4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
ажалды жарақат алуы, сондай-ақ мүлікке
залал келтірілуі мүмкін.
► Жеңіл тұтанатын ортада жұмыс
істемеңіз.
■ Егер көгалшапқыш көлбеу жерге қойылса,
абайсызда орнынан жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
► Көгалшапқыштың тұтқасын тек тегіс және
өздігінен жылжып кетпейтін жерде ғана
босатыңыз.
■ Егер бас тұтқаға қандай да бір заттар
бекітілетін болса, қосымша салмақтың
әсерінен көгалшапқыш аударылуы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
► Бас тұтқаға ешқандай заттарды
бекітпеңіз.
Қауіп
■ Егер жұмыс ток өтіп тұрған кабельдердің
жанында жүргізілсе, пышақ ток өткізгіш
кабельдерге тиіп, оларды зақымдауы
мүмкін. Пайдаланушы ауыр немесе қазалы
жарақат алуы мүмкін.
► Ток өтіп тұрған кабельдердің жанында
жұмыс істемеңіз.
■ Егер жұмыс күн күркіреуі кезінде жүргізіліп
жатса, пайдаланушыға найзағай түсуі
мүмкін. Пайдаланушы ауыр немесе қазалы
жарақат алуы мүмкін.
► Күн күркіреген кезде: Жұмыс істемеңіз.
■ Жаңбыр кезінде жұмыс істегенде
пайдаланушы тайып құлауы мүмкін.
Пайдаланушы ауыр немесе қазалы жарақат
алуы мүмкін.
► Жаңбыр жауғанда: Жұмыс істемеңіз.
4.9
Тасымалдау
Сақтандыру
■ Көгалшапқыш тасымалдау кезінде
аударылуы немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша
күтіңіз.
► Оталдыру білтесі сымының
штекерін шығарыңыз.
► Көгалшапқышты төңкерілмейтіндей және
қозғалмайтындай етіп кергіш
0478-111-9815-B
таспалармен, белдіктермен немесе
тормен сәйкес келетін жүк тиеу бетіне
бекітіңіз.
■ Қозғалтқыш жұмыс істеген болса, дыбысты
басқыш пен қозғалтқыш ыстық болуы
мүмкін. Тасымалдау кезінде пайдаланушы
денесін күйдіріп алуы мүмкін.
► Көгалшапқышты итеріп жылжытыңыз.
■ Көгалшапқыштың салмағы ауыр.
Көгалшапқышты жалғыз тасымалдаған
жағдайда пайдаланушы бір жерін
жарақаттап алуы мүмкін.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
► Көгалшапқышты екі адам көтеруі тиіс.
■ Тасымалдау кезінде бензин төгілуі және
қоршаған ортаны ластап, материалдық
шығын келтіруі мүмкін.
► Көгалшапқышты итеріп жылжытыңыз.
► Құрылғыны бензині жоқ күйде
тасымалдаңыз.
4.10
Сақтау
Сақтандыру
■ Балалар көгалшапқыш тәуекелдерін
анықтай алмауы және бағалай алмауы
мүмкін. Балалар ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Көгалшапқышты балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
■ Металл компоненттерді ылғал әсерінен тот
басуы мүмкін. Көгалшапқыш зақымдалуы
мүмкін.
► Көгалшапқышты таза және құрғақ күйінде
ұстаңыз.
■ Көгалшапқыш құлама беттерге сақтауға
қойылған жағдайда, ол кенет домалап кетуі
мүмкін. Адамдар жарақат алуы және
материалдық зияннан зардап шегуі мүмкін.
► Көгалшапқышты тек тегіс беттерге
сақтауға қойыңыз.
4.11
Тазалау, техникалық қызмет
көрсету және жөндеу
Сақтандыру
■ Тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу барысында қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрса, адамдар ауыр жарақат
алуы немесе материалдық зиян келтірілуі
мүмкін.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша
күтіңіз.
қазақ
295