Descargar Imprimir esta página

Stihl GHE 105.0 Manual De Instrucciones página 489

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 103
4.3 Киім жəне əбзел
Құрылғымен жұмыс істеу үшін
табаны сырғанамайтын
жабық аяқ киім киіңіз. Жалаң
аяқ немесе сандалдармен жұмыс
істеуге тыйым салынған.
Жұмыс кезінде жəне əсіресе
техникалық қызмет көрсету
жəне құрылғыны тасымалдау
кезінде əрқашан жабық
белбеуі бар қорғаныш былғары қолғап
киіңіз.
Жұмыс істеген кезде қорғаныс
көзілдірігін жəне есту
мүшелерін қорғау құралдарын
киіңіз. Оларды жұмыс
атқарған уақыт бойы киіңіз.
Құрылғымен жұмыс істеген
кезде денеге жабысып
тұратын сəйкес киім киіңіз,
мысалы, жұмыс халатының
орнына комбинезон. Ұсақтағышпен
жұмыс істегенде шəлі тарту, галстук,
əшекейлер тағуға, бос жіберілген
ленталар мен басқа да сыртқа шығып
тұратын киім элементтерін киюге тыйым
салынады.
Аспаппен жұмыс істегенде, жəне де
оған қызмет көрсеткенде ұзын
шаштарды байлап, бас киім (жаулық,
кепка жəне т.б.) астына жасыру қажет.
4.4 Құрылғыны тасымалдау
Құрылғының үшкір жəне ыстық
бөліктерінен жарақат алмау үшін тек
қорғаныш қолғаптармен ғана (
жұмыс істеңіз.
0478 201 9915 C - KK
Электр қозғалтқышы қосулы тұрған
құрылғыны тасымалдамаңыз.
Тасымалдар алдында электр
қозғалтқышты сөндіріңіз, пышақтың
тоқтауын күтіңіз жəне тұтандыру
білтесінің түйіспелі ұштығын суырып
алыңыз.
Құрылғыны тек оның электр
қозғалтқышы суығаннан кейін ғана
тасуға болады.
Құрылғыны тек тиісті түрде орнатылған
суарма шұңғымамен ғана
тасымалдаңыз.
Бос жатқан пышақтар арқылы, дене
зақымдарының келтірілу қаупі бар!
Əсіресе еңкейту кезінде құрылғының
салмағын ескеріңіз.
Сай келетін жүктеу механизмдерін
(жүктеу тұғырнамаларын, жүк көтергіш
қондырғыларды) пайдаланыңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген орындарды пайдалана
отырып, ұсақтағышты сəйкес келетін
құралдармен (баулармен, қайыстармен
жəне т.б.) бекіту керек. (
Құрылғыны тек жүріс жылдамдығымен
тартуға немесе тасуға болады.
Сүйретпеңіз!
Құрылғыны тасымалдау кезінде, атап
айтсақ, жүктеу тұғырнамаларында
жүктің жəне тасымалданатын заттың
қауіпсіздігіне қатысты жергілікті
заңдардың талаптарын орындау қажет.
4.5 Жұмысты бастамас бұрын
Құрылғыны пайдалану жөніндегі
4.3)
нұсқаулықты оқып шыққан адамдар
ғана пайдаланатынына көз жеткізіңіз.
ІЖҚ мен электр қозғалтқышпен
жабдықталған бақ аспаптарын
пайдалану ережелерін сақтаңыз.
Құрылғыны пайдаланар алдында
ақаулы, сондай-ақ тозған жəне бүлінген
бөлшектерді алмастыру қажет.
Құрылғыдағы анық емес немесе
зақымдалған қауіп жəне ескерту
белгілерін жаңартыңыз. Өз
қалаңыздағы STIHL делдалында
қосалқы жапсырмалар мен барлық
басқа қосалқы бөлшектер қолжетімді.
Жарақат алу қаупі бар!
Тозған немесе зақымдалған
бөлшектер (мысалы, өтпей
қалған пышақтар) құрылғының
қауіпсіздігіне кері əсер етуі жəне
пайдаланушының
жарақаттануына алып келуі
мүмкін.
Қолданысқа енгізер алдында
төмендегілерді тексеру жəне
қамтамасыз ету қажет:
– Құрылғының қауіпсіз жұмыс жүргізуге
12.3)
жарамдылығын. Бұл қаптамалар мен
сақтандырғыш құрылғылардың өз
орындарында орналасуын жəне
мінсіз күйде екендігін білдіреді.
– Ток көзіне жалғау үшін талаптарға
сəйкес орнатылған розетка
қолданылады.
– Жалғағыш жəне ұзартқыш
сымдардың оқшаулағышының,
штекердің жəне жалғастырғыштың
мінсіз күйде екендігін.
487

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

6007