– Жалпы құрылғыда (электр
қозғалтқышының корпусы, қорғаныш
жабдықтар, бекіткіш элементтер,
пышақтар, пышақ білігі, дискілі
пышақтар жəне т.б.) ешқандай
зақымдану жəне тозу белгілерінің
жоқ екендігін.
– Құрылғы ішінде ұсақталатын
материалдың болмауын жəне тиеу
шұңғымасының бос болуын.
– Барлық бұрандалардың,
сомындардың жəне басқа бекіткіш
элементтердің орнында болуын жəне
бұрап тартылғанын. Қолданар
алдында босаған бұрандалар мен
сомындарды бұрап тартыңыз (бұрап
қатыру сəтін қадағалаңыз).
Құрылғыны тек ашық аспан астында,
қабырға мен басқа да қозғалмайтын
объекттерден алшақ жерде
пайдаланыңыз, жарақат алу қаупін
жəне мүлікті зақымдау қауіпін
төмендету үшін (пайдаланушы үшін
жеткіліксіз жұмыс аймағы, шыны
сындыру, автокөлікті сызып алу жəне
т.б.).
Құрылғы тегіс əрі жатық қабатты
орнықты тұруы керек.
Құрылғыны тастар мен қиыршық
тастарға орнатып пайдалануға тыйым
салынған, ұшқындайтын материалдан
жарақат алуы мүмкін.
Əр ретте бастаған кезде құрылғы тиісті
түрде жабылғандығына көз жеткізіңіз.
(
11.3)
Қауіпті жағдайда тез əрекет етуге
арналған ажыратқыштардың
орналасқан жерін есте сақтаңыз.
488
Суарма шұңғыманың, шашырандыдан
қорғайтын панельдері бүтін болуы тиіс
жəне суарма тесікті толықтай жауып
тұруы тиіс, зақымданған
шашыратқышты айырбастау керек.
Жарақат алу қаупі бар!
Құрылғыны тек дұрыс жиналған күйде
пайдалануға болады. Құрылғыдағы жоқ
бөлшектер (мысалы, дөңгелектер)
зақым алу қаупін арттырады жəне
құрылғының орнықтылығын
төмендетеді.
Қолданар алдында құрылғының
дұрыс жиналғандығын көзбен қарап
тексеру қажет!
«Дұрыс жинау» деген сөздің
мағынасына тек құрылғыда барлық
бөлшектердің орнатылуы деп қана
түсінуге болмайды, сонымен қатар
келесі əрекеттерді жасау:
– шұңғыманың жоғарғы бөлігі
төменгісіне орнатылған,
– шұңғыманың жоғарғы бөлігінде
шашырандыдан қорғайтын
панельдер мен STIHL үш жапырақ
түріндегі тесігі бар саптама
орнатылған,
– тиеу шұңғымасы негізгі құрылғыға
орнатылған жəне екі бұрандалы
тығын да тартылған,
– дөңгелек тірегі орнатылған,
– екі дөңгелегі де орнатылған,
– барлық қорғаушы құралдар
(лақтырманың астаушасы,
шашырандыдан қорғайтын
панельдер жəне т.б.) орнатылған
жəне жұмысқа жарамды,
– шапқыш бөлік (дискілі пышақ)
орнатылған,
– барлық пышақтар дұрыс орнатылған.
Құралдағы орнатылған алмастырып-
қосқыштар мен сақтандырғыш
құрылғыларды алуға немесе қайта
қосуға болмайды.
Зақымдар мен майысқан жерлерінің
бар-жоғын тексеру арқылы дискілі
пышақты тексеріңіз жəне қажет
болғанда ауыстырыңыз.
4.6 Жұмыс уақытында
Жануарлар немесе құстар,
əсіресе балалар қауіпті
аумақта болғанда, ешбір
жағдайда жұмыс істемеңіз.
Құрылғымен жаңбыр, күн күркірегенде
жəне əсіресе найзағай жарқылдағанда
жұмыс істеуге болмайды.
Су жерлерде орнықты
тұрмайтындықтан жазатайым оқиға
қаупі артады.
Жұмыс барысында сырғанап кетпеу
үшін ерекше абай болған жөн.
Мүмкіндігінше құрылғыны дымқыл
жерлерде қолданудың алдын алу керек.
Жұмысты күндіз немесе жеткілікті
дəрежедегі жасанды жарық болған
жағдайда ғана орындаған жөн.
Жұмыс барысында жұмыс аймағында
өзге заттар мен батпақ болмау керек.
Сүрініп кетуге болатын барлық
заттарды алып тастаңыз: тастар,
бұтақтар, сымдар жəне т.б.
Пайдаланушының орны ұсақтағышты
орналастырған орыннан жоғары
болмауы тиіс.
0478 201 9915 C - KK