3M Nano-Lok XL Manual De Instrucciones página 140

Ocultar thumbs Ver también para Nano-Lok XL:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 54
5.3
ӨНІМНІҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ. 3M Өздігінен жиналмалы құрылғыының қызмет ету мерзімі жұмыс жағдайлары
және техникалық қызмет көрсету бойынша анықталады. Өнім тексеріс талаптарына сай болып шықса, оны (өнімнің ең көп
жарамдылық мерзімі бойы) пайдалана беруге болады. Текстилдік тоқыма сақтандыру арқандарының ең көп өнім мерзімі
өндіру күнінен бастап 10 жылды құрайды.
6.0 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ және САҚТАУ
6.1
ТАЗАЛАУ. ӨЖҚ-ны тазалау процедуралары келесідей:
ӨЖҚ сыртын сулы және кішкене сабындалған сұйықтықпен аракідік тазалап тұрыңыз. ӨЖҚ-ны артық суы ағып
кететіндей орналастырыңыз. Жапсырмаларды қажетінше тазалаңыз.
Сақтандыру арқанын сумен және кішкене сабындалған сұйықтықпен тазалаңыз. Сумен шайып, сыртқа іліп, толық
кептіріңіз. Жылудың көмегімен күштеп кептіруге болмайды. Арқанның қорапқа кері жиналуына жол беруден бұрын
оны құрғату қажет. Балшықтың, бояудың және т.б. шамадан тыс жиналып қалуы қорабына толықтай кері жиналуына
кедергі жасауы мүмкін, бұл өз кезегінде арқанның еркін құлау кезінде қауіпті болуына әкеледі.
6.2
ЖӨНДЕУ. ӨЖҚ-ларды жөндеу мүмкін емес. Егер ӨЖҚ-ға құлау күші қолданылса немесе тексеріс барысында қауіпті не
ақаулы күйі анықталса, ӨЖҚ-ны дереу қолданыстан шығарып, қоқысқа тастаңыз (Қоқысқа тастау бөлімін қараңыз).
6.3
САҚТАУ/ТАСЫМАЛДАУ. ӨЖҚ-ларды салқын, әрі құрғақ және күннің сәулесі тікелей түспейтін таза жерде сақтап,
тасымалдаңыз. Химиялық заттардың буы бар болуы мүмкін жерлерден алыс ұстаңыз. Ұзақ уақыт сақталғаннан кейін, ӨЖҚ-
ны мұқият тексеріңіз.
6.4
ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ. Құлауды тоқтату күштері әсер етсе, я болмаса тексеру нәтижесінде қауіпті немесе ақаулы жағдай
анықталса, ӨЖҚ-ны қоқысқа тастаңыз. ӨЖҚ-ны қоқысқа тастамас бұрын, кездейсоқ қайта пайдалану ықтималдығын
болдырмау үшін, сақтандыру арқанын екіге кесіңіз немесе ӨЖҚ-ны басқа мақсатта пайдаланбайтындай етіп жойыңыз.
;
Осы өнімді қоқысқа тастамас бұрын, барлық тіркелген RFID белгілерін алып тастаңыз. RFID белгілері 7-бөлімде
сипатталған шектеулерге сәйкес жойылуы керек.
7.0 RFID белгісі
7.1
ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ. Осы пайдаланушы нұсқаулығында берілген 3M өнімі радиожиілікті идентификация (RFID) белгісімен
жабдықталған. Өнімді тексеру нәтижелерін жазып алу үшін, RFID белгілерін RFID сканерімен бірге пайдалануға болады.
RFID белгісінің қай жерде орналасқанын білу үшін, 9-суретті қараңыз.
7.2
ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ. Осы өнімді қоқысқа тастамас бұрын, RFID белгісін алып, жергілікті ережелерге сәйкес қоқысқа
тастаңыз/қайта өңдеуге жіберіңіз. RFID белгісін алу әдісі туралы қосымша ақпарат алу үшін, төмендегі веб-сайт сілтемесін
ашып қараңыз.
Өнімді сұрыпталмаған тұрмыстық қоқыс ретінде тастауға болмайды. Үстінен сызып тасталған қоқыс себетінің
белгісі барлық электрлік және электрондық жабдықтар жергілікті заңнамаға сәйкес арнайы қалдықтарды бөлек
жинау жүйелері арқылы утилизация жасалуы қажет. Толығырақ ақпарат алу үшін, дилеріңізге немесе 3M өкіліне
хабарласыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, веб-сайтымызға кіріңіз: http://www.3M.com/FallProtection/RFID
8.0 Жапсырмалар
14-суретте Өздігінен жиналмалы құрылғылардың жапсырмалары және олардың орындары суреттелген. ӨЖҚ-да барлық
жапсырмалар болуы тиіс. Егер қандай да бір жапсырма жоқ болса немесе дұрыс көрсетілмесе, онда оларды ауыстыру қажет. Әр
жапсырмада төмендегідей мәлімет беріледі:
Идентификациялық жапсырма
A
1) Пайдаланбас бұрын, құрылғыны тексеріп шығыңыз.
B
2) ӨЖҚ-ны қолданар алдында, оның толық құлыпталғанын тексеріңіз.
3) Толық сақтандыру белдігіне тиісті түрде жалғанғанына көз жеткізіңіз.
4) Тек жоғары жақта (төбеде) пайдалануға арналған. Ең көп көтеретін жүктемесі: 140 кг (310 фунт).
5) Жұмыс орнындағы температура ауқымы: -40–60 °C (-40–140 °F)
6) Максималды жүк көтергіштігі: 1 пайдаланушы, жалпы салмағы (оның ішінде құралдар, киімдер, т. б.)
140 кг (310 фунт).
7) Сақтандыру арқанының ӨЖҚ корпусына кері жиналуын әрдайым қадағалап отырыңыз.
8) Осы құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге, өзгертуге немесе бөлшектеуге болмайды.
9) ӨЖҚ-лар салқын, әрі құрғақ және күннің тік сәулесі түспейтін таза ортада сақтап, тасымалдаңыз.
10) Бұл құрылғыны жиектері өткір немесе беті қажайтын жерлердің айналасында пайдаланбаңыз. 1.4
бөлімін қараңыз.
11) Сақтандыру арқанын жиектері өткір немесе беті қажайтын жерлердің айналасында пайдаланбаңыз. 1.4
бөлімін қараңыз.
12) Жапсырмаларды алмаңыз.
140

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Productos relacionados para 3M Nano-Lok XL

Este manual también es adecuado para:

31038673103877

Tabla de contenido