3M Nano-Lok XL Manual De Instrucciones página 139

Ocultar thumbs Ver también para Nano-Lok XL:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 54
3.0 Орнату
3.1
ЖОСПАРЛАУ. Жұмысқа кірісуден бұрын құлаудан қорғау жүйесін пайдалануға қатысты жоспар құрыңыз. Құлаудан бұрын,
құлаған жағдайда және одан кейін қауіпсіздігіңізге әсерін тигізуі мүмкін барлық факторларды ескеріңіз. 2-бөлімде берілген
барлық талаптар мен шектеулерді ескеріңіз.
3.2
АНКЕРЛІК БЕКІТКІШ. 7-суретте әдеттегі ӨЖҚ анкерлік қосылымдары көрсетілген. Еркін құлау аралығы және тербеліс
салдарынан құлау қаупі ең төмен болатын бекіту нүктесін таңдаңыз (1-бөлімді қараңыз). 1-бөлімде берілген статикалық
жүктемелерді көтере алатын берік бекіту нүктесін таңдаңыз.
3.3
САҚТАНДЫРУ БЕЛДІГІН БЕКІТУ. Толық сақтандыру белдігі құлаудан тоқтату жүйелерінде пайдалану үшін қажет. ӨЖҚ
сақтандыру арқанындағы ілмекті (A) толық сақтандыру белдігіндегі арқаға арналған артқы D пішіндес бекіту сақинасына (B)
жалғаңыз (8-суретті қараңыз). Сатымен өрмелеген жағдайда, кеудеге арналған алдыңғы D пішіндес сақинаға жалғаған жөн.
Белдікті жалғау нүктелерін пайдалануға қатысты толығырақ мәліметтер алу үшін, белдік өндірушісінің нұсқауларын оқып
шығыңыз.
4.0 ПАЙДАЛАНУ
;
Өздігінен жиналмалы құрылғыларды (ӨЖҚ-лар) алғашқы рет немесе сирек пайдаланатын қолданушылар ӨЖҚ-ны
пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықтың басындағы «Қауіпсіздік мәліметімен» танысуы керек.
4.1
ӘРБІР ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА: Әрбір пайдалану алдында бұл құлаудан қорғау жабдығы жақсы жұмыс күйінде екенін
мұқият тексеру керек. Тозған немесе зақымдалған бөліктер бар-жоғын тексеріңіз. Барлық бұрандамалар бар екеніне және
тартылғанына көз жеткізіңіз. Арқанды сыртқа тарту және баяу жиналуына мүмкіндік беру арқылы сақтандыру арқаны
тиісті түрде жиналатынына көз жеткізіңіз. Жиналуда кез келген кідіріс болса, оны пайдаланудан шығарып, жою керек.
Сақтандыру арқанында кесіктер, үйкелген жерлер, күйіктер, мыжылған жерлер және коррозия бар-жоғын тексеріңіз.
Арқанды қатты тарту арқылы құлыптау әрекетін тексеріңіз. Тексеру мәліметтерін тексеру және техникалық қызмет көрсету
журналында (3-кесте) қараңыз. Егер тексеру барысында қауіпті жағдай анықталса, пайдаланбаңыз.
4.2
ҚҰЛАУДАН КЕЙІН. Құлау кезінде ұстап қалу күштері әсер еткен немесе 3-кестеде сипатталғандай құлаудан қорғау
күштерінің әсеріне сай келетін зақымдану белгілері бар кез келген жабдықты пайдалануды дереу доғарып, жойып жіберу
қажет.
4.3
ДЕНЕ ТІРЕУІ. 3M ӨЖҚ-ын пайдаланғанда толық сақтандыру белдігін тағу керек. Жалпы құлаудан қорғау жүйесін
пайдалану үшін артқы D тәрізді сақинаға қосыңыз. Сатымен өрмелеген жағдайда, кеудеге арналған алдыңғы D пішіндес
сақинаға жалғаған жөн. Белдікті жалғау нүктелерін пайдалануға қатысты толығырақ мәліметтер алу үшін, белдік
өндірушісінің нұсқауларын оқып шығыңыз.
4.4
ҚҰЛАУДЫ ТОҚТАТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОСЫЛЫМДАРЫ. Қосылым орнату үшін ілгекті пайдаланғанда шығып кету орын
алмайтынына көз жеткізіңіз (5-суретті қараңыз). Тіркелетін элементтің үстінде толық жабылмайтын ілмектерді немесе
жалғағыш элементтерді пайдаланбаңыз. Құлыпталмайтын карабиндерді пайдалануға болмайды. Анкерлік бекіткіш 1-бөлімде
көрсетілген анкерлік бекіткіштің күшіне қойылатын талаптарға сай болуы керек. Әрбір жүйенің құрамдас бөлігімен бірге
келген өндіруші нұсқауларын орындаңыз.
4.5
ПАЙДАЛАНУ. Пайдаланбас бұрын, ӨЖҚ-ны 3-кестеде берілген тексеру процедураларына сәйкес тексеріп шығыңыз.
Пайдалану барысында, ӨЖҚ-ны бұған дейін сипатталған үйлесімді анкерге немесе анкерлік бекіту коннекторына жалғаңыз.
Сақтандыру арқанының ұшындағы өздігінен құлыпталатын ілмекті толық сақтандыру белдігіндегі арқаға арналған D
пішіндес бекіту сақинасына жалғаңыз (8-суретті қараңыз). Жалғанған жерлердің өлшемдері, пішіні және беріктігі үйлесімді
болғанына көз жеткізіңіз. Ілгектің толық жабылып, құлыпталғанын тексеріңіз. Бекіткеннен кейін жұмысшы ұсынылған
жұмыс аумағында қалыпты жылдамдықтарда еркін қозғала алады. Жалғау және ажырату операциялары кезінде сақтандыру
арқанын ұзарту немесе қысқарту үшін бау қажет болуы мүмкін. Бау сақтандыру арқанының ӨЖҚ-ға байқаусызда тартылып
жиналуын болдырмау үшін пайдаланылады. Жұмыс істеу ортасы мен жағдайларына байланысты жабдыққа немесе
құрылғыға кедергі келтіруіне немесе байланып қалуына жол бермеу үшін, баудың ұшын салбыратып қоймай, жинау қажет.
4.6
КӨЛДЕНЕҢ ЖҮЙЕЛЕР. ӨЖҚ көлденең жүйемен (яғни, көлденең сақтандыру арқаны, көлденең анкерлік жүйенің арқалық
арбашықтары) бірге пайдаланылатын қолдану жағдайларында ӨЖҚ және көлденең жүйе құрамдастары үйлесімді болуы
керек. Көлденең жүйелерді білікті инженердің қадағалауымен жобалау және орнату керек. Мәліметтерді алу үшін көлденең
жүйе жабдығы өндірушісінің нұсқауларын қараңыз.
;
4-суреттегі құлау аралығының мәндері қатты, тұрақты анкерлік нүктеге бекітуге негізделген және көлденең
сақтандыру арқаны (HLL) жүйесіне бекітуге қолданылмайды. Қажетті құлау аралықтарын анықтау үшін HLL пайдалану
нұсқаулығын қараңыз және HLL орнатушысынан кеңес алыңыз.
5.0 Тексеру
5.1
ТЕКСЕРУ ЖИІЛІГІ. Өздігінен жиналмалы құрылғы 2-бөлім бөлімінде көрсетілген аралықтарда тексеріп тұру қажет. Тексеру
процедуралары «Тексеру және техникалық қызмет көрсету журналында» (3-кесте) сипатталған.
;
Жұмыс жасауға қолайсыз жағдайлар (ауа-райы қолайсыз жерлер, ұзақ уақыт пайдалану және т. б.) тексеріс жиілігін
арттыруды талап етуі мүмкін (2-кесте-кестені қараңыз).
5.2
ҚАУІПТІ НЕМЕСЕ ЖАРАМСЫЗ КҮЙІ. Егер тексеру барысында ақаулық немесе қауіпті жағдай анықталса, ӨЖҚ-ны дереу
қолданыстан шығарып, қоқысқа лақтырыңыз (6-бөлім-бөлімді қараңыз).
;
Жабдықты жөндеу жұмыстарын тек 3M немесе 3M компаниясы жазбаша түрде рұқсат берген өкілетті тараптар ғана
орындай алады.
139

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Productos relacionados para 3M Nano-Lok XL

Este manual también es adecuado para:

31038673103877

Tabla de contenido