All manuals and user guides at all-guides.com
1 Құжаттама бойынша деректер
1.1 Бұл құжаттама туралы
•
Іске қосу алдында осы құжаттаманы оқып шығыңыз. Бұл қауіпсіз жұмыс пен ақаусыз басқару үшін
алғышарт болып табылады.
•
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
•
Пайдалану бойынша нұсқаулықты әрдайым өнімде сақтаңыз және оны басқа тұлғаларға тек осы
нұсқаулықпен бірге тапсырыңыз.
1.2 Шартты белгілердің анықтамасы
1.2.1 Ескерту
Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауіптер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер
белгімен бірге қолданылады:
ҚАУІП! Ауыр жарақаттарға әкелуі немес өмірге қауіп төндіруі мүмкін тікелей қауіпті жағдай-
дың жалпы белгіленуі.
ЕСКЕРТУ! Ауыр жарақаттарға әкелуі немес өмірге қауіп төндіруі мүмкін ықтимал қауіпті
жағдайдың жалпы белгіленуі.
САҚ БОЛЫҢЫЗ! Жеңіл жарақаттарға немесе аспаптың зақымдалуына әкелуі мүмкін
ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.
1.2.2 Таңбалар
Бұл құжаттамада төмендегі белгілер пайдаланылады:
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты оқу қажет
Қауіп туралы жалпы ескерту
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат
1.2.3 Өнімдегі белгілер
Өнімде төмендегі белгілер пайдаланылады:
Соққымен бұрғылау (соғып бұрғылау)
Кескішпен өңдеу
Кескішті орналастыру
II қорғау класы (қос изоляция)
Минут ішіндегі айналымдар
Жүктемесіз номиналды айналу жиілігі
Диаметр
1.2.4 Суреттердегі таңбалар
Осы нұсқаулықтағы суреттер жақсырақ түсінік беру үшін қолжетімді және нақты жабдықтан өзгешеленуі
мүмкін.
Бұл сандар осы нұсқаулықтың басындағы әр суретке сәйкес келеді.
Нөмірлеу әрекеттердің реттілігін бейнелеп білдіреді және мәтіндегі әрекеттер реттілігінің
нөмірленуінен өзгешеленуі мүмкін.
Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты
белгілердің нөмірлеріне сілтейді.
Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады.
219