Descargar Imprimir esta página

Sony SU-WB1 Información De Instalación página 325

Ocultar thumbs Ver también para SU-WB1:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 26
Дыбыс панелінің
кронштейні
Қауіпсіздік туралы
Осы өнімді сатып алғаныңыз үшін рақмет.
Тұтынушыларға
Теледидарды немесе СКД мониторды
және Дыбыс панелін қабырғаға
орнату
ЕСКЕРТУ
КӘСІБИ ТҮРДЕ ОРНАТЫЛУЫ КЕРЕК
Қабырға теледидардың немесе СКД
монитордың және дыбыс панелінің
салмағына өзе алатынын анықтай
алатын кәсіпқой орнатушы ғана бұл
өнімді орнатуы керек. Егер орнату
барысында дұрыс бекітілмесе,
теледидар немесе СКД монитор және
дыбыс панелі құлап, ауыр жарақаттауы
мүмкін. Sony компаниясы дұрыс
пайдаланбау, дұрыс орнатпау немесе
көрсетілген өнімнен басқасын
пайдалану салдарынан туындайтын кез
келген зақым немесе жарақат үшін
жауапты болмайды. Заңды құқығыңыз
(қандай да бір) жарамайды.
Sony дилерлері үшін
Осы құрылғыны орнатуға жеткілікті
түрде тәжірибе қажет. Орнату
жұмыстарын қауіпсіз түрде орындау
үшін осы пайдалану нұсқаулығын толық
оқып шығыңыз. Sony дұрыс қолданбау
немесе дұрыс орнатпау салдарынан
болған зақымдарға немесе жарақатқа
жауапты емес. Орнатқаннан кейін
тұтынушыға осы нұсқаулықты беріңіз.
Осы пайдалану нұсқаулығы өнімнің дұрыс
қолданылуын және зақымды болдырмауға
қажетті алдын алу шараларын көрсетеді.
Осы пайдалану нұсқаулығындағы барлық
нұсқауларды оқу, мұқият түсіну және
орындау сіздің жауапкершілігіңізде. Олай
істемеу едәуір адам жарақатына немесе
мүлік зақымына және кепілдіктің күшінің
жойылуына себеп болуы мүмкін. Болашақта
ақпарат алу үшін осы нұсқаулықты
қолжетімді жерде сақтаңыз.
Sony өнімдері қауіпсіздікті ескере отырып
жасалған. Өнімдер дұрыс қолданылмаса,
өрт, ток соғу, өнімнің құлауы немесе оны
лақтыру салдарынан ауыр жарақатқа әкелуі
мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу
үшін алдын алу шараларын қараңыз.
Өнімнің күні мен штрих-кодында штрих-код
таңбасының коды келесі форматта
көрсетіледі: ЖЖЖЖ / ММ, мұнда ЖЖЖЖ
- жыл MM - өндіріс мезгілі.
Өндіруші: Сони Корпорейшн
Өндіруші мекенжайы: 1-7-1 Конан
Минато-ку Токио, 108-0075 Жапония
Қытайда жасалған
Тұтынушыларға
ЕСКЕРТУ
Осы алдын алу шаралары сақталмаса,
өрт, ток соғу немесе құрылғының құлауы
салдарынан ауыр жарақатқа немесе
өлімге әкелуі мүмкін.
Орнату жұмыстарын
лицензиясы бар
мердігерлер жасауы
керек және құрылғыны
орнату кезінде
кішкентай балаларды
алыс ұстаңыз.
Дыбыс панелінің кронштейні, не болмаса
теледидар немесе СКД монитор дұрыс
орнатылмаса, төмендегі жазатайым
оқиғалар орын алуы мүмкін. Лицензиясы
бар мердігерлер орнату жұмыстарын
жүргізе алатындығына көз жеткізіңіз.
 Теледидар немесе СКД монитор және
дыбыс панелі құлап, ауыр жарақаттауы
мүмкін, мысалы денені көгертуі немесе
бір жерді сындыруы мүмкін.
 Қабырғаға орнататын кронштейн және
дыбыс панелінің кронштейні орнатылатын
қабырға тұрақсыз, қисық болса немесе
еденге перпендикуляр болмаса, құрал
құлап, жарақаттауы немесе басқа
заттарды зақымдауы мүмкін. Қабырға
кемінде осындай төрт теледидардың
немесе СКД монитор мен дыбыс панелінің
салмағын көтере алуы керек.
(Салмағын теледидардың немесе дыбыс
панелі бар СКД монитордың пайдалану
нұсқаулығынан қараңыз.)
 Қабырғаға орнататын кронштейн және
дыбыс панелінің кронштейні қабырғаға
мықтап бекітілмесе, жарақаттауы немесе
басқа заттарды зақымдауы мүмкін.
Балалар үшін
 Балаларға теледидар немесе СКД
Монитор үстіне шығуға рұқсат бермеңіз.
 Ұсақ жабдықтарын балалардан аулақ
ұстаңыз, жұтып қоймасын.
Дыбыс панелінің
кронштейнін
тасымалдау немесе
бөлшектеу жұмыстарын
лицензиясы бар
мердігерлер жасауы
керек.
Лицензиясы бар мердігерлерден басқа
адамдар дыбыс панелінің кронштейнін
тасымалдаса немесе бөлшектесе, ол құлап,
жарақатқа немесе мүліктің зақымдануына
әкелуі мүмкін. Дыбыс панелінің кронштейнін
міндетті түрде екі немесе одан көп адам
тасуы немесе бөлшектеуі тиіс.
− 3 (KZ) −
Теледидарды немесе
СКД Мониторды
бекіткеннен кейін
бұрандаларды және т.б.
босатпаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар
немесе СКД Монитор құлауы немесе
мүліктің зақымдануы мүмкін.
Дыбыс панелі
кронштейнінің
бөлшектерін
өзгертпеңіз.
Әйтпесе дыбыс панелінің кронштейні құлап,
жарақаттауы немесе басқа заттарды
зақымдауы мүмкін.
Арнайы құрылғыдан
басқа құралды
бекітпеңіз.
Осы дыбыс панелінің кронштейні
көрсетілген бұйыммен пайдалануға ғана
арналған. Арнайы құрылғыдан бөлек
құралды бекітсеңіз, ол құлап не сынып,
жарақатқа не мүліктің зақымдануына әкелуі
мүмкін.
Дыбыс панелінің
кронштейніне дыбыс
панелінен басқа затты
ілмеңіз.
Дыбыс панелін солға/
оңға, жоғары/төмен
шайқамаңыз.
Дыбыс панелінің үстіне ештеңе қоймаңыз,
себебі дыбыс панелі құлап, жарақаттауы
немесе басқа заттарды зақымдауы мүмкін.
Дыбыс панеліне
сүйенбеңіз немесе
асылып тұрмаңыз.
Дыбыс панеліне сүйенсеңіз немесе асылып
тұрсаңыз, ол үстіңізге құлап, ауыр
жарақаттауы мүмкін.
Дыбыс панелін немесе
дыбыс панелінің
кронштейнін
пайдаланған кезде,
теледидарды немесе
СКД мониторды
бұрмаңыз.
Әйтпесе дыбыс панелінің кронштейні сынуы
мүмкін.
Қателесіп жұтып
қойылмауы үшін
кішкентай керек-
жарақтарды ӘРҚАШАН
балалардың қолы
жетпейтін жерде
сақтаңыз.
KZ

Publicidad

loading