Descargar Imprimir esta página

STERWINS UP20 Instrucciones De Montaje página 149

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 23
4.5 ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ! ӨНІМДІ СЫРТТА ҒАНА ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ,
ҒИМАРАТ ІШІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТАЛ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
ӨНІМДІ ҒИМАРАТ ІШІНЕ КІРГІЗБЕС БҰРЫН, КЕМІНДЕ ЕКІ
САҒАТҚА СЫРТТА ҚАЛДЫРУ КЕРЕК.
Өнімді іске қосу: 4.1 - 4.4 суреттері
Құралды ҚОСУ үшін ҚОСУ/ӨШІРУ ауыстырып-қосқыш тетігін басып тұрып, қауіпсіз
құлыптау түймесін бас бармағыңызбен басып ұстап тұрыңыз. Ауыстырып-қосқыш тетігі
қосылғаннан кейін, қауіпсіз құлыптау түймесін босатып, жұмысты жалғастыруға болады.
Қауіпсіз құлыптау түймесі кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады. Құралды ӨШІРУ үшін
ҚОСУ/ӨШІРУ ауыстырып-қосқыш тетігін босатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ! ҚОРҒАНЫШ КӨЗІЛДІРІК, БЕРІК
АЯҚ КИІМ МЕН ҰЗЫН ШАЛБАР КИІП ЖҮРІҢІЗ. ШАҢ КӨП
ШЫҒАТЫН ЖҰМЫС КЕЗІНДЕ СҮЗГІЛЕУШІ БЕТ МАСКАСЫН
КИІҢІЗ. ТИІСТІ ҚОЛҒАПТЫ ПАЙДАЛАНУ ДА ҰСЫНЫЛАДЫ.
Кері соққы
Реактивтік күштер шынжыр айналып тұрған кезде кез келген уақытта орын алуы мүмкін.
Реактивтік күштер ауыр жарақаттарға алып келеді. Ағаш кесуге арналған пәрменді күш
кері айналып, операторға бөгет келтіруі мүмкін. Егер айналып тұрған ара шынжыры
бөрене немесе бұта секілді қатты заттармен түйіскенде, бірден және айтарлықтай
баяуласа, тоқтаса немесе қысылып қалса, реактивтік күштер бірден пайда болуы
мүмкін. Бұл реактивтік күштер басқаруды жоғалтуға себеп болуы мүмкін, нәтижесінде
ауыр немесе қазалы жарақаттар алуыңыз мүмкін. Осы реактивтік күштердің себептерін
түсіну тосыннан пайда болған элементтер мен басқаруды жоғалтуға жол бермеуге
ықпал етеді. Тосыннан пайда болған жағдайлар жазатайым оқиғаларға әкеледі.
Айналудан болатын кері соққы шынжырдың қозғалысы кезінде ара шинасының жоғарғы
үстіңгі қыры араланып жатқан затқа тигенде пайда бола алады. Бұл шынжырдың сол
затқа кіріп кетіп, қозғалыстың бірден тоқтауына себеп болуы мүмкін. Шина жоғары
көтеріледі де, өте тез жылдамдықта кері қайтып, пайдаланушыға соғылады. Сызықтық
кері соғу, ағаш тілімнің екі жағынан жабылған кезде, ара шинасының жоғарғы жағында
қозғалатын аралау шынжырын қысып қалғанда пайда болуы мүмкін. Бұл шынжырдың
бірден тоқтауына ықпал етеді. Содан кейін шынжыр кері айналып, араның қарама-
қарсы бағытта қозғалуына әкеліп, араны тікелей кері пайдаланушыға қарай жібереді.
Осы реакциялардың кез келгені араны игере алмаудан болатын әртүрлі ауыр жарақаттар
алуға себеп болады. Араға орнатылған қауіпсіздік құрылғыларына ғана сенім артпаңыз.
Кері соққы реакциясының орын алуына және күшіне көптеген факторлар әсер етеді.
Оларға шынжырдың жылдамдығы, бөрене және ара шынжырының басқа затпен түйісу
кезіндегі жылдамдық, түйісу бұрышы, ара шынжыры күйі мен басқа да факторлар
жатады.
Кері соққыны болдырмау жолы
1) Араны екі қолыңызбен мықтап ұстап
тұрыңыз. Шынжырлы араны жібермеңіз.
2) Шина ұшының орналасу жерін әрдайым
есте ұстаңыз. Ешқашан шинаның ұшын
ешқандай затқа тигізбеңіз. Шина ұшымен
бұталарды кеспеңіз. Ара шынжырына оңай
қыстырылып қалатын кішкентай, қатты
бұтақтарды, кішкентай көлемді өскіндерді
және жас ағаштарды кесу кезінде және
149
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
EN

Publicidad

loading

Productos relacionados para STERWINS UP20

Este manual también es adecuado para:

3276007454208