9 Лақтырма қақпағының бекіткіші
10 Лақтырманың қақпағы
11 Дөңгелек ашасы
12 Алдыңғы дөңгелек
13 Алдыңғы дөңгелекті реттеу
элементі (=алдыңғы дөңгелектің
кесу биіктігін орнату)
14 От алдыру білтесі сымының штекері
15 Іштен жанатын қозғалтқыш
16 Артқы дөңгелектің кесу биіктігін
орнату
17 Қозғалғыш механизм жетегінің
тұтқасы
4. Қауіпсіздік шаралары
4.1 Жалпы ережелер
Аспаппен жұмыс істегенде
қауіпсіздік техникасын қатаң
ұстаныңыз.
Алғаш рет қолданар алдында
пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулықты толығымен
оқуыңыз керек. Пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты тағы да қолдану
мақсатында сақтап қойыңыз.
Іштен жанатын қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі жеке дара
нұсқаулықтан Сіз таба алатын
пайдалану жəне қызмет көрсету
жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын
сақтаңыз.
Қауіпсіздік мақсатында мына қауіпсіздік
шараларын ұстанған жөн жəне де
нұсқаулықта ескерілмеген басқа да
ережелерді ұстану керек. Құрылғыны
үнемі ақылмен жəне жауапкершілікпен
пайдаланыңыз жəне де пайдаланушы
0478 111 9933 A - KK
басқа тұлғаларға зақым тигізгені үшін
жəне мүлікті бүлдіргені үшін жауапты
екенін ұмытпаңыз.
Басқару тұтқышымен жəне құрылғыны
пайдалану ережелерімен танысыңыз.
Ұсатқышты тек пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқыған жəне аспапты
пайдалана алатын тұлғаларға ғана
пайдалануға болады. Алғаш рет
қолданар алдында пайдаланушы
тəжірибелі маманға жүгіну керек.
Сатушы мен басқа маман
пайдаланушыға құрылғыны қауіпсіз
пайдалану ережелерін айтуы тиіс.
Нұсқау берген кезде пайдаланушыға
құрылғымен жұмыс істеген кезде
барынша абай болып, зейін қоя отырып
жұмыс істеу керек екенін түсіндірген
жөн.
Тұншығудан өлім қаупі бар!
Орауыш материалмен
ойнағаннан балаларға тұншығу
қаупі төнуі мүмкін. Орауыш
материалды балалардан алшақ
ұстаңыз.
Құрылғыны барлық құралдарымен тек
осы үлгімен таныс жəне онымен жұмыс
істей алатын тұлғаларға ғана беруге
рұқсат етіледі. Пайдалану жөніндегі
нұсқаулық құрылғының ажырамас бөлігі
болып табылады жəне жаңа
пайдаланушыға құрылғымен бірге
берілуге тиіс.
Құрылғымен тек физикалық жəне
психологиялық жағдайы жақсы
болғанда ғана жұмыс істеу керек.
Денсаулығыңыз нашар болған
жағдайда ұсақтағышпен жұмыс істеуге
рұқсат алу үшін дəрігерге жолығыңыз.
Қимылыңызды нашарлататын
дəрілердің немесе алкоголь
ішімдіктерінің əсері барда құрылғымен
жұмыс істеуге тыйым салынады.
Балалар, дене, сезу не ақыл-ой
қабілеттері шектеулі немесе тəжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдарға немесе
нұсқаулармен таныс емес адамдарға
құрылғыны пайдалануға тыйым
салынады.
Балалар мен 16 жасқа толмаған
жасөспірімдерге құрылғыны
пайдалануға рұқсат бермеңіз. Жергілікті
заңнама пайдаланушының ең төмен
жасын белгілеуі мүмкін.
Назар аударыңыз – жазатайым
оқиғаның қаупі бар!
Көгалшапқыш тек көгалды шабуға ғана
арналған. Оны басқа мақсатпен
қолдануға болмайды, себебі бұл адам
үшін қауіпті жəне жабдық үшін зиянды
болуы мүмкін.
Пайдаланушының денсаулығына қауіп
төнетіндігіне байланысты
көгалшапқышты келесі жұмыстар үшін
қолдануға болмайды (тізбесі толық
емес):
– бұталарды, тірі қоршамдарды, тал-
шілікті кесу үшін,
– шырмалағыш өсімдіктерді бұтау
үшін,
– үй төбесіндегі жəне балкон
жəшіктеріндегі гүлзарды күту үшін,
– ағаштар мен бұта кесуді ұсақтау
жəне бұтау үшін,
– жаяу жүргінші жолдарын тазарту
үшін (шаңсорғыш арқылы немесе
үрлеу əдісімен),
– топырақтың кедір-бұдыр жерлерін,
мысалы, ін көртышқанының қазған
жерлерін тегістеу.
489