Descargar Imprimir esta página

Stihl RM 248.3 T Manual De Instrucciones página 293

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 40
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
лақтырылуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы мүмкін.
► Зақымдалмаған пышақпен және
зақымдалмаған құрамдас бөлшектермен
жұмыс істеңіз.
► Пышақты тиісінше орнатыңыз.
► Пышақтарды тиісінше қайраңыз.
► Минималды қалыңдығынан немесе
минималды енінен асырылған жағдайда:
пышақты ауыстырыңыз.
► Пышақты STIHL делдалына теңдестіруге
беріңіз.
► Түсініксіз мәселелер болған жағдайда:
STIHL делдалына жолығыңыз.
4.7
Жанармай және отын құю
Сақтандыру
■ Осы көгалшапқыш үшін пайдаланылатын
жанармай – бензин. Бензин жанғыш болып
табылады. Бензин ашық отпен немесе
ыстық заттармен жанасқан жағдайда,
бензин өрт немесе жарылыс қаупін тудыра
алады. Адамдар жарақат алуы не қаза
табуы немесе материалдық зияннан зардап
шегуі мүмкін.
► Бензинді жылу және от көзінен қорғаңыз.
► Бензинді төкпеңіз.
► Бензин төгілген жағдайда: бензинді
шүберекпен сүртіп, қозғалтқышты
көгалшапқыштың барлық бөліктері
кепкеннен кейін ғана іске қосуға
әрекеттеніңіз.
► Шылым шекпеңіз.
► Оттың жанында отын құймаңыз.
► Отын құяр алдында қозғалтқышты
сөндіріңіз және суытыңыз.
► Бакты босату қажет болса: сыртта
орындаңыз.
► Қозғалтқышты отын құю орнынан кемінде
3 м арақашықтықта іске қосыңыз.
► Багында бензин бар көгалшапқышты
ешқашан бөлме ішінде сақтамаңыз.
■ Ішке тартылған бензин буы адамның
улануына әкелуі мүмкін.
► Бензин буын ішке тартпаңыз.
► Жақсы желдетілетін жерде отын
құйыңыз.
■ Жұмыс барысында көгалшапқыш қызады.
Бензин таралып, жанармай багында артық
қысым пайда болуы мүмкін. Жанармай
багының құлпы ашық болған жағдайда,
бензин шашырауы мүмкін. Шашыраған
бензин тұтануы мүмкін. Пайдаланушы ауыр
жарақат алуы мүмкін.
0478-111-9815-B
► Алдымен көгалшапқышты суытыңыз
және содан кейін жанармай багының
құлпын ашыңыз.
■ Бензин тиген киім оңай тұтанады. Адамдар
жарақат алуы не қаза табуы немесе
материалдық зияннан зардап шегуі мүмкін.
► Киімге бензин тиген жағдайда: киім
ауыстырыңыз.
■ Бензин қоршаған ортаға қауіп төндіруі
мүмкін.
► Жанармайды төкпеңіз.
► Бензинді ережелерге сәйкес және
қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен
кәдеге жаратыңыз.
■ Егер бензин теріге немесе көзге тисе, тері
немесе көз тітіркенуі мүмкін.
► Бензиннің тиюіне жол бермеңіз.
► Егер теріге тисе: сұйықтық тиген жерді
сабындап, сумен жақсылап жуыңыз.
► Егер көзге тисе: көзді кемінде 15 минут
ішінде үлкен мөлшердегі сумен шайып,
содан кейін дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
■ Көгалшапқыштың от алдыру қондырғысы
ұшқын шығарады. Ұшқын сыртқа шығуы
және тұтанғыш немесе жарылғыш ортада
өрт және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы не қаза табуы
немесе материалдық зияннан зардап шегуі
мүмкін.
► Қозғалтқыштың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығында сипатталған от алдыру
білтелерін қолданыңыз.
► От алдыру білтесін бұрап кіргізіңіз және
мықтап тартыңыз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
мықтап қысыңыз.
■ Егер көгалшапқыш қозғалтқыш үшін
жарамсыз бензинмен толтырылса,
көгалшапқыш зақымдалуы мүмкін.
► Таза, этилденбеген бензин маркасын
қолданыңыз.
► Қозғалтқыштың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығындағы мәліметтерге назар
аударыңыз.
4.8
Жұмыс істеу
Сақтандыру
■ Егер пайдаланушы қозғалтқышты дұрыс
іске қоспаса, пайдаланушы көгалшапқышты
бақылау мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.
Пайдаланушы ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Қозғалтқышты аталмыш пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта сипатталғандай
іске қосыңыз.
қазақ
293

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Rm 253.3 tRm 248.3Rm 253.3Wb21 011 3400