Descargar Imprimir esta página

STERWINS 150C EPW.4 Manual De Instrucciones página 128

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 19
11. КЕПІЛДІК
STERWINS өнімдері тұтыну нарығының өнімдеріне арналған ең жоғары сапа
стандарттарына сәйкес жасалған. Бұл сату кепілдігі өнімді сатып алған күннен бастап
3 жыл бойы жарамды.
Бұл кепілдік материалдар мен сапаға байланысты барлық ақауларға қолданылады:
жетіспейтін бөлшектер мен элементтерге, сондай-ақ қалыпты пайдалану жағдайында
болатын зақымдарға. Жөндеу және бөлшектерді ауыстыру салдарынан бастапқы
кепілдік кезеңі ұзармайды. Сіз бұл өнімнің сатып алынған күнін растайтын түбіртекті
ұсына алуыңыз керек.
Кепілдікте қамтылмайтын жағдайлар
Өнімді дұрыс пайдаланбаудан туындайтын ақаулықтар немесе оқиғалар осы
кепілдікте қамтылмайды.
Кепілдік сомасы осы өнімнің құнымен шектеледі. Әсіресе, келесі жағдайлар кепілдікке
кірмeйді:
- Бұл өнімді тасымалдау немесе орнату кезінде пайда болатын зақым.
- Бөлшектерді үшінші тарап жөндесе және/немесе ауыстырса.
- Егер құрал дұрыс пайдаланылмаса (құрылғыны шамадан тыс жүктеу немесе
бекітілмеген керек-жарақтарды қолдану).
- Сыртқы факторлар немесе құм, тас сияқты бөгде заттар әсерінен туындаған
зақым.
- Қауіпсіздік техникасы мен пайдалану нұсқауларын сақтамау салдарынан болған
зақым.
- құрал бөлшектелсе немесе ашылса.
- құрал ылғалды ортада (шық, жаңбыр, суға батырылған күйі, т.б.) пайдаланылса
Өнім қалыпты жұмыс жағдайларында және кәсіби емес мақсаттарда пайдаланылуы
тиіс. Сондықтан осы кепілдікке бау-бақшамен айналысатын компаниялар, жергілікті
әкімшілік және жабдықты ақылы немесе ақысыз жалға беретін компаниялар
пайдаланатын өнімдер кірмейді.
Өнімді пайдалану кезінде ақаулықтар туындаған жағдайда, дүкеннің бау-бақшаға
KZ
қатысты менеджеріне хабарласыңыз. Шот-фактураны немесе түбіртекті сақтап
қойыңыз: бұл құжаттар шағым жасаған кезде керек болады.
Сатып алғаныңызға рақмет. Біздің өнімді игілігіңізге пайдаланыңыз. Үнемі
жақсартып отыру үшін бұл өнім туралы сіздің пікіріңізді білу маңызды.
128

Publicidad

loading