7 Көгалшапқышты құрастыру
► Жарық диодтары қызыл түспен жанса
немесе жыпылықтаса: ақаулықтарды жою
қажет,
19.1.
Көгалшапқышта немесе аккумуляторда
ақаулық орын алды.
7
Көгалшапқышты
құрастыру
7.1
Бас тұтқаны орнату
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Бұрандаларды (1) кабель ұстағышы (2)
және бас тұтқа оқшаулағышы (3) арқылы
енгізіңіз.
► Кабельді (4) кабель ұстағышына (2)
салыңыз.
► Алдын ала монтаждалған бас тұтқа
оқшаулағыштарының (5) екі жақта да
тиісінше орнатылғанын тексеріп шығыңыз.
► Бас тұтқаны (6) саңылаулар сәйкес
келетіндей ұстағыштарда (7) ұстап
тұрыңыз.
► Бұрандаларды (1) іштен сыртқа қарай
саңылаулар арқылы өткізіңіз.
► Жұлдыз тәрізді тұтқалы гайкаларды (8)
бұрап бекітіңіз және мықтап тартыңыз.
► Кабельді (4) кабель қысқышына (9) енгізіңіз.
► Кабель қысқышын (9) бас тұтқаға (6)
қысыңыз және кабель қысқышының тіреуіш
шетмойындары бас тұтқаның астыңғы
жағындағы саңылауға енгізілетіндей,
тіретіңіз.
Бас тұтқаны (6) қайта орнатуға болмайды.
7.2
Бас тұтқаны жаю және жинау
7.2.1
Бас тұтқаны ашу
► Көгалшапқышты өшіріп, сақтандырғыш
кілтті суырып алыңыз және аккумуляторды
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
0478-131-9861-B
► Бас тұтқаны (1) жайып, бұл ретте
кабельдің (2) қысылмағанын қадағалаңыз.
► Жұлдыз тәрізді тұтқалы гайканы (3) мықтап
тартыңыз.
Бас тұтқа (1) көгалшапқышпен берік
байланыстырылған.
7.2.2
Бас тұтқаны жинау
Бас тұтқаны орын үнемдеп тасымалдау
немесе сақтау үшін жинауға болады.
► Көгалшапқышты өшіріп, сақтандырғыш
кілтті суырып алыңыз және аккумуляторды
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Бас тұтқаны (1) ұстап алып, жұлдыз тәрізді
тұтқалы гайкаларды (2) босатыңыз.
► Бас тұтқаны (1) алға қарай жинаңыз.
қазақ
305