Өлшеу Құралының Дәлдігін Тексеру - Bosch GRL 250 HV Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GRL 250 HV Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 35
Нивелирлеу кезінде күй индикаторы (3) жасыл түспен
жыпылықтап, лазер айналмай жыпылықтайды.
Күй индикаторы (3) үздіксіз жасыл түспен жанып, лазер
үздіксіз жанып тұрғанда, бұл өлшеу құралының
нивелирленгенін білдіреді. Нивелирлеу аяқталғаннан
кейін, өлшеу құралы автоматты түрде ротациялық жұмыс
режимінде іске қосылады.
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін немесе күйді
өзгерткеннен кейін 8 % шамасынан артық қисық тұрса,
ниверлирлеу әрекетін бұдан былай орындау мүмкін
болмайды. Бұл жағдайда ротор тоқтап, лазер
жыпылықтайды да, күй индикаторы (3) үздіксіз қызыл
түспен жанып тұрады.
Өлшеу құралын жаңадан орналастырып, нивелирлеу
орындалғанша күте тұрыңыз. Жаңадан орналастыру
орындалмаса, 2 минуттан кейін лазер, ал 2 сағаттан кейін
өлшеу құралы автоматты түрде өшіп қалады.
Өлшеу құралы нивелирленгеннен кейін жүйелі түрде
көлденең және тік күйді тексереді. Күй өзгергенде,
қосымша нивелирлеу автоматты түрде орындалады. Қате
өлшеу әрекетінің алдын алу үшін, нивелирлеу барысында
ротор тоқтап, лазер жыпылықтайды да, күй
индикаторы (3) жасыл түспен жыпылықтайды.
 Соққы туралы ескерту функциясы
Өлшеу құралында соққы туралы ескерту функциясы бар.
Бұл функция өлшеу құралында күй өзгерістері немесе
тербелу орын алғанда немесе астыңғы бет дірілдеген
жағдайда өзгертілген позицияда нивелирлеуге жол
бермейді және осылайша өлшеу құралының жылжып
кетуінен болатын қателердің алдын алады.
Соққы туралы ескертуді қосу/белсендіру: соққы
туралы ескерту түймесін (2) басыңыз. Соққы туралы
ескерту индикаторы (1) үздіксіз жасыл түспен жанып
тұрады. Соққы туралы ескерту соққы туралы ескерту
функциясын қосқаннан кейін 30 секундтай жұмыс істеп
тұрады.
Соққы туралы ескерту іске қосылды: өлшеу
құралының күйін өзгерткен кезде, нивелирлеу дәлдігінің
диапазонынан асырған немесе қатты діріл тіркелген
жағдайда, соққы туралы ескерту іске қосылады: лазердің
айналуы тоқтап, лазер сәулесі жыпылықтайды да, күй
индикаторы (3) сөнеді және соққы туралы ескерту
индикаторы (1) қызыл түспен жыпылықтайды.
Ағымдағы жұмыс режимі жадқа сақталады.
Соққы туралы ескерту іске қосылған жағдайда, өлшеу
құралындағы соққы туралы ескерту түймесін (2) немесе
қашықтан басқару құралындағы соққы туралы ескертуді
бастапқы күйге қайтару түймесін (22) басыңыз. Соққы
туралы ескерту функциясы қайтадан іске қосылып,
өлшеу құралы жұмысын нивелирлеу әрекетінен
бастайды. Өлшеу құралы нивелирленгеннен кейін (күй
индикаторы (3) үздіксіз жасыл түспен жанып тұрады), ол
сақталған жұмыс режимінде іске қосылады.
Енді лазер сәулесінің позициясын анықтамалық нүктеде
тексеріп, өлшеу құралының биіктігін немесе туралануын
қажетінше түзетіңіз.
Bosch Power Tools
Егер соққы туралы ескерту іске қосылған жағдайда,
функция өлшеу құралындағы соққы туралы ескерту
түймесін (2) немесе қашықтан басқару құралындағы
соққы туралы ескертуді бастапқы күйге қайтару
түймесін (22) басу арқылы қайта іске қосылмаса,
2 минуттан кейін лазер және және 2 сағаттан кейін өлшеу
құралы автоматты түрде өшеді.
Соққы туралы ескерту функциясын өшіру: соққы
туралы ескерту түймесін (2) бір рет немесе соққы туралы
ескерту іске қосылғанда (соққы туралы ескерту
индикаторы (1) қызыл түспен жыпылықтайды) екі рет
басыңыз. Соққы туралы ескерту өшірулі болғанда, соққы
туралы ескерту индикаторы сөнеді.
Нұсқау: қашықтан басқару құралымен соққы туралы
ескерту функциясын қосу немесе өшіру мүмкін емес, тек
іске қосылғаннан кейін қайта іске қосуға болады.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдік әсерлері
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Жерден көтерілген жылудан температуралық әсерлерді
барынша азайту үшін, өлшеу құралын штативте
пайдалануға кеңес беріледі. Оған қоса өлшеу құралын
мүмкіндігінше жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды
ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында
жөндетіңіз.
Көлденең күйдегі нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тиісті және дәл нәтижеге қол жеткізу үшін, берік бетте
қабырғадан 30 м шамасындағы еркін өлшеу
қашықтығында нивелирлеу дәлдігін тексеруге кеңес
беріледі. Осьтердің екеуін де толық өлшеу
процедурасынан өткізіңіз.
– Өлшеу құралын көлденең күйде қабырғадан 30 м
шамасындағы арақашықтықта штативке монтаждаңыз
немесе оны берік әрі тегіс бетке қойыңыз. Өлшеу
құралын қосыңыз.
30 m
– Нивелирлеу аяқталғаннан кейін, лазер сәулесінің
ортасын қабырғада (Ⅰ нүкте) белгілеңіз.
Қазақ | 181
1 609 92A 7AR | (07.02.2022)

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido