Descargar Imprimir esta página

CORENGTH BENCH 900 Manual De Instrucciones página 36

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 16
Сіз CORENGTH маркасының өнімін таңдадыңыз, бізге сенім артқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.Сіз жаңадан бастаған немесе
жоғарғы дәрежедегі спортшы болсаңыз да, CORENGTH қалыпты бапта болуға немесе өзіңіздің қалпыңызды жақсартуға
көмектеседі.Біздің команда сіздің пайдалануыңыз үшін әрдайым ең күшті өнімдерді жасап шығаруға талпынады.Алайда, егер
сіздің қандай да бір пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз немесе сұрақтарыңыз болса, cізді support.CORENGTH.com. веб-сайтымызда
күтеміз, ол жерден сіз өзіңіздің жаттығуларыңыз туралы кеңестер мен қажет болған жағдайда көмек таба аласыз.
Сізге жаттығу жасауда сәттілік тілейміз және осы DECATHLON өнімі сіздің күткен үміттеріңізді толық ақтайтынына
ТАНЫСТЫРУ
Bench 900 - бұл гантельдің көмегімен іш бұлшықетін нығайтуға және бұлшықетті жаттықтыруға мүмкіндік беретін күштік тренажер.
ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР
МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ ЖӘНЕ БОЛАШАҚТА ҚАЙТА ҚАРАУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ.
Кез келген жаттығу бағдарламасын бастаудың алдында дәрігеріңізбен ақылдасыңыз. Бұл әсіресе 35 жастан асқан адамдар үшін
немесе бұрын денсаулығы нашар болған адамдар үшін өте маңызды.
Өнімнің барлық пайдаланушылары барлық сақтық шаралары туралы дұрыс хабардар болуын қамтамасыз етуге өнім иесі жауапты.
CORENGTH осы өнімді сатып алушы немесе кез келген басқа адамның пайдалануы немесе дұрыс пайдаланбауы салдарынан кез
келген адамға келтірілген жарақатқа немесе мүліктің бүлінуіне байланысты барлық жауапкершіліктен бас тартады.
- Өнім тек үйде қолдануға арналған.
- Өнімді кез келген коммерциялық, жалға беру немесе топтық
мақсаттарда пайдаланбаңыз.
- Пайдаланушы бұйымды құрастырғаннан кейін және әрбір
пайдаланудың алдында құрылғыға тиісті қызмет көрсетуді
қамтамасыз ету үшін жауапты болады.
- Өнімді орнатқаннан кейін және жаттығулар жасаған кезде,
аяғыңызды қорғау мақсатында спорттық аяқ киімді киіңіз.
- Құрылғыға ілініп кетпеуі үшін кең немесе салбырап тұратын
киімдерді кимеңіз.
- Барлық әшекей бұйымдарыңызды алып тастаңыз.
Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін құрылғыны үнемі тексеріп жүріңіз.
Егер сіз жаңадан бастаушы болсаңыз, денеңізді бұлшықет жұмысына дағдыландыру үшін бірнеше апта бойы әртүрлі
жаттығуларды жасап көріңізӘр жаттығудың алдында денеңізді қыздыру және созылу үшін жүрек-қан тамырларына арналған
жаттығулар, салмақсыз жаттығулар жиынтығын немесе еденге жатып жаттығулар жасаңыз.Жаттығулар мен қайталаулар санын
біртіндеп ұлғайтыңызБарлық қозғалыстарды тұрақты түрде, біркелкі орындаңыз.Арқаңызды әрқашан түзу ұстаңыз, қимылдар
жасаған кезде арқаңызды бүкірейтпеуге тырысыңыз.
Зілтемірді жатып көтерген кезде, зілтемір көзіңіздің алдында болуы керек.Жаңадан бастаушылар 10-15 қайталаудан тұратын
серияларды орындағаны жөн, әдетте әр жаттығу үшін төрт сериядан, әр серияның арасында аз уақыт тынығып алғаны дұрыс.
Тынығу уақыттарының ұзақтығын медициналық тексеру кезінде дәрігеріңіз ұсынуы мүмкін.Бұлшықет топтарына жаттығуды
кезекпен жасаңыз.
Барлық бұлшықеттерге күн сайын жаттығу жасамаңыз, жаттығуларыңызды бірнеше күнге бөліп тастаңыз.
КОММЕРЦИЯЛЫҚ КЕПІЛДІК
CORENGTH осы өнімнің құрылымына, егер қалыпты жағдайларда қолданылса, сатып алынған күннен бастап 5 жылға, ал басқа
бөліктері мен қызмет 2 жылға кепілдік береді, ал түбіртектегі күн дәлел болып саналады.
«CORENGTH» компаниясының осы кепілдік бойынша міндеттемесі «CORENGTH» компаниясының қалауы бойынша өнімді
ауыстырумен немесе жөндеумен шектеледі.
Бұл кепілдік келесі жағдайларда қолданылмайды:
- Тасымалдаған кезде келтірілген зақым
- Таза ауада және/немесе ылғалды ортада сақтау (батуттарды қоспағанда)
- Дұрыс құрастырмау
- Дұрыс пайдаланбау немесе тиісті түрде пайдаланбау
- Нашар күтім жасау
- Жөндеуді «CORENGTH» компаниясы уәкілеттік бермеген техниктер жасаған
- Жеке жағдайдан тыс пайдалану
Бұл коммерциялық кепілдік сатып алу елінде қолданылатын заңды кепілдіктерді жоққа шығармайды.
Өніміңіздің кепілдігін пайдалану үшін пайдаланушы нұсқаулығының соңғы бетіндегі кестені қараңыз.
сенеміз.
- Жаттығулар жасаған кезде, кедергі жасамау үшін
шашыңызды жинаңыз.
- Жабдықты тегіс және тұрақты бетке орналастыру керек.
- Басыңыз айналса, жүрегіңіз айныса, кеудеде ауыртпалық
сезімі болса немесе басқа да белгілер пайда болса, дереу
жаттығуды тоқтатып, дәрігерге қаралыңыз.
- Құрылғы айналасындағы бос орын қауіпсіз жұмыс істеуді
қамтамасыз етуі керек.
- Әрбір қолданар алдында, өніміңіздің құлыптаулы екенін
тексеріңіз (сұққыштар қосулы).
36

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Banc 9008766093