникасының
нұсқаулары: www.stihl.com/safety-data-
sheets
2.2
Мәтіндегі ескертулердің
таңбаламасы
Қауіп
■ Ескерту, ауыр жарақат келтіруі немесе
өлімге себеп болуы мүмкін қауіптілікті
білдіреді.
► Аталған шаралар, күрделі жарақаттан
немесе өлімнен құтылуға көмектеседі.
Сақтандыру
■ Ескерту, ауыр жарақат келтіруі немесе
өлімге себеп болуы мүмкін қауіптілікті
көрсетеді.
► Аталған шаралар, күрделі жарақаттан
немесе өлімнен құтылуға көмектеседі.
Нұсқау
■ Ескерту, мүліктік нұқсан келтіруі мүмкін
қауіптілікті көрсетеді.
► Аталған шаралар, мүлікке нұқсан
келтіруден құтылуға көмектеседі.
2.3
Мәтіндегі нышандар
Бұл нышан осы Пайдалану
нұсқаулығындағы бір тарауға қатысты
болып келеді.
0478-131-9861-B
3
Шолу
3.1
Көгалшапқыш және
аккумулятор
1 Құлыптау түймесі
Құлыптау түймесі шабу жетегінің
берілістерді ауыстыру айырымен бірге
пышақты қосып өшіреді.
2 Бас тұтқа
Бас тұтқа көгалшапқышты ұстап тұру,
бағыттау және тасымалдау үшін
пайдаланылады.
3 Берілістерді ауыстыру айыры
Берілістерді ауыстыру айыры құлыптау
түймесімен бірге пышақты қосып өшіреді.
4 Шөпжинағышты толтыру индикаторы
Шөпжинағышты толтыру индикаторы шөп
жинағыштың толтыру деңгейін көрсетеді.
5 Шөп жинағыш
Шөп жинағыш шабылған шөпті жинайды.
6 Лақтырманың қақпағы
Лақтырманың қақпағы лақтырманың
науасын жабады.
7 Иінтірек
Иінтірек кесік биіктігін реттеу үшін
пайдаланылады.
8 Қалпақ
Қалпақ аккумуляторды және сақтандырғыш
кілтті жабады.
қазақ
297