Descargar Imprimir esta página

Stihl RMA 253.0 Manual De Instrucciones página 329

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 44
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
4.7
Жұмыс істеу
Сақтандыру
■ Пайдаланушы белгілі бір жағдайларда зейін
қойып жұмыс істей алмауы мүмкін.
Пайдаланушы сүрінуі, құлап қалуы және
ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Жұмысты сабырлы қалыппен, ойыңызды
жинақтап жасаңыз.
► Жарық пен көру мүмкіндіктері
нашарлаған кезде: Көгалшапқышпен
жұмыс жүргізбеңіз.
► Көгалшапқышты бір адам ғана басқаруы
тиіс.
► Кедергілерден абай болыңыз.
► Көгалшапқышты аудармаңыз.
► Жерде тұрған қалпыңызда жұмыс істеңіз
және тепе-теңдікті сақтаңыз.
► Егер шаршау белгілері пайда болса:
Жұмысты тоқтатып, үзіліс жасаңыз.
► Беткейде шөп шабу кезінде: Беткейдің
көлденең бойымен шабыңыз.
► 25°-тан (46,6 %) асатын беткейлерде
жұмыс істеуге болмайды.
■ Айналмалы пышақ пайдаланушының
денесін кесіп кетуі мүмкін. Пайдаланушы
ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Айналып тұрған пышаққа дене
мүшелеріңізді тигізбеңіз.
► Егер пышақ бөтен затпен
бұғатталып қалса:
Көгалшапқышты өшіріңіз,
қауіпсіздік кілтін алыңыз және
батареяны шығарыңыз. Содан
кейін ғана бөтен затты алып
тастаңыз.
■ Жұмыс барысында көгалшапқыштан діріл
туындауы мүмкін.
► Қолғап киіңіз.
► Жұмыс арасында үзіліс жасап отырыңыз.
► Егер қансырау белгілері пайда болса:
Дәрігерге жүгініңіз.
■ Егер жұмыс кезінде пышақ бөтен затқа
тисе, пышақ немесе оның бөліктері
зақымдануы немесе жоғары жылдамдықпен
ұшып шығуы мүмкін. Адамдар жарақат
алуы және мүлікке зиян келтірілуі мүмкін.
► Жұмыс аймағынан бөтен заттарды алып
тастаңыз.
■ Шабуға арналған қосқыштың тұтқасы
босатылған кезде де пышақ және аз уақыт
айналып тұрады. Адамдар ауыр жарақат
алуы мүмкін.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша күтіңіз.
■ Егер айналып тұрған пышақ қатты затқа
соғылса, ұшқын пайда болуы мүмкін.
Ұшқыннан жеңіл тұтанатын ортада өрт
0478-131-9862-B
туындауы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы немесе мерт болуы, сондай-ақ мүлікке
зиян келтірілуі мүмкін.
► Жеңіл тұтанатын ортада жұмыс
жасамаңыз.
■ Егер көгалшапқыш көлбеу жерге қойылса,
абайсызда орнынан жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
► Көгалшапқыштың тұтқасын тек тегіс және
өздігінен жылжып кетпейтін жерде ғана
босатыңыз.
■ Егер рульге қандай да бір заттар бекітілетін
болса, қосымша салмақтың әсерінен
көгалшапқыш аударылуы мүмкін. Адамдар
жарақат алуы және мүлікке зиян келтірілуі
мүмкін.
► Рульге ешқандай заттарды бекітпеңіз.
Қауіп
■ Егер жұмыс ток өтіп тұрған кабельдердің
жанында жүргізілсе, пышақ ток өткізгіш
кабельдерге тиіп, оларды зақымдауы
мүмкін. Пайдаланушы ауыр жарақат алуы
немесе мерт болуы мүмкін.
► Ток өтіп тұрған кабельдердің жанында
жұмыс жасамаңыз.
■ Егер жұмыс күн күркіреуі кезінде жүргізіліп
жатса, пайдаланушыға найзағай түсуі
мүмкін. Пайдаланушы ауыр жарақат алуы
немесе мерт болуы мүмкін.
► Күн күркіреген кезде: Жұмыс істемеңіз.
4.8
Тасымалдау
4.8.1
Көгалшапқыш
Сақтандыру
■ Көгалшапқыш тасымалдау кезінде
төңкерілуі немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және материалдық
зияннан зардап шегуі мүмкін.
► Сақтандырғыш кілтті суырып
алыңыз.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
► Көгалшапқышты ол төңкерілмейтіндей
және қозғалмайтындай қыспа
таспалармен, белдіктермен немесе
тормен бекітіңіз.
қазақ
329

Publicidad

loading