қазақ
Сақтандыру
■ Ескерту, ауыр жарақат келтіруі немесе
өлімге себеп болуы мүмкін қауіптілікті
көрсетеді.
► Аталған шаралар, күрделі жарақаттан
немесе өлімнен құтылуға көмектеседі.
Нұсқау
■ Ескерту, мүліктік нұқсан келтіруі мүмкін
қауіптілікті көрсетеді.
► Аталған шаралар, мүлікке нұқсан
келтіруден құтылуға көмектеседі.
2.3
Мәтіндегі нышандар
Бұл нышан осы Пайдалану
нұсқаулығындағы бір тарауға қатысты
болып келеді.
3
Шолу
3.1
Көгалшапқыш және
аккумулятор
1 Құлыптау түймесі
Құлыптау түймесі шабу жетегінің
берілістерді ауыстыру айырымен бірге
пышақтарды қосып өшіреді.
2 Бас тұтқа
Бас тұтқа көгалшапқышты ұстау, бағыттау
және тасымалдау үшін пайдаланылады.
324
3 Берілістерді ауыстыру айыры
Берілістерді ауыстыру айыры құлыптау
түймесімен бірге пышақтарды қосып
өшіреді.
4 Шөп жинағышты толтыру индикаторы
Шөп жинағышты толтыру индикаторы шөп
жинағыштың толтырылу деңгейін
көрсетеді.
5 Лақтырманың қақпағы
Лақтырманың қақпағы лақтырма науасын
жабады.
6 Жұлдыз тәрізді тұтқалы сомын
Жұлдыз тәрізді тұтқалы сомын бас тұтқаны
көгалшапқышқа қысады.
7 Қалпақ
Қалпақ аккумуляторды және қауіпсіздік
кілтін жабады.
8 Иінтірек
Иінтірек кесік биіктігін реттеу үшін
пайдаланылады.
9 Шөп жинағыш
Шөп жинағыш шабылған шөпті жинайды.
10 Тоқтатқыш иінтірек
Тоқтатқыш иінтірек аккумуляторды
аккумулятор бөлімінде ұстап тұрады.
11 Аккумулятор бөлімі
Аккумулятор бөліміне аккумулятор
салынады.
12 Қауіпсіздік кілті
Қауіпсіздік кілті көгалшапқышты іске
қосады.
13 Тасымалдауға арналған ұстағыш
Тасымалдауға арналған ұстағышқа
қосалқы аккумулятор салынады.
14 Аккумулятор
Аккумулятор көгалшапқышты электр
қуатымен жабдықтайды.
15 «BLUETOOTH
®
» жарық диоды (тек
аккумуляторларда)
Жарық диоды Bluetooth® сигналы
интерфейсінің іске қосылғанын және
өшірілгенін көрсетеді.
16 Батырма
Батырма аккумулятордағы жарық
диодтарын іске қосады. Ол Bluetooth®
сигналы интерфейсін (бар болса) қосады
және өшіреді.
17 Жарық диодтары
Жарық диодтары аккумулятор зарядының
деңгейін және ақаулықтарды көрсетеді.
3 Шолу
бар
0478-131-9862-B